Версия для слабовидящих әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті        Казахский  Русский  Английский 
Басты бет
Құрметті қолданушылар! Егер жүйеде қателіктер туындап, сәйкессіздіктер болып жатса және жүйенің жұмысы бойынша сұрақтарыңыз болса мына электрондық поштаға хабарласуыңызға болады: it@kaznu.kz
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Wi-Fi корпоративтік желісіне қосылу кезінде қателіктер шығып жатса, мына электрондық мекен-жайға хабарласыңыз:  wifi-support@kaznu.kz
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корпоративтік поштасына қатысты қателіктер шығып жатса, Teamsқа кіре алмасаңыз мына электрондық мекен-жайға хабарласыңыз: help@kaznu.kz
«Универ» жүйесі және оны құрастырушылар туралы мәлімет

"Универ" жүйесі - көптеген университет қызметкерлерінің жұмыстарын автоматтандыратын, оқу үдерісін басқаратын жүйе. "Универ" жүйесін 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар департаменті Бағдарламалық құралдарды әзірлеу бөлімі әзірлеп шығарды. Бағдарламаны әзірлеу 2009 жылы ақпан айында басталды. Ол кезде "Интранет" жүйесі болатын. Осы жүйе негізінде жаңа "Универ" жүйесі жобаланды. 2009 жылдың тамыз айында бірінші модуль "Қабылдау комиссиясы" шықты. 2009 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап, "Интранет", "Деканат" "Ректорат" жүйелерінің орнына "Универ" жүйесі толықтай жұмыс істей бастады. 2010 жылдың жаз мезгілінің аяғына қарай келесі модульдер әзірленді: "Қабылдау комиссиясы" , "Оқу жоспары", "Студенттердің файлдары ПОӘК", "Үлгерім және сабаққа қатысу журналы", "Пәндерге тіркелу", "Кесте", "Оқу бөлімінің модулі", "Әдістемелік бөлімнің модулі", "Студенттер бөлімінің модулі", "Басшылық модулі" және т.б. 2010 жылдың жаз мезгілінің аяғына қарай жүйеде оқу, жұмыс орнын автоматтандыратын 24 рөлдер жұмыс істеді. Астыңғы жақта "Универ" жүйесіне өмір сыйлаған адамдар тізімі көрсетілген.

Джусупова Гуль Габдуалитовна

Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры. Барлық ынтасымен Гүл Ғабдуалитқызы үлкен департаментті басқарып отыр. Оның арқасында қазіргі кезде "Универ" жүйесі бағдарламалық құралдарды әзірлеу бөлімінің негізгі жобасы болып отыр.

Жапбасбай Бекет Мусаевич

2009 жылдан 2010 жыл аралығында Бағдарламалық құралдарды әзірлеу бөлімін басқарды. "Интранет" "Универ" жүйелерін әзірлеу кезіндегі бөлімді басқарды ("Универ" жүйесінiң негiзiн салушы). Міндеттерін уақытылы орындап, өзін табанды қызметкер ретінде көрсете білді.

Алтайбек Айжан

Бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу бөлiмiнiң жетекші инженер бағдарламашысы. "Ақпараттық жүйелер" бағдарламасы бойынша PhD доктор . "Интранет" жүйесінің авторы. "Интранет" жүйесіне "Универ"жүйесіне мәліметтерді конвертизациялау тобының қатысушысы. "Универ" жүйесін әзірлеу тобының қатысушысы.

Антон Цой

Бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу бөлiмiнiң жетекші инженер бағдарламашысы, "Информатика" кафедрасының докторанты. "Универ" жүйесін әзiрлеу тобының қатысушысы. Ұзақ уақыт жобаға жетекші болды. Әзірлеуге көптеген инновация алып келді. Жүйе дизайнының авторы. Дерекқорды жобалау бойынша топ қатысушысы. 2009 жылдың ақпанынан 2009 жылдың желтоқсанына дейін жоба бойынша жұмыс істеді.

Асанкулова Эльмира

Бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу бөлiмiнiң жетекші инженер бағдарламашысы. 2006 жылдан бастап 2010 жыл аралығындағы бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу бөлiмiнiң қызметкері. "Интранет" және "Универ" жүйелерінің әзірлеу топтарының қатысушысы. "Деканат" және "Студенттер бөлімі" жүйесін әзірледі. Жауапкершілігі мол қызметкер. Есептер бойынша (CrystalReports) жақсы маман, көптеген есептердің авторы. "Универ" жүйесінің бiртұтас сұлба дерекқорларының авторы.

Максимовский Антон

Бағдарламалық құралдарды әзірлеу бөлімінің бас инженер-бағдарламашысы. Механика-математика факультетінің түлегі, "Информатика" мамандығының магистрі. "Қабылдау комиссиясы" модулінің авторы. MSSQL SERVER дерекқорының және ASP.NET MVC. технологиясының маманы. "Универ" жүйесін әзірлеуші, 2009 жылдың ақпанынан 2010 жылдың шілде аралығы. Ескі жүйемен синхронизациялау скрипттерінің авторы. Кейбір бұйрық түрлерін және студенттерге қатысты функционалды әзірлеген.

Жайдарова Александра

Бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу бөлiмiнiң жетекші инженер бағдарламашысы, "Ақпараттық жүйелер" мамандығының магистрі, механика-математика факультетінің түлегі. Өз ісінің маманы, қысқа уақытта кез-келген күрделi мiндеттерді шешуге қабілетті. MSSQL SERVER и веб технология ASP.NET дерекқорлары бойынша маман. Көптеген есептердің, сабаққа қатысу және үлгерім бойынша журналдардың, тізімдемелердің барлық технологиялары мен оқу жоспарларының авторы. "Интранет" және "Деканат" жүйесін әзірлеуде жұмыс жасады.

Май Михаил

Бағдарламалық құралдарды әзірлеу бөлімінің бас инженер-бағдарламашысы. Механика-математика факультетінің түлегі, "Информатика" мамандығының магистрі. Дерекқорды жобалау тобының қатысушысы. "Универ" жүйесін әзірлеуші, 2009 жылдың ақпанынан 2010 жылдың шілде аралығы. 2009 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың шілденің аяғы дейін жоба жетекшісі. "Бұйрықтар", "Кесте" модульдерінің авторы, "Студенттерді тіркеу" модулінің екінші авторы. Көптеген қосымша скрипттердің авторы