Қазақ тілі мен әдебиеті
7M01706
Филология
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты әдебиет пәндерін оқыту кезінде инновациялық және сандық технологияларды игеру, оқыту барысында қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән мазмұнында қазіргі ғылым жетістіктері мен қол жетімді құралдарды пән мазмұнына сай қолдану, әдеби тақырыптарды игеру барысында түсіну, талдау, бағалау қабілеттерін автоматтандыру, оқу бағдарламаларын жаңа сапаға көтеру мәселелері қамтылған. Пән жаңа технологияларды игеруге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты әдебиет тарихын дәуірлеудің қазіргі өзекті теориялық және профильді-практикалық аспектілерін, әдеби шығармашылықты талдаудың озық технологияларын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдебиет тарихын зерделеудегі инновациялық үрдістерді болашаққа көзқараспен бастамашылық зерттеулерде қолданудың теориялық-әдіснамалық түсінік негізін қалыптастырады. Пән әдебиет тарихын дәуірлеу, кезеңдермен оқыту мәселелерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазақ тілі ғылымының бірыңғай мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын инновациялық технологиялар бойынша меңгерту дағдысына ие маман қалыптастыру. <br/> Жаңа бағдарламаны меңгертудің әдіс-тәсілдері; қазақ тілінің цифрлық технологиялары; білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану жолдары және білім берудің жаңа мазмұны пән мазмұнын қамтиды.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: педагогикалық дизайнның міндеттері мен принциптерін сипаттау және оны фольклор мен әдебиетті оқыту үдерісінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы педагогикалық дизайн технологияларын және әдебиеттану пәндерін оқу кезінде оқу материалын әзірлеу кезеңдерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән педагогикалық дизайн дағдыларын игеруге және оны білім беру үдерісінде қолдануға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты қазақ тілінің тарихын, даму, кемелдену, қалыптасу тарихын кешенді түрде меңгерту. Тіл тарихында ішкі, сыртқы факторлар негізінде пайда болған өзгерістер сырын тілдік заңдылықтар негізінде түсіндіре алу, өзгерістерге себеп болған тілдің даму кезеңдерін ажырата алу, тіл тарихындағы өзгерістер морфологиялық, фонетикалық, грамматикалық, семантикалық өзгерістерді саралау, көне тіл мен жаңа тіл арасындағы генетикалық байланысты ашып, айқындау дағдысын қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Абайдың «толық адам ілімінің» басты талаптары мен қағидаларын, ұлттың рухани даму жолының бастау алгоритмі ретіндегі басты идеяларын жалпы адамзаттық құндылықтардың бір бөлігі деп бағалап, адамзатқа ортақ әмбебап негізгі құндылықтардың танымдық ерекшелегін таныту арқылы, Абай іліміндегі адамзатқа ортақ концептерді лингвофилософиялық аспектіде зерделеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Алтын Орда әдебиетіндегі назирашыл дәстүрінің жаңа шығармалар жасау мақсатында алдыңғы әдебиеттен, соның ішінде араб, парсы және түркі әдебиетінен алынған үлгілерді, канондарды ұстану, сюжеттерді, мотивтер мен бейнелерді тану қабілетін қалыптастыру. Пән нәзирашыл шығармалардың махаббат лирикасынан эпикалық поэмаларға дейін әртүрлі жанрларда көрінін және көбінесе діни-дидактикалық элементтерді қамтитынын ажыратуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: оқырман назарын әдеби шығармаларға аудару шін жарнамалық мәтіндер құрастыру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жарнамалық мәтіндерді жазудың тетіктері мен әдістерін кәсіби қызметте қолданудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән SSM менеджментінің негіздерін, кезеңдерін, ерекшеліктерін, әдеби, жарнамалық мәтіндерді, сценарийлерді, Интернет-хабарламаларды құрудың принциптері мен әдістерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: корпус тілтануының теориялық негіздері мен практикалық әдістерін үйрету, компьютерлік технологиялар көмегімен үлкен тілдік мәліметтер базаларын жинау, өңдеу және талдау дағдыларын қалыптастыру. Корпус деректерін қолдана отырып, тілдік құбылыстарды зерттеуге, тілдік модельдер жасауға және автоматтандырылған тілдік өңдеудің түрлі құралдарын меңгеруге дайындау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қазақ тіліндегі жасанды интеллект терминдерінің қолданысын корпустық деректер негізінде зерттеу, олардың жиілігін, қолданылу ерекшеліктерін және тілдік нұсқаларын анықтау. Сонымен қатар, ЖИ терминологиясының қазақ тілінде қалыптасу үрдісін талдап, терминдерді біріздендіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: лингвистикалық парадигмалар негізінде қазақ фразеологиясының қазіргі даму бағыттары, когнитивтік фразеологияның құрылымдары, фразеологизмдерді фреймдік талдау ерекшеліктері, тұрақты тіркестрдің функционалды-стилистикалық дискурстық сипаты, фразеологизмдердегі лингвоконцептология, этнолингвистика және ұлттық интеллект, сондай-ақ, фразеологиялық қордың парадигматикалық және синтагматикалық қатынастары туралы аксиологиялық тұрғыдан мол мағлұмат беруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты Орталық Азияның фольклоры мен мифологиясының, яғни «тірі архаика» материалдарындағы әлемнің суреттері, оның ішінде рудименттік формаларын типологиялық тұрғыдан кейінгі дәстүрлермен (фольклорлық ертегілер, аңыздар және т. б. үлгілермен) байланысын танып білу қабілетін қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: тілдік стильдердің түрлері мен ерекшеліктерін, олардың прагматикалық мәнін және қолдану жағдайларына байланысты өзгерістерін терең түсіндіруге, коммуникативтік контекстте стильді дұрыс таңдау мен мәтіндердің тиімді стильдік құрылымын жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарға түркі халықтарының жазбаша мұралары туралы жан-жақты білім беру, оны зерттеу тарихымен таныстыру, сондай-ақ жазба мәтіндерді талдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыру; түркі әдеби мәтіндерін түсіндіру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдер мен әдістемелерді зерттеудің теориялық-әдіснамалық түсініктерін негізіндеу. Пән түркі әдеби ескерткіштерінің зерттелу тарихын оқыту мен оның ғылыми мәселелерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Түркі халықтарының фольклорлық шығармашылығында кездесетін нақты бейнелерді терең түсіну және талдау арқылы олардың мағынасын, мифологиядағы, рәсімдердегі және күнделікті өмірдегі рөлін анықтауды, сондай-ақ түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті контекстіндегі әртүрлі бейнелер мен олардың эволюциясы арасындағы байланысты зерттеу мен зерделеу қабілетін қалыптастыру. Пән түркі халықтары фольклорындағы бейнелеу жүйелерін зерттеу мен зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнінің мақсаты: қазақ әдебиетіндегі шығармаларды зерделеу ғана емес, оларды түсіну, сыни талдау және қазіргі жағдайға бейімделу. Бұл магистранттардың цифрлық ресурстармен жұмыс істеу қабілетін, сонымен бірге цифрлық дәуірде ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы әдебиеттің рөлін түсінуді және жаңа медиа жағдайында шығармашылық әлеуетті дамытуға бейімдейді. Пән магистранттарға өз мәдениеті мен дәстүрлерін жақсы ұғуға, сондай-ақ олардың қазіргі әлемдегі маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретін қазақ әдебиетін цифрлық форматта зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: цифрлық кеңістіктегі қазақ тілді ақпаратты, мәтін деректерін талдау мен өңдеу саласындағы әдіс-тәсілдерді меңгерту, цифрлық индустриясын құру аясында лингвистикалық білім беру кластерінің даму мүмкіндіктері және классикалық филологияның цифрлық трансформациялану жолдары талдау.
Защита практики
Защита практики