техника ғылымдарының магистрі
Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды құқықтық реттеу және қолдану, заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіруде, адам құқықтарын қорғауда инновациялық тәсілдерді пайдалану құзыреттерін меңгерген құқық саласындағы жоғары білікті кадрларды сапалы даярлау.
Құқық: инновация, жасанды интеллект және реттеу
7M04239
Заң
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2000000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — адам құқықтарын қорғау және жасанды интеллектіні әзірлеу мен қолданудың этикалық негіздері саласындағы білімді қалыптастыру, ЖИ пайдаланудың құқықтық және этикалық қағидаттарын зерделеу. Пән адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық стандарттарын, ЖИ-дің адам құқықтары мен бостандықтарына ықпалын, кемсітушілік пен құқықтардың бұзылу тәуекелдерін, сондай-ақ ЖИ пайдалану кезіндегі ашықтық, жауапкершілік және адамның бақылауы мәселелерін зерделеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби қызметті, тұлғааралық өзара іс-қимылды, топтық процестер мен жанжалды жағдайларды тиімді басқару үшін психологиялық білімді, заманауи цифрлық технологиялар мен талдау құралдарын қолдану қабілетін қалыптастыру.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — жасанды интеллект технологиялары және олардың құқықтық жүйелерге ықпалы саласындағы білімді қалыптастыру, ЖИ-ді құқықтық реттеу мен қолданудың негізгі тәсілдерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: автоматтандырылған шешімдердің ашықтығы мен түсіндірмелілігі, дербес деректер мен зияткерлік меншікті қорғау, заңдық жауапкершілік, ЖИ қолданудың құқықтық тәуекелдері, сондай-ақ оны реттеудің ұлттық және халықаралық тәсілдері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — жасанды интеллектіні қолдануға байланысты қатынастарды қылмыстық-құқықтық реттеу саласындағы білімді қалыптастыру, ЖИ пайдалану арқылы жасалатын іс-әрекеттерді қылмыстық-құқықтық саралаудың ерекшеліктерін зерделеу. Пән жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жасалатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен шектерін, ЖИ қолданудың құқықтық салдарын, оны құқық қорғау қызметінде пайдалану және адам құқықтарын қорғау мәселелерін зерделеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — цифрлық қаржы мен активтерді құқықтық реттеу саласындағы білімді қалыптастыру, олардың құқықтық табиғатын, құқықтық режимін және осы салада туындайтын құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін зерделеу. Пән цифрлық активтерді шығару, айналымға енгізу және пайдалану мәселелерін, оларды құқықтық реттеудің ұлттық және халықаралық тәсілдерін, қатысушылардың құқықтарын қорғауды, қаржылық мониторингті, заңдық тәуекелдер мен жауапкершілікті зерделеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — жасанды интеллектіні әзірлеуге, лицензиялауға және пайдалануға байланысты қатынастарды шарттық реттеу саласындағы білімді қалыптастыру, ЖИ саласындағы шарттарды жасасу және орындау ерекшеліктерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: жасанды интеллект, лицензиялау, цифрлық қызметтер және деректерді өңдеу саласындағы шарттық қатынастар, тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарттық тәуекелдер, жауапкершілікті бөлудің құқықтық тетіктері және заңдық жауапкершілік.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: зерттеу және кәсіби қызмет үшін шетел тілінде кәсіби және академиялық коммуникация дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсы кәсіби және ғылыми мәтіндерді түсіну және талдау, ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыру, кәсіби және академиялық терминологияны қолдану, зерттеу нәтижелерін шетел тілінде академиялық және кәсіби ортада ұсыну және талқылау қабілетін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — жасанды интеллектіні ұлттық және халықаралық құқықтық реттеу саласындағы білімді қалыптастыру, ЖИ-ді реттеудің негізгі модельдері мен заманауи тәсілдерін зерделеу. Пән Қазақстан Республикасының заңнамасын, ЖИ-ді реттеудің халықаралық және шетелдік модельдерін, оны қолданудың құқықтық тәуекелдерін, дербес деректер мен зияткерлік меншікті қорғауды, заңдық жауапкершілікті және заңнаманы жетілдіру бағыттарын зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — зияткерлік меншікті, деректер мен алгоритмдерді құқықтық қорғау саласындағы білімді қалыптастыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дамуы жағдайында олардың құқықтық режимінің ерекшеліктерін зерделеу. Пән цифрлық ортадағы зияткерлік меншікті құқықтық қорғауды, деректердің, бағдарламалық қамтамасыз етудің және ЖИ қолдану арқылы жасалған нәтижелердің құқықтық режимін, заңдық тәуекелдер мен зияткерлік құқықтарды қорғау тетіктерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — кеден қызметі мен халықаралық саудада жасанды интеллектіні қолдануды құқықтық реттеу саласындағы білімді қалыптастыру, тиісті құқықтық қатынастарды цифрландыру ерекшеліктерін зерделеу. Пән кеден қызметі мен халықаралық сауданы цифрландырудың ұлттық және халықаралық құқықтық негіздерін, автоматтандырылған шешімдерді, трансшекаралық деректер алмасуды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарын қорғауды және заңдық жауапкершілікті зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — киберқауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету, ақпарат пен дербес деректерді қорғау саласындағы білімді қалыптастыру, инновациялық цифрлық технологияларды, цифрлық қатерлердің алдын алудың құқықтық және басқарушылық тетіктерін, сондай-ақ алынған білімді кәсіби және педагогикалық қызметте пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: киберқауіпсіздіктің ұлттық және халықаралық құқықтық негіздері, цифрлық және ақпараттық тәуекелдер, ақпарат пен дербес деректерді қорғау, заңдық жауапкершілік, киберқауіпсіздік саласында ЖИ қолдану және осы мәселелерді заңгерлік білім беруде оқыту.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — киберқылмыстылыққа қарсы іс-қимылды құқықтық реттеу саласындағы білімді қалыптастыру, цифрлық ортадағы қылмыстарды саралау, тергеп-тексеру және олардың алдын алу ерекшеліктерін зерделеу. Пән киберқылмыстардың түсінігі мен түрлерін, киберқылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық және халықаралық құқықтық негіздерін, цифрлық дәлелдемелерді, юрисдикция және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, киберқылмыстардың алдын алуды және құқық қолдану практикасын жетілдіруді зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — корпустық лингвистика және заң мәтіндерін цифрлық өңдеу саласындағы білімді қалыптастыру, оларды талдаудың және құқықтық зерттеулер мен ғылыми-педагогикалық қызметте қолданудың инновациялық әдістерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: нормативтік құқықтық актілерді, сот шешімдері мен шарттарды корпустық талдау негіздері, құқықтық ақпаратты іздеу мен талдаудың цифрлық құралдары, зерттеу қызметінде, оқу материалдарын дайындауда және заң пәндерін оқытуда ЖИ қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — криминологиялық зерттеулер мен қылмыстылықтың алдын алуда жасанды интеллектіні қолдану саласындағы білімді қалыптастыру, цифрлық талдауды пайдаланудың заманауи және инновациялық тәсілдерін зерделеу. Пән криминологияда ЖИ қолдану мүмкіндіктерін, қылмыстылықтың жай-күйі мен үрдістерін талдауды, криминогендік тәуекелдерді бағалауды, қылмыстылықтың алдын алуды, ЖИ қолданудың құқықтық және этикалық шектеулерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — қаржы құқығы және қаржылық есептілікті талдау кезінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану саласындағы білімді қалыптастыру, қаржылық бақылау мен тәуекелдерді бағалаудың құқықтық аспектілерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: қаржылық ақпарат пен есептілікке қойылатын құқықтық талаптар, оларды талдауда цифрлық технологиялар мен ЖИ қолдану, қаржылық бақылау және аудит, қаржылық тәуекелдер мен құқық бұзушылықтарды құқықтық бағалау, заңдық жауапкершілік.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — құқық шығармашылығы қызметінде жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды қолдану саласындағы білімді қалыптастыру, оларды заңнаманы талдауда, ғылыми зерттеулер жүргізуде және заңгерлік білім беруде пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: құқық шығармашылығында ЖИ қолдану, заңнаманы талдау, құқықтық олқылықтар мен коллизияларды анықтау, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, ЖИ қолданудың құқықтық шектері және алынған білімді ғылыми-педагогикалық қызметте пайдалану мүмкіндіктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — қылмыстық процесс пен криминалистикада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану саласындағы білімді қалыптастыру, цифрлық талдау мен қылмыстылықты болжаудың инновациялық әдістерін пайдаланудың құқықтық аспектілерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: қылмыстық процесс пен криминалистикада цифрлық технологияларды қолданудың құқықтық негіздері, криминалистикалық ақпаратты талдау, цифрлық дәлелдемелер, болжамдық модельдер, процестік кепілдіктер және адам құқықтарын қорғау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — рәсімдік және процестік құқық саласындағы білімді қалыптастыру, заң құжаттарын дайындау мен талдауда, сондай-ақ білім беру қызметінде инновациялық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: рәсімдік және процестік құқық нормалары, процестік құжаттарға қойылатын талаптар, оларды дайындау мен талдаудың цифрлық технологиялары, заң құжаттарын автоматтандыру, ЖИ қолданудың құқықтық және этикалық шектері, заң пәндерін оқытуда цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндіктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — сот практикасын талдауда инновациялық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану саласындағы білімді қалыптастыру, осындай талдау нәтижелерін зерттеу және педагогикалық қызметте пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: сот актілерін іздеу және жүйелеу, сот практикасын талдаудың цифрлық технологиялары, құқықтық ұстанымды қалыптастыру, сот төрелігінде ЖИ қолдану, сот тәуелсіздігі мен әділ сот талқылауына құқық кепілдіктері, заң пәндерін оқытуда сот практикасын пайдалану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — комплаенсті құқықтық реттеу және тәуекелдерді басқару саласындағы білімді қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және ішкі бақылау жүйелерінде жасанды интеллект пен инновациялық цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін зерделеу. Пән комплаенстің ұлттық және халықаралық негіздерін, сыбайлас жемқорлық, қаржылық және өзге де құқықтық тәуекелдерді, ішкі бақылауда ЖИ қолдануды, деректерді қорғауды, құқық бұзушылықтардың алдын алуды және заңдық жауапкершілікті зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — жасанды интеллектіні халықаралық-құқықтық реттеу саласындағы білімді қалыптастыру, ЖИ-ді трансшекаралық қолдану мен цифрлық деректерді пайдаланудың құқықтық мәселелерін зерделеу. Пән ЖИ-ді реттеудің халықаралық-құқықтық негіздері мен шетелдік модельдерін, жасанды интеллект пен деректерді трансшекаралық пайдалануды, юрисдикция, қолданылатын құқық, деректерді қорғау және заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — цифрлық кеңістіктің құқықтық табиғаты мен архитектурасы туралы білімді қалыптастыру, цифрлық қатынастарды, платформаларды, деректер мен алгоритмдерді құқықтық реттеудің заманауи тәсілдерін зерделеу. Пән цифрлық кеңістіктің құқықтық табиғатын, цифрлық қатынастарға қатысушылардың құқықтық мәртебесін, цифрлық платформалар мен деректерді, юрисдикция және цифрлық егемендік мәселелерін, цифрлық ортада адам құқықтарын қорғауды зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — цифрлық криминалистика саласындағы білімді қалыптастыру, цифрлық дәлелдемелерді анықтау, тіркеу, зерттеу және бағалаудың құқықтық негіздері мен инновациялық цифрлық әдістерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: цифрлық дәлелдемелердің түсінігі мен құқықтық мәртебесі, цифрлық іздер, цифрлық ақпаратты анықтау, тіркеу және зерттеу тәртібі, дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берілетіндігі мен анықтығы, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — цифрлық мемлекеттің құқықтық негіздері саласындағы білімді қалыптастыру, мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың инновациялық тәсілдерін және цифрлық технологияларды зерттеу мен педагогикалық қызметте пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу. Зерделенетін мәселелер: цифрлық мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу, электрондық мемлекеттік қызметтер, мемлекет пен азаматтардың цифрлық өзара іс-қимылы, мемлекеттік органдардың ЖИ қолдануы, дербес деректерді қорғау және заңгерлік білім беруде цифрлық ресурстарды пайдалану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — цифрландыру жағдайындағы еңбек құқығы мен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы білімді қалыптастыру, жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын және еңбек саласында ЖИ қолдануды реттеу ерекшеліктерін зерделеу. Пән цифрлық экономикадағы еңбек қатынастарын, қашықтан және платформалық жұмыспен қамтуды, еңбек және азаматтық-құқықтық қатынастарды ажыратуды, алгоритмдік басқаруды, ЖИ қолдануды, еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғауды зерделеуге бағытталған.
Защита практики
Защита практики