философия докторы (PhD)
Бағдарлама мақсаты – Шығыс елдері мен Қазақстанға тән әлеуметтік, мәдени, ұлттық ерекшеліктерін түсіну негізінде аударма теориясы мен практикасы саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, аударма ғылымы саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Докторанттарға өздерінің кәсіби және адами әлеуетін толық іске асыруға, көпұлтты, мультимәдени, плюралистік Қазақстан қоғамының дамуына және отандық ғылымның елеулі ілгерілеуіне лайықты үлес қосуға мүмкіндік беретін сапалы білім беру. Білім беру бағдарламасы аударма теориясы мен практикасы саласында, сонымен қатар мәдениеттану мен лингвистиканы зерттеу саласында тереңдетілген іргелі зерттеулер жүргізу арқылы отандық аударма ғылымын дамытуға қабілетті ғылыми мамандарды даярлауға және әлемнің лингвистикалық бейнесіне қатысты лингвистикалық аударма модельдерінің тәжірибесін көрсететін және түсіндіретін аударманың семантикалық модельдеу заңдылықтарын анықтауға бағытталған. Кәсіби мәселелерді ойдағыдай шешетін жоғары білікті аудармашы кадрларды даярлау, қазіргі заманғы лингвистикалық білімнің дамуында мемлекеттің басым стратегияларының бірі болып табылады.
Aударма ісі (шығыс тілдері) көктемгі қабылдау
8D02301
Шығыстану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты ғылыми мәтінді дайындау дағдысын және зерттеу аясындағы зерттеу сапасын бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән сөйлеудің ғылыми стилін, ғылыми зерттеулердің семантикалық және құрылымдық компоненттерін, ауызша / жазбаша ғылыми сөйлеуге тән белгілерін, ауызша ғылыми сөйлеудің монологиялық және диалогтық жанрларын; ауызша / жазбаша ғылыми коммуникацияға тән сөйлеу этикетінің формулаларын оқытуға бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру; ғылыми пікірталастарда өздерінің ғылыми пікірлерін білдіруге және қорғауға қабілетін қалыптастыру. Пән ғылымды белгілі бір қызмет түрі ретінде зерттеуге бағытталған; ғылыми таным ұғымдарын; ғылым әдісі мен әдістемесі туралы ұғымдарды; ғылыми зерттеудің жалпы әдіснамалық принциптерін; әдістеме деңгейлері; әлемнің ғылыми картинасының тұжырымдамаларын оқытуға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – оқытылатын тілдің ғылыми стилінің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін саралауға, ғылыми информацияны топтастыруға, информациялық технологияларды тәжірибе жүзінде қолдануға, ғылыми-зерттеу қорытындыларын шығыс тілінде және ана тілінде ғылыми мақала және баяндама түрінде даярлауға оқытуға бағытталған. Пән ғылыми лексиканы зерттеуге бағытталған (тарихи, филологиялық, әлеуметтік - мәдени); оқытылып жатқан шығыс тіліндегі ғылыми, кәсіби тілге байланысты негізгі грамматикалық мәселелерді шешуге, ғылыми стильдің когнитивті және коммуникативті функциясын, оқытылып жатқан тілдің академиялық және ғылыми стильдерінің ерекшеліктерін оқытуға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазіргі пәнаралық зерттеулер жағдайында аударма ісінің теориялық тұжырымдамаларына ғылыми және сыни тұрғыдан талдау жасай білуге бағытталған. Пән қазіргі аударма ісінің теориялық және практикалық деңгейлерін зерттеуге; аударманың лингвистикалық және әдеби теориясын; қазіргі заманғы көп салалы зерттеулер констекстіндегі аударма теорияларын; жетекші аударма мектептері мен олардың өкілдерінің әдістемелік ережелері мен тұжырымдамалық идеяларын зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты –зерттелетін курс аясында түсініктер мен терминологияны құра білу; мәтінді талдау мен аударудың соңғы әдістерінің фундаменталды көзқарастарындағы айырмашылықтарды түсіндіру; салыстырмалы ғалымдар мен теориялық аудармашылардың жағдайын талдау; шығыс тіліндегі әдеби мәтінді әлемдік мәдениет және әдебиет контекстінде талдап, бағалау; салыстырмалы зерттеулер мен аударма зерттеулерінің әдіснамасын қолдана отырып, көркем мәтінді шығыс тілінде түсіндіру. Пән аударма әдістері мен лингвистикалық техниканы зерттеуге бағытталған; көркем аударма тарихын, ұлттық шығыс мәдениетіндегі қазіргі заманғы методологиялық тұжырымдамаларды, аударма және мәдениеттану саласындағы ғылыми терминологияны зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – шығыс әдебиеті аясында көркем аударма мәселелерін тұжырымдай білу; зерттелетін курстың тұжырымдамалық негізін зерттеу аясында қолдану; мәдениеттанушылардың, әдебиеттанушылардың және теориялық аудармашылардың қазіргі теориялық ұстанымдарына сыни тұрғыдан баға беру және олардың негізгі еңбектеріне шолу жасау; шығыс тіліндегі көркем мәтінді талдау тәсілдерін дамыту; шығыс тілінен аударғанда аударма стратегиясының негізгі түрлерінің жіктемесін жасау; шығыс тіліндегі кәсіби мәтінді талдау және аудару, мәдениеттану әдіснамасын қолдану, теориялық және практикалық мәселелерді шешуге арналған әдеби зерттеулер жүргізу. Пән шығыс елдерінің мәдениеті мен әдебиетін зерттеуге бағытталған; шығыс мәдениетін салыстырмалы түрде талда.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – дискурс пен мәтін ұғымдарының концептуалды айырмашылығын анықтау қабілетін қалыптастыру; дискурс және мәтін ұғымдарының әр түрлі тәсілдерін сыни тұрғыдан бағалау; коммуникативті оқиға ретінде дискурстың құрылымдық сипаттамасының жүйелік, функционалды және негізгі әдістерін қолдану; дискурстың әртүрлі типтері мен түрлерін талдау; әр түрлі дискурстарды кәсіптік қызметте қолдану; мәтіннің типологиясын түсіндіру. П
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қазіргі заманғы аударматанудағы маңызды теориялар мен мәселелерді және әдіснамасын актуализациялау қабілетін қалыптастыру. Мәтіндік әрекеттің белгілі бір түрлерін бөлектеу өлшемдерін түсіндіру, мәтіндік линвистикалық зерттеулер саласындағы жетекші бағытарды және олардың әдіснамалық айырмашылықтарын талдау және бағалау, болашақ кәсіби қызметтің қажеттіліктеріне сәйкес мәтінді лингвистикалық өңдеудің заманауи әдістерін қолдану. Пән аударма процестерін зерттеуге, аударма жасаудың алдында анализ жасауға үйретуге бағытталған. Аударманың прагматикалық, шартты және лингвистикалық мәселелері және оларды шешу әдістерін пайдалануды үйретуге бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.