Әлеуметтік ғылымдарының магистрі
ББ мақсаты. Жасанды интеллект, машиналық оқыту және медиа деректерін өңдеу саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіретін, медиа индустрияның өндірістік процестерінде AI шешімдерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
ЖИ&Медиа
7M03226
Журналистика
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты -магистранттарда әлеуметтік медиа экожүйесінде жасанды интеллектті қолдану мен талдау бойынша құзыреттерді қалыптастыру. Курс ұсыныстарды даралау алгоритмдері, контентті автоматтандыру, цифрлық іздер, ЖИ этикасы, жалған жаңалықтарды анықтау, ақпаратты алгоритмдік тарату, медиамониторинг пен аудиторияны талдау мәселелерін қамтиды.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - зерттеу әдіснамасын әзірлеуді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсы медианы зерттеудің әртүрлі парадигмалары шеңберінде медиалық тәжірибені талдауға және сыни бағалауға, эмпирикалық зерттеуде деректерді жинау әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарда цифрлық заманда инновациялық медиажобаларды іске асыруға қажетті кәсіпкерлік және жобалық құзыреттерді қалыптастыру. Курста бизнес-модельдер құру, стартап мәдениетін меңгеру, контентті табыстандыру және цифрлық медианың тұрақты дамуын жоспарлау дағдылары дамытылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарға медианың жұмыс істеуіне байланысты әлеуметтік және мәдени үдерістерді түсіндіру. Курста медианың қоғамға әсері, тұлғалық және мәдени сәйкестік қалыптастыруы, коммуникациялық модельдер және қазіргі медиакеңістіктің ерекшеліктері қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарда медиасаясат пен медиа саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу ұғымдары мен принциптері туралы түсінік қалыптастыру. Курс әлеуметтік, экономикалық және технологиялық факторлардың медиаға әсерін талдауға және ұлттық пен халықаралық реттеу тәжірибелерін салыстыра бағалауға арналған құзыреттерді дамытады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - цифрлық медиа саласында зерттеулер жүргізудегі магистранттардың біліктілігін дамыту. Курс зерттеу тұжырымдамасын әзірлеу, деректерді жинау және талдау, заманауи медиа-дизайн әдістерін қолдана отырып, нәтижелер тұсаукесерімен қорытынды есеп дайындауды қамтиды.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – аудиовизуалды контент жасауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін зерттеу. Магистранттар генеративті технологияларды, бейне, анимация, дыбыс пен визуалды эффекттерге арналған ЖИ құралдарын меңгереді және адамның алгоритммен шығармашылық өзара әрекетін талдайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда медиамазмұндағы дипфейктерді анықтау және тексеру бойынша құзыреттерді қалыптастыру. Дипфейктерді жасау технологиялары, оларды тану әдістері, цифрлық сараптама және жалған ақпаратпен күрестің этикалық аспектілері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда жарнама мен маркетингте жасанды интеллектті тиімді қолдануға бағытталған практикалық құзыреттерді қалыптастыру. Студенттер аудиторияны талдау, кампанияларды автоматтандыру, контентті даралау және жарнама стратегияларын оңтайландыру әдістерін заманауи ЖИ құралдары арқылы меңгереді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дамуы жағдайында медианы теориялық және аналитикалық тұрғыдан түсіну құзыреттерін қалыптастыру. Курс дәстүрлі және заманауи медиатеориялық тәсілдерді, алгоритмдік контентті, автоматтандырылған журналистиканы және коммуникация мен медиатұтынудағы өзгерістерді талдауды қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарға ЖИ негізіндегі манипулятивті технологияларды сыни қабылдау қабілетін қалыптастыру. Курста дипфейктер, жалған жаңалықтар, микромақсаттау және оларға қарсы іс-қимыл тетіктері қарастырылады. Сондай-ақ қоғам үшін тәуекелдер, этикалық мәселелер және қарсы шаралар талданады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жасанды интеллект (ЖИ) және оның медиа саласындағы қолданылуы туралы базалық түсініктерді қалыптастыру. Курс ЖИ-дің негізгі концепциялары мен медиасалада қолдану әдістерін үйретеді. Алгоритмдер, қолдану жағдайлары және ЖИ-ді медиа өндірісі, талдауы және таратуға интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда журналистикадағы автоматтандыру технологияларын қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курс аясында студенттер жаңалықты автоматты генерациялау, мәтінді алгоритмдік жазу, деректерді жинау мен визуализациялау тәсілдерін меңгереді және ЖИ-дің редакциялық жұмысқа әсерін кәсіби-этикалық тұрғыдан бағалайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда жасанды интеллектті кино және анимация өндірісінде қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курс барысында студенттер сурет генерациялау, монтажды автоматтандыру, визуалды эффекттер мен анимацияны жасауда ЖИ технологияларын меңгереді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарда медиа мен коммуникация саласындағы жаңа технологияларды түсіну және оларды кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыру. Курста цифрлық платформалар, жасанды интеллект, мультимедиа форматтары және медиа контентті талдау әдістері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарға медиааналитиканың қағидаларын және цифрлық контенттің ықпалын өлшеу әдістерін меңгерту. Курста метрикалармен жұмыс, аудиторияны талдау, контент тиімділігін бағалау, аналитикалық платформаларды қолдану және стратегиялық шешімдер үшін деректерді түсіндіру қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарда редакторлық жұмыста жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша практикалық құзыреттерді қалыптастыру. Курс мәтінді автоматты өңдеу, фактчекинг, контентті бейімдеу, алгоритмдік ұсыныстар мен этикалық мәселелерді қамтып, цифрлық ортада редактор дағдыларын дамытуға бағытталады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарға деректердің статистикалық талдауы бойынша базалық білім мен практикалық дағдылар қалыптастыру. Курста сипаттамалық және инференциялық статистика әдістері, деректерді визуализациялау, гипотезаларды тексеру және зерттеу мен практикада қолданылатын статистикалық құралдар қарастырылады.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.