тіл білімі бакалавры
Аударма ісі: заң саласындағы қытай тілі
6B02088(1)
Шығыстану
бiрiншi жоғары бiлiм
күндізгі
0 (Каз.) 0 (Орыс.)
1200000 〒 (күндізгі, бiрiншi жоғары бiлiм)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, бiрiншi жоғары бiлiм)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ақпараттық құқықтың теориялық негіздерін, құқықтық реттеу тетіктерін және цифрлық технологиялармен байланысты әлеуметтік-құқықтық қатынастардың даму үрдістерін жүйелі түрде зерделеу. Курс ақпараттық құқықтың ұғымы мен салалық ерекшеліктерін, цифрлық құқықтық қатынастардың түрлерін, жеке мәліметтерді қорғау, киберқауіпсіздік, электрондық үкімет, цифрлық құжат айналымы, зияткерлік меншік құқықтары, интернет-құқық және жасанды интеллектке қатысты құқықтық аспектілерді қамтиды. Қазақстан мен Қытай заңнамаларының салыстырмалы талдауы жасалады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: жаңа "цифрлық" ойлауды, АКТ рөлі мен маңыздылығын сыни тұрғыдан түсінуді, АКТ-ны кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде қолдану қабілетін қалыптастыру.<br/> Қарастырылады: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Microsoft Office Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Электрондық оқыту. Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: аударма үдерісінің лингвистикалық, мәдени және прагматикалық негіздерін теориялық тұрғыдан меңгерту және аударма қызметінің ғылыми-әдіснамалық қағидаттарын таныстыру. Курс аударма теориясының негізгі бағыттары мен мектептерін, эквиваленттік және баламалылық ұғымдарын, аударма түрлерін қарастырады. Сонымен қатар, түпнұсқа мен аударма мәтінінің арақатынасы, мәдени трансляция, мағынаны жеткізудің стратегиялары мен трансформациялық тәсілдер талданады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ауызша аударманың негізгі түрлері мен әдістерін меңгерту, түрлі коммуникативтік жағдаяттарда екіжақты және ілеспе аударма жасау дағдыларын жетілдіру. Курс аясында ауызша аударманың теориялық негіздері мен практикалық аспектілері қарастырылады. Еркін, тура және мазмұндық аударма тәсілдері, жазбаларды пайдалану әдістері, тілдік қысым жағдайында жұмыс істеу, сөйлеушінің стилін сақтау, сөздік қорды жедел қолдану және мәдени сәйкестікті сақтау дағдылары қалыптастырылады.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қытай тіліндегі базалық коммуникативтік дағдыларды кеңейту, грамматикалық құрылымдарды тереңдетіп меңгеру және күнделікті өмір мен әлеуметтік қарым-қатынастарда тілдік белсенділікті арттыру. Курс күнделікті жағдаяттарда еркінірек сөйлесу мен түсіну дағдыларын дамытуға бағытталған. Тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлесім арқылы тілдік дағдылар жүйелі түрде дамытылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қытай тілінде күнделікті және әлеуметтік-коммуникативтік жағдаяттарда еркін тілдік әрекет жасауға мүмкіндік беретін лексикалық-грамматикалық дағдыларды жүйелеу және кеңейту. Курс қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы (білім, денсаулық сақтау, туризм, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, жұмыс және іскерлік қарым-қатынас) коммуникациялық жағдаяттарды қамтиды.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қытай тілін ортадан жоғары деңгейде меңгеруге қажетті лексикалық, грамматикалық, коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттерді қалыптастыру. Бұл пәннің аясында студенттер күрделі мәтіндерді түсініп, кәсіби және күнделікті өмірде еркін қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ өз ойларын қытай тілінде нақты және толық жеткізе білуге үйренеді.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
ППәннің мақсаты: қытай тілінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық негіздерін меңгерту арқылы бастапқы деңгейдегі коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Курс қарапайым деңгейдегі сөйлеу әрекеттерін меңгеруге бағытталған: танысу, сұрақ қою, жауап беру, күнделікті өмірге қатысты қарапайым диалогтар жүргізу. Фонетика, негізгі грамматикалық құрылымдар, базалық сөздік қор оқытылады.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту және кәсіби қызметке дайындау үшін дене шынықтыру мен спорттың тиісті құралдарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке құзыреттерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде түлек білуі керек: адамның дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, жаттығу негіздері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде қазақ (орыс) тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету. Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құралдарының жүйесі, тілдің мәдениет феномені және сөйлеу мәдениетінің ерекшелігі ретіндегі түсініктері; тіл әлемнің ұлттық тілдік бейнесінің элементі ретінде; қазақ (орыс) тілінің әлемдік кеңістіктегі мәртебесі зерделенеді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: стилистиканың теориялық негізін оқу, заманауи стилистиканың жаңа зерттеулерін қарастыру арқылы болашақ филолог-маманның стильдік дағдылары қалыптастыру. Стилистиканың теориялық негіздерін түсіндіріп беру; қазіргі заманғы стилистиканың соңғы тәсілдерін сипаттау; осы саладағы теориялық білімдерді қолдану.
5
[АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.<br/> Күтілетін оқу нәтижелері:<br/> 1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету; <br/> 2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу; <br/> 3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру; <br/> 4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу; <br/> 5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру. <br/> Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: <br/> Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының кедендік құқық жүйелерін салыстырмалы-құқықтық негізде қарастыру арқылы халықаралық құқық нормалары мен ұлттық заңнама арасындағы байланыстарды түсіндіру. Пән аясында кедендік құқықтың теориялық негіздері, құқықтық реттеу әдістері, кеден органдарының құрылымы мен функциялары, кедендік рәсімдер мен режимдер, кедендік бақылау мен жауапкершілік мәселелері, кеден саласындағы халықаралық келісімдер мен екіжақты қатынастар, сондай-ақ ЕАЭО мен БҚПА шеңберіндегі интеграциялық процестер қарастырылады. Сонымен қатар, ҚР мен ҚХР кеден заңнамаларының ерекшеліктері, тауарлардың шекара арқылы өту тәртібі, контрабанда және құқықбұзушылықтарға қарсы шаралар, кеден төлемдері мен баж салығы жүйесі талданады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы азаматтық құқық пен азаматтық іс жүргізу нормаларын салыстырмалы-құқықтық тұрғыда зерттеу. Курс аясында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды құқықтық реттеу, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, авторлық құқық, мәмілелер мен шарттар мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, жер және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын істерді соттарда қарау және шешу тәртібі, әртүрлі субъектілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі зерделенеді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы әкімшілік құқық нормаларын, мемлекеттік басқару институттарының құрылымын, әкімшілік жауапкершілік ерекшеліктері мен азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін зерделеу. Курс аясында әкімшілік құқықтың ұғымы, көздері мен қағидаттары, мемлекеттік басқарудың формалары мен әдістері, атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесі, әкімшілік актілердің түрлері мен шығару тәртібі, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайда әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән Қазақстан мен Қытайдың қылмыстық құқық жүйелерін салыстырып зерттейді. Студенттер қылмыс ұғымы, жазалау шаралары және қылмыстық жауапкершілік негіздерімен танысады. Мақсаты - екі елдің қылмыстық құқықтық ерекшеліктерін түсіндіру және құқықтық бағалау дағдыларын дамыту.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы конституциялық құрылыстың негіздері мен мемлекеттік құрылыс тәжірибесін кешенді түрде зерделеу, сондай-ақ студенттерде екі елдің конституциялық құқығының негізгі теориялық ережелері, институттары мен нормалары туралы түсінік қалыптастыру. Пән аясында конституциялық құрылыстың негіздері, мемлекеттік құрылым, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызмет ету принциптері қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қылмыстық құқық саласындағы ресми құжаттарды аударуда қолданылатын тілдік нормалар мен терминологиялық жүйені меңгеру және құқықтық дәлдікті сақтау принциптеріне негізделген аударма практикасын қалыптастыру. Курс қылмыстық іс жүргізу барысында қолданылатын негізгі құжаттармен жұмыс істеуге бағытталған. Аудармада қолданылатын құқықтық терминология, синтаксистік ерекшеліктер, стилистикалық нормалар және мәдени-құқықтық сәйкестік мәселелері қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: құқықтық жағдайларда қытай тілін қолдана отырып, коммуникативтік стратегиялар мен кәсіби сөйлеу этикетін меңгеру. Курста құқықтық кеңес беру үлгілерін жасау, құқықтық мәселелер бойынша келіссөздерге қатысу, қызметтік жазбалар, қорытындылар мен өтініштер дайындау қарастырылады. Қытайдағы құқықтық тәжірибеде қолданылатын риторика, аргументация және тілдік стандарттар талданады
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қытай тіліндегі құқықтық лексика негізін қалыптастыру және түрлі құқық салаларындағы терминологиялық бірліктерді түсіну. Қытайдың құқықтық құжаттарында қолданылатын негізгі ұғымдар мен сөз тіркестерін зерделеу: қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және коммерциялық құқық. Негізгі назар лексикалық талдауға, семантикалық өрістерге, Қазақстан мен Қытай құқық жүйелеріндегі терминологиялық параллельдерді салыстыруға аударылады.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - мемлекет және құқық туралы негізгі ережелерді, олардың әлеуметтік мақсатын, міндеттерін, функциялары мен тарихи дамудағы рөлін түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен қызмет етуінің теориялық негіздерін; құқықтық категорияларды; құқықтық сананың теориясын оқытады.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет контекстінде философия және оның негізгі мәселелері мен әдістері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру. Философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұны қарастырылады; әлемді ғылыми және философиялық тану әдістерін жіктеу; қазіргі әлемдегі негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қытай тілін дипломатиялық және құқықтық контексте кәсіби деңгейде пайдалану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық құжаттарды жазбаша және ауызша аудару дағдыларын меңгеру. Курста дипломатиялық және құқықтық құжаттардың терминологиясы, стилистикалық ерекшеліктері мен құрылымдық форматтары қарастырылады. Ерекше назар халықаралық шарттарды дәл аударуға, құқықтық нормаларды, дипломатиялық хаттама мен мәдениетаралық ерекшеліктерді ескеруге бағытталады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: халықаралық қатынастар саласында қолданылатын мәдениетаралық коммуникацияның теориялық негіздері, құралдары мен тәжірибелік үлгілері жөнінде тұтас көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ мәдени айырмашылықтарды талдау және олардың дипломатиялық өзара әрекет пен сыртқы саяси ынтымақтастыққа ықпалын бағалау қабілеттерін дамыту. Пән аясында мәдениетаралық коммуникацияның негізгі ұғымдары мен тәсілдері, мәдени типологиялар, мәдени сәйкестік үлгілері, түрлі мәдениеттердегі вербалды және вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктері қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: студенттердің қытай тілінде іскерлік коммуникация жүргізу дағдыларын қалыптастыру және халықаралық іскерлік ортада тиімді келіссөздер жүргізу стратегияларын меңгеру. Курста іскерлік терминология, іскерлік құжаттардың құрылымы, мәдениетаралық іскерлік қатынас ерекшеліктері және қытай серіктестерінің мінез-құлық нормалары қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай бағалау құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән адамның өмір сүру ортасында туындайтын қауіпті және зиянды факторлардан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін, төтенше жағдайларда төнетін қауіп-қатерлерден қорғану ережелерін білуге студенттерді даярлау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: аударма саласында автоматтандырылған жүйелер мен жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын меңгеру, оларды іс жүзінде қолдану және аударма сапасын бағалау дағдыларын қалыптастыру. Курста машиналық және нейрондық аударма, CAT-жүйелер, аудармада қолданылатын ЖИ құралдары, сапаны бағалау әдістері және технологияларды аударма үдерісіне интеграциялау мәселелері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: аудармашының кәсіби қызметін реттейтін этикалық нормалар мен құқықтық ережелерді лингвистикалық және құқықтық тұрғыда қарастыру арқылы аударма саласындағы нормативтік базаның мазмұнын түсіндіру. Курс аудармашының кәсіби мәртебесі мен құқықтық жауапкершілігі, аударма барысындағы құпиялықты сақтау, авторлық құқық, келісімшарттық міндеттемелер және дербес деректерді қорғау мәселелерін қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жазбаша аударма үдерісінің кезеңдерін, түрлерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы түрлі стильдегі түпнұсқа мәтіндерді құрылымдық-лингвистикалық және стилистикалық тұрғыда талдау негізінде аудару машықтарын қалыптастыру. Курс әртүрлі функционалдық стильдердегі мәтіндерді (көркем, публицистикалық, ресми-іскери, ғылыми, құқықтық) жазбаша аудару тәжірибесіне бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты:
Мемлекеттік билік органдарының, саяси және қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін талдау қабілетін қалыптастыру. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы объективті білім беру. Жасанды интеллектінің (ЖИ) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және талдау үдерістеріндегі рөлін көрсету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіру. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен ЖИ-дің талдамалық құралдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлықты еңсеру дағдыларын үйрету.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: инклюзивті білім беру негіздерінің ғылыми-теориялық білімдер жүйесін меңгеру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың құндылық бағдарларын қалыптастыру, инклюзивті ортада кәсіби қызмет саласындағы құзыреттерді меңгерту
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән студенттердің экономикалық ойлауын қалыптастыруға және кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған. Курстың аясында нарықтық экономиканың негізгі заңдылықтары мен кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың негіздері қарастырылады. Студенттер экономиканың жұмыс істеу механизмін, бизнестің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін, кәсіпкерлікті құру және жүргізу кезеңдерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: криминалистиканың негізгі ережелері және қылмыстық қол сұғушылықтың жекелеген түрлерінің сипаттамалары бойынша оларды практикалық іске асыру үшін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру; ғылыми-зерттеу және ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізу. Криминологияның теориялық және әдіснамалық аспектілері, ғылыми негіздері, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, криминологиялық зерттеу әдістері, криминологиялық болжау, қылмыстың жекелеген түрлерінің криминологиялық сипаттамасы қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қоғамдық-саяси дискурс мәтіндерін аударуда лексикалық, стилистикалық және прагматикалық ерекшеліктерді меңгерту, ақпаратты дәл және мазмұнды жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Курс саяси, қоғамдық және ресми-коммуникативтік сипаттағы мәтіндермен жұмыс істеуге бағытталған. Аударманың стилистикалық сәйкестігіне, терминологияны біріздендіруге және мәдени-коннотативтік мағынаға баса назар аударылады. Практикалық бөлімге аударма үлгілерін талдау, аударылған мәтіннің мақсатты аудиторияға әсерін бағалау кіреді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының қаржы-құқықтық жүйелерінің негіздерін, құқықтық реттеу тетіктерін және мемлекеттік қаржы саясатының заңнамалық аспектілерін салыстырмалы-теориялық тұрғыда зерделеу. Курс мемлекеттік бюджетті жоспарлау және атқару, салық салу жүйесі, мемлекеттік кірістер мен шығыстар, қаржылық бақылау және қадағалау, валюта және банк құқығы, кедендік құқық, трансшекаралық қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу тақырыптарын қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: құқық шығармашылығының, құқықтық техниканың және нормативтік мәтіндердің лингвистикалық ерекшеліктерін кешенді сипаттау арқылы заңнама әзірлеу процесін құрылымдық, мазмұндық және тілдік тұрғыда түсіндіру. Пән шеңберінде құқық шығармашылығының теориялық негіздері, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезеңдері, құқықтық нормалардың құрылымы мен жүйелілігі, құқықтық техника құралдары, терминологиялық бірізділік және редакциялық ережелер қарастырылады. Сонымен қатар, нормативтік мәтіндердегі лексикалық, синтаксистік және стилистикалық ерекшеліктер, құқық тілінің прагматикасы, көптілді құқықтық коммуникация және аударманың лингвистикалық аспектілері зерделенеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қытай тілінен және қытай тіліне құқықтық мәтіндерді кәсіби аудару бойынша практикалық дағдыларды дамыту. Нормативтік құқықтық актілермен, халықаралық шарттармен және сот құжаттарымен жұмыс жүргізіледі. Негізгі назар құқықтық ұғымдарды аудару стратегияларына, құқықтық шындықтарды жеткізуге және терминологиялық эквиваленттікті сақтауға бағытталады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қытай Халық Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының үлгілері, кезеңдері мен бағыттарын, реформалар тетіктерін және Қытай экономикасы мен әлеуметтік саласының қазіргі құрылымын кешенді түрде зерделеу. Курс аясында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту, реформалар мен ашықтық саясаты, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы құрылымдық өзгерістер, аймақтық даму, еңбек нарығы, урбанизация, кедейлікпен күрес, білім беру және денсаулық сақтау жүйесі, инновациялық саясат пен Қытайдың халықаралық экономикалық ынтымақтастығы қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қытай Халық Республикасының мемлекеттік-саяси жүйесінің құрылымын, конституциялық негіздерін, басқару институттарын, саяси партиялар мен орталық және жергілікті билік арасындағы өзара қатынастарды теориялық және жүйелі түрде зерделеу. Курс аясында ҚХР Конституциясының құрылымы мен мазмұны, билік тармақтарының бөлінуі, ҚКП-ның саяси жүйедегі орны мен рөлі, Ұлттық халық конгресінің қызметі, Мемлекеттік кеңес пен басқа да мемлекеттік органдардың функциялары қарастырылады. Сонымен қатар Қытайдағы сот жүйесі, әкімшілік басқару, автономиялық аймақтардың мәртебесі мен басқару моделі, заманауи реформалар және партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктері талданады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қытай бұқаралық ақпарат құралдары тілінің құрылымы мен қызметін, сондай-ақ баспа, теледидар және интернет кеңістігіндегі медиамәтіндердің жанрлық, стилистикалық және прагматикалық ерекшеліктерін зерделеу. Курс қытай медиамәтіндерінің лексика-грамматикалық және стилистикалық сипаттарын, жаңалықтар, репортаждар, сұхбаттар мен сараптамалық шолулар сияқты жанрларын қамтиды. Ресми және публицистикалық дискурстағы риторикалық тәсілдер мен клишелердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылады. Бұқаралық дискурс, идеологиялық астар және мәдени кодтар мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қытай тіліндегі мәтіндерді оқып түсіну, құрылымдық және мазмұндық жағынан талдау, тілдік және мәдени ерекшеліктерін анықтау дағдыларын қалыптастыру. Курс әртүрлі жанрлар мен стильдердегі мәтіндермен жұмыс істеуге бағытталған: көркем әдебиет, публицистика, ресми және іскерлік мәтіндер. Мәтіннің тақырыптық мазмұны, стилистикалық ерекшеліктері, иероглифтік қолданысы мен грамматикалық құрылымы талданады. Сонымен қатар, мәтіндегі астарлы мағына, мәдени коннотация және риторикалық құралдар қарастырылады
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қытай тілінің грамматикалық құрылымын теориялық және практикалық негізде сипаттау арқылы оның морфологиялық және синтаксистік жүйелерін құрылымдық-лингвистикалық тұрғыда зерделеу. Курс қытай тілінің морфологиялық және синтаксистік құрылымдарын қамтиды. Курс барысында грамматикалық нормаларды мәтіндік талдау арқылы түсіндіру, грамматикалық модельдер бойынша сөйлем құрастыру, мәтіндерді грамматикалық талдау және тілдік нормаларды контексте қолдану жүргізіледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қытай тарихының хронологиясы, мәселелері, ежелгі заман мен орта ғасырлардағы мемлекеттері туралы студенттердің білімін қалыптастыру, олардың ішкі және сыртқы саясатымен таныстыру. Пән Қытайдың ежелгі және орта ғасырдағы тарихына байланысты негізгі деректерді білуге; Қытай тарихының ежелгі және орта ғасырлардағы маңызды оқиғаларын сараптауға; ежелгі және орта ғасырлардағы өркениеттердің ерекшеліктерін анықтауға; сол кезеңдегі өркениеттердің басқа өркениеттермен өзара байланысы мен өзара алмасуын көрсетуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: студенттердің Қытайдың жаңа және қазіргі заман тарихы, саяси және экономикалық дамуы мәселелерін түсіну және талдау дағдыларын дамыту. Пән Қытайдың қазіргі дамуының ерекшелігін көрсетуге; Қытайдағы саяси және экономикалық мәселелерді шешудің әртүрлі жолдарын салыстыруға, Қытайдың жаңа заман тарихының мәселелері, дамуындағы саяси және экономикалық қиындықтар, отаршылдық және оның салдары, тәуелсіздік жолындағы күрес, қазіргі заман тарихының кезеңдері, ішкі және сыртқы саясатын сараптауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: сот ісін жүргізу мен нотариаттық рәсімдерге қатысты ресми құжаттарды аудару ерекшеліктерін меңгерту, құқықтық контекстте дәл және нормативке сай аударма жасау дағдыларын қалыптастыру. Курс аясында сот және нотариаттық құжаттардың түрлері, олардың құрылымдық және стилистикалық ерекшеліктері қарастырылады. Аударма барысында заң терминологиясының дәлдігіне, синтаксистік нормаларға, мәдени және құқықтық сәйкестікке баса назар аударылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: сөйлеу этикасы мен коммуникативтік нормаларды меңгеру негізінде кәсіби және әлеуметтік жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасты сауатты, орынды ұйымдастыру машығын қалыптастыру. Курс аясында сөйлеу әрекетінің негізгі формалары коммуникативтік жағдаяттарға сай тілдік мінез-құлық, стильдік және прагматикалық сәйкестік, адресатқа бейімделу, жанрлық-стильдік ерекшеліктер қарастырылады. Риторикалық тәсілдер, сөйлеу мәдениеті мен тыңдау мәдениеті, пікірталас, сөйлеу актілері және қателіктерді болдырмау жолдары талданады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Шығыс елдерінің дипломатиялық дәстүрлерін түсінуді қалыптастыру және шығыс мәдениеті өкілдерімен келіссөз жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Курс аясында Шығыс Азия елдері (Қытай, Жапония, Корея) дипломатиясының ерекшеліктері, өзара іс-қимылдың принциптері мен формалары, тарихи тәжірибе және қазіргі дипломатиялық форматтар қарастырылады. Келіссөз жүргізудегі мәдени айырмашылықтарды талдауға, дипломатиялық этикетке, протоколға және шығыс мәдениетіндегі сендіру стратегияларына ерекше назар аударылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән студенттерде экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми тұрғыда түсіндіруге және тұрақты дамудың мақсаттары мен принциптері жөнінде кешенді білім беруге бағытталған.
Пән аясында жаһандық және өңірлік экологиялық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары қарастырылады. Студенттер тұрақты даму саласында ғылыми негізделген, жауапты шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді.
Защита практики
Практиканың мақсаты – оқу процесі барысында алынған теориялық білімді тереңдету және бекіту, іріктеу және жүйелеу материал үшін дипломдық жұмысты орындау; дипломдық жұмысты жазу; дипломдық жұмысты алдын ала қорғау
Защита практики
Практиканың мақсаты – таңдаған мамандық саласында кәсіби білімді қалыптастыру, бағдарламаның бағыттары мен арнайы пәндері бойынша алынған теориялық білімді бекіту, таңдаған мамандандырылған даярлық бағыты бойынша қажетті кәсіби құзыреттілікті меңгеру. Өндірістік практика практикалық құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасауға арналған
Защита практики
Практиканың мақсаты – алған теориялық білімдерін бекіту, студенттерге кәсіби бағыт беру; кафедраның, факультеттің, университеттің ғылыми қызметі бағыттарымен, құрылымымен танысу. Кафедрадан бекітілген практикаға жауапты оқытушылардың кеңесі, бағыт-бағдары зерделенетін болады; кафедраның ғылыми бағыттарымен, факультет пен университет құрылымымен танысу