педагогика ғылымдарының магистрі
Жоғары деңгейде кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті жобалауға және жүргізуге, әдіснамалық-теориялық, психологиялық-педагогикалық білімді және заманауи технологияларды, цифрлық дидактиканы, инклюзивті өзара іс-әрекет әдістемесін және түзету жұмыстарын ұйымдастыруды меңгеру негізінде жеке тұлғаны дамытудың ғылыми және психологиялық-педагогикалық мәселелерін шешуге қабілетті білім беру және ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау.
Педагогика және психология
7M01101
Философия және саясаттану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша кәсіби қызметтің құндылық-семантикалық негіздерін ғылыми тұрғыдан түсінуге әкелетін білім беру психологиясындағы мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тәсілдер саласындағы әдіснамалық білімді меңгеруде магистрдің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Курс психологиялық заңдылықтарды, іс-әрекеттің принциптері мен әдістерін және мәдени-тарихи теорияны түсініп, қабылдауға бағыт- бағдар береді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды болашақ кәсіби қызметте алған білімдері мен құзыреттерін қолданбалы бағытта қолдану үшін психологиялық-педагогикалық диагностика және психометрия саласындағы теориялық және практикалық тұрғыдан даярлау. Курс кәсіби ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде диагностикалық қызметтің этикалық принциптерін сақтай отырып, білім берудегі диагностика мен психометрияның қолданбалы негіздерін игеруге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды білім беру сараптамасын жүргізудің теориялық-қолданбалы негіздерін ақындау, сараптамалық бағалау мен мониторингтің әдістемелік ұсынылымдарын, сараптама сапасын бағалау әдістерін меңгерумен, сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу нысандарымен таныстыру. Курс қолданыстағы «білім беру жүйелерінің» мазмұны мен ұйымдастырылуына түзетулер енгізу үшін оқыту сапасының мониторингін және мониторинг нәтижелерін талдауды жүзеге асыруға бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: инклюзивті өзара іс-қимыл жағдайында білім алушылардың денсаулығын сақтаудағы даму қажеттілігіне жауап беретін мүмкіндіктері шектеулі инклюзивті өзара мәдениетаралық қарым-қатынасын түзетуде психологиялық ғылыми-теориялық білім жүйесін қалыптастыру. Курс білім алушының ерекшеліктеріне, ақаулық тереңдігіне және мүмкіндіктеріне байланысты жеке білім беру бағытын когнитивті жобалауда мәдени қарым-қатынас құру әрекетін жүзеге асыруға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: гештальт-терапия негіздері бойынша магистранттардың теориялық білім жүйесін қалыптастыруда психологиялық тренинг бойынша практикум ұйымдастыруда психологиялық тұрғыдан жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағыттау. Курс білім берудегі психотерапия және психокоррекция негіздері бойынша білім жүйесіне негізделген гештальт терапиясы, психокоррекция және психотерапия әдістерін педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінде практика жүзінде қолдануға үйрету.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: андрогогиканың теориялық негіздері, ересектерге білім берудің заманауи мәселелері, ересектерге білім беру технологияларын жобалау туралы идеяларды қалыптастыру. Курс ересектерге білім беру үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін диагностикалау әдістері мен технологияларын игеруге бағытталған; педагогикалық жағдаяттарды бағалау және ересектердің қоғамға және табиғи ортаға бейімделуіндегі білім берудегі интеграциялық үдерістерді зерделеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әр түрлі психологиялық кеңес беру және жүйелі бақылау мектептерінің ғылыми-әдістемелік тәсілдерін талдау негізінде білім алушының құзыретінде арт-технология әдістерін қолдануға кәсіби даярлығын қалыптастыру. Пән оқыту үдерісінде арт-терапияның негізгі әдістері мен түрлерін тиімді пайдалануға, тәрбиелік мүмкіндіктерін ашуда өмірлік және зияткерлік дағдыларды дамытуда психотерапиялық байланысын меңгеруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім алушылардың белсенді түрлендіру қызметінің құзыреттіліктерін игеру, оқыту үдерісін жобалау және ұйымдастыру, білім беру ұйымдарын дамыту тиімділігінің өлшемшарттарын айқындау. Курс заманауи білім беру технологияларын жобалауға, оларды ЖОО жүйесінде педагог-психологтың инновациялық қызметінің мазмұны мен құрылымына, принциптері мен шарттарына сәйкес келетін дәстүрлі, зияткерлік және инновациялық технологиялар мысалында жіктеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: инклюзия мен эксклюзия әлеуметтік қатынастар мәдениетінің көрсеткіштері ретінде қарастырып, инклюзивті және эксклюзивті білім беру теориясы мен стандарттарын дамыту мәселелері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Курс білім беру жүйесінде инклюзивті және эксклюзивті ортасын жобалауға, әлеуметтік инклюзия индикаторлары ретінде осы саладағы зерттеулердің дамуына талдау жүргізуге бағыттау
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарда көшбасшылық теориясының, тұжырымдамасының, принциптері мен функцияларының базалық, кәсіби білімдерін, сондай-ақ менеджменттегі көшбасшылық қасиеттерді дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Курс білім берудегі көшбасшылық пен басқару психологиясының практикалық құралдарын игеруге, білім беру үдерісінде анықталған қақтығыстар мен стресстерді жою туралы шешім қабылдауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: нейролингвистикалық бағдарламалау саласындағы педагог-психологтың консультативтік және психотерапиялық тәжірибесінің негіздерін қалыптастыру және басқару қызметіндегі бағдарламаның негізгі технологияларын меңгеру. Курс қазіргі кезеңдегі нейролингвистикалық бағдарламалаудың негізгі ұғымдарын, принциптерін, мақсаттары мен міндеттерін игеруге және кәсіби қызметте нейролингвистикалық бағдарламалау моделі мен техникасын қолдануға бағытталған
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мәдени трансформация жағдайындағы заманауи жоғары білім беруде инновациялық әдістерді-дизайн-ойлауды қолдану қажеттілігіне байланысты. Курсты оқыту нәтижесінде білім алушының оқу жобаларын іске асыруда жаңа идеяларды іздестіруге және стресске төзімділік танытуға, қысқа уақыт аралығында түрлі деңгейдегі жағдаяттар шешімін табуға, аналитикалық ойлауының жаңа өнімдерін игеруге бағыт-бағдар береді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім беру сапасын басқарудың жүйелі білімін, құзыреттілігін қалыптастыру, сапаны әмбебап басқарудың негізін қалаушылардың теорияларын және сапаны басқарудың ғылыми мектептерінің маңызды ережелерін негіздеу. Курс жоғары білім беру сапасын басқарудың әдістері мен құралдары, технологиялары мен ерекшеліктері негізінде білім беру жүйесінің қызметін өзін-өзі бағалауды жобалауға, ұйымдастыруға және жүзеге асыруға бағытталған
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: дәстүрлерді сақтау жағдайында гендерлік білім берудің теориялық-практикалық негіздерін және әлеуметтік үдерістердің өсуінің тәжірибесін жинақтау, әлем және Қазақстан елдерінің ерлер мен әйелдердің жаңа гендерлік мінез-құлық үлгілерін қалыптастыру. Пән бағытталған мәдени жүйені игеру үдерісін және ғылыми-кәсіби қызметтің бағалау мен модельдеу үшін отбасылық қатынастар құрылымына әсерін анықтау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды жоғары мектепте оқытушылық қызметке даярлау; жоғары мектеп дидактикасы, педагогикалық қызметтің психологиялық және әдіснамалық-теориялық білім кешенімен қаруландыру.
ЖОО-ның оқу үдерісінде білім алушылармен нәтижелі өзара кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған психологиялық және педагогикалық пәндерді оқытудың әдістемесі мен технологияларын меңгерту.Пәннің
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттардың цифрлық білім беру үдерісінің дидактикалық мақсаттары мен құралдардының даму заңдылықтары мен үрдістерінің теориялық негіздерін қалыптастыру. Пән мазмұнында қашықтықтан оқыту үдерісінде цифрлық педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға негізделген цифрлық ортада білім беру үдерісін ұйымдастырудың стратегиялық, бағдарламалық, ғылыми-әдістемелік ұсынылымдарын ара-қашықтық оқыту үдерісінде тиімді пайдалануға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: эмоционалды интеллект туралы білімді тұлғаның өзгеретін жағдайларға бейімделуіне, эмоционалды интеллектті дамыту құралдарын игеруге, басқалардың эмоцияларын басқаруға және сындарлы түрде әсер етуге қабілетті интегралды ресурс ретінде қалыптастыру. Курс жетістікке жету және эмоцияларды басқару алгоритмі мен принциптерін, эмоционалды интеллекттің өзін-өзі диагностикалау әдістерін ашу үшін эмоцияларды пайдалану механизмдерін игеруге бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.