құқық бакалавры
ББ мақсаты жалпымәдени және кәсіптік құзыреттіліктерге және кеден ісі саласындағы іргелі базалық білімге ие, кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуді басқара алатын, кеден саласында құқық тәртібін қамтамасыз ете алатын, кеден органдары лауазымды тұлғаларының, мамандарының және кәсіптік саласындағы сарапшы функцияларын атқара алатын біліктілігі жоғары мамандарды даярлау болып табылады.
Кеден ісі
6B04203
Заң
бiрiншi жоғары бiлiм
күндізгі
0 (Каз.) 0 (Орыс.)
1700000 〒 (күндізгі, бiрiншi жоғары бiлiм)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, бiрiншi жоғары бiлiм)
2
РК(с оценкой)
Пәннің мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту және кәсіби қызметке дайындау үшін дене шынықтыру мен спорттың тиісті құралдарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке құзыреттерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде түлек білуі керек: адамның дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, жаттығу негіздері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әртүрлі практикалық жағдайларды шешу үшін конституциялық-құқықтық нормаларды қолдану, талдау, қорытынды жасау және конституциялық-құқықтық заңнаманы дамыту бойынша өз көзқарасын негіздеу қабілетін қалыптастыру.<br/> Окытылатын болады: Конституцияның негізгі ережелері, ҚР Конституциясының қалыптасу кезеңдері, конституциялық құрылыстың негіздері, ҚР азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздері, мемлекеттік тетік пен жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары зерделенетін болады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде қазақ (орыс) тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету. Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құралдарының жүйесі, тілдің мәдениет феномені және сөйлеу мәдениетінің ерекшелігі ретіндегі түсініктері; тіл әлемнің ұлттық тілдік бейнесінің элементі ретінде; қазақ (орыс) тілінің әлемдік кеңістіктегі мәртебесі зерделенеді.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мемлекет пен құқықтың қоғамдық-саяси институттар ретіндегі ерекшеліктерін талдау қабілетін қалыптастыру; құқық пен мемлекеттің міндеттері мен функцияларын сыныптай білу; Негізгі құқықтық санаттарды практикада қолдану; қазіргі заманғы мемлекеттік-құқықтық шындықты бағалау.<br/> Окытылатын болады: мемлекет және құқық ұғымы; құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам; құқық көздері; құқық жүйесі; құқықтық қатынастар, құқықтық сана, құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білімін, түсінігін, қабілетін елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер:Абай ілімі туралы түсінік; Абай ілімінің қайнар көздері; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімінің өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен маңызы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ғылым саласындағы танымдық іс-әрекетте дағдылар қалыптастыру. Ақпаратты түсіну және игеру үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. Зерттеу нысанын сипаттай білу. Ғылыми білімнің объективті мазмұнын алу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу әдістерін меңгеру. Негіздеу, бекіту, бағалау үшін зерттеудің аналитикалық және практикалық әдістері мен дәлелдеу жүйелерін қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі оқытылатын болады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: кәсіпкерлік теориясы мен тәжірибесін зерделеу негізінде кәсіпкерлік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Студент қабілетті: жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін нарық мүмкіндіктерін пайдалануға; бизнесті бастау туралы бастапқы шешімді қабылдауға; қолданыстағы құқықтық нормалар шеңберінде тиімді жұмыс жасауға; стартаптың әлеуетті нарықтық мүмкіндіктерін анықтауға және бағалауға.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.