бизнес және басқару магистрі
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы білім беру бағдарламасының мақсаты - қаржылық, басқару, салық есебі, талдау және аудит саласында жоғары білікті, құзіретті және еңбек нарығында сұранысқа ие кең бейінді мамандарды дайындау. Бағдарлама білім алушыларда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, бизнесті басқаруда талдау нәтижелерін пайдалану үшін талдау жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, аудит объектісінің негізгі бизнес-үдерістерін сипаттау және сыни тұрғыдан түсіну, аудиттелетін тұлға бизнесінің негізгі тәуекелдерін анықтау, тиімді басқару шешімдерін әзірлеу саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастырады.
Есеп және аудит
7M04118
Экономика және бизнес жоғары мектебі
бейіндік бағыт
күндізгі
2000000 〒 (күндізгі, бейіндік бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, бейіндік бағыт)
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: аудиттің әдістемесі және әдістер саласындағы білімді қалыптастыру, халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыларды дамыту және заңнамамен қамтамасыз ету.

Магистрант қаблеттілікке ие болады:
- халықаралық аудит стандарттарының нормалары мен талаптарын талдау және түсіндіру;
- стандарттардың негізгі топтарының жіктелуін, құрылымын және ерекшеліктерін түсіндіру;
-аудиторлық дәлелдемелерді, аудиторлық тәуекелдер мен маңыздыларды, аудиторлық процедураларды жинау және бағалау жоспарлау және жүргізу.
- аудиторлық дәлелдемелердің сенімділігін бағалау және жұмыс құжаттарын дайындау;
- аудиторлық есепті дайындау әдістемесін меңгеру.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: менеджменттің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектілері туралы жүйелі білімді қалыптастыру. Менеджмент пәні басқарудың теориясы мен практикасының сұрақтары; менеджментттің тарихы, менеджмент мектептері мен заманауи тұжырымдамалары; ұйымды басқару функциялары мен әдістері; ұйымдастырушылық құрылым типтері; ұйымның ішкі және сыртқы ортасы; шешім қабылдау модельдері мен әдістері; жоспарлау әдістері; мотивация және бақылау, басқару стильдері мен көшбасшылық теорияларын оқытуға бағдарланған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының теориялық негіздерін және қаржылық есептілікті жасаудың концептуалды негіздеріне сәйкес бухгалтерлік есеп пен есеп беру саласындағы практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Магистрант қаблеттілікке ие болады:

-ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасау тұжырымдамасы мен принциптерін ашу;
- бухгалтерлік есеп құжаттарындағы қаржылық есеп беру элементтерінің бухгалтерлік тіркелуін бағалау;
- есеп беру ақпаратының қалыптасуының негізділігін тексеру;
-ХҚЕС талаптары негізінде есеп берудің негізгі нысандарын жасау.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: аналитикалық есептеулердің терең теориялық білімі мен практикалық дағдыларын талдау технологиясын сақтай отырып, басқарушылық мәселелерді шешудің заманауи әдістерін қалыптастыру.
Пәнді оқу нәтижесінде:
1. аналитикалық есептермен байланысты теориялық білімдерін көрсетуге;
2. бизнес құнын талдаудың негізгі әдіснамалық принциптерін қолдануға;
3. компанияның құнын талдау және бағалау технологиясын қатаң сақтауға;
4. кәсіпорынның нарықтық құнын анықтауға, бизнесті бағалау бойынша зерттеу жобаларын әзірлеуге қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: салықтық тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, аудиторлық қорытынды жасау бойынша терең теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
Магистрант қаблеттілігіне ие болады:
-салық аудитінің даму тұжырымдамалары мен теорияларын түсіндіру;
-салық есебі мен есеп беру деректерінің дұрыстығын бағалау;
- ішкі аудит объектілерін, тәуекелдерді, ақпарат элементтері арасындағы тәуелділікті талдау және объективті қорытындылар жасау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Заманауи стратегиялық басқару есеп жүйелерін енгізуде теориялық білімді қалыптастыру және практикалық дағдыларды меңгеру.
Магистрант қаблеттілікке ие болады:
-стратегиялық есеп, жоспарлау, болжау және талдау, есеп беру процестерін қорытындылау;
- стратегиялық басқару шығындарын жіктеу және олардың есебін жүргізу;
- компанияның құнын, қоршаған орта факторларын, тәуекелдерді анықтау және бағалау және стратегиялық бюджеттерді құру дағдыларын меңгеру;
- ұзақ мерзімді инвестициялар мен инновациялар, бизнес сегменттері бойынша шешім қабылдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару есебінің мәні, ерекшеліктері мен критерийлері, жалпы принциптері құрылудағы, прогрессивті нысандары мен әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Магистрант қаблеттілікке ие болады:
- бухгалтерлік және аналитикалық ақпаратты алудың, өңдеудің және қалыптастырудың өзіндік әдістерін меңгеру;
- бизнес-процестерді басқаруды есеп -аналитикалық қамтамасыз ету үшін ақпарат құрамын зерттеу;
- шығындар есебін және өзіндік құн калькуляциясын жүргізу;
- ұйым қызметін басқару тиімділігін талдау.