философия докторы (PhD)
Жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру салалары үшін кәсіби кадрларды сапалы дайындау, түркітанудың қазіргі заманғы мәселелерінің негізгі теорияларын, әдіснамаларын және зерттеу принциптерін меңгерту. Оқу бағдарламасының нәтижесінде кәсіби білікті түркітанушы, зерттеуші, жоғары оқу орнының оқытушысы мамандары даярланады.
Түркітану
8D02208
Филология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өз идеяларын, ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын құрылымдау. Ғылыми жұмысты жазудың негізгі әдіснамалық тәсілдерін қарау, идеяларды жазбаша түрде дәлелдеу, академиялық жұмыстарды құрылымдау тәсілдерін пайдалану, сілтемелерді, библиографияны шет тілінде ресімдеу, ғылыми мақалаларды Q1-Q4 көрсеткіштері бар журналдарда және импакт-факторы жоғары немесе JCR-дәйексөзді басылымдарда жариялау құралдары көрсетіледі.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби саладағы зерттеу міндеттерін алдыға қою мен шешу үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білімді қолдануды қамтамасыз ететін құзіреттерді қалыптастыру. <br/> Қарастырылады: дербес және ұжымдық жоспарлау әдістері; зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыруды және өткізу; зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау; нәтижелерді апробациялау және ғылыми рәсімдеу; ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қызметке енгізуді және коммерциализациялау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: түркітану ғылымының іргелі және қолданбалы бөлімдерінде ғылыми жұмыстарды сыни түрде түсіну, талдау, зерттеудің эмпирикалық сатысына негіз ретінде бастапқы теориялық ұстанымдарды таңдау. Әлемдік түркі институттарының ғылыми қызметінің тарихы, жұмыс істеу мәселелері және осы институттардың мұрағаттарынан жаңа материалдарды тарту қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: тіл философиясы, тілдің пайда болуы, дамуы, қалыптасуы, стильдік тармақталуы, жалпы тіл және қоғам түсінігін салыстырмалы талдап, зерделеу. Сондай-ақ, түркітану методологиясын, алғашқы адамдар, түркі халықтары этногенезі, алғашқы ұлттық мемлекет, өркениеттік өрлеу және қалыптасу жайлы кешенді білім беруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: көне түркілік ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі түркі тілдерінің дамуына әсер ететін факторларды анықтауға, тіларалық байланыстарға ғылыми талдау жасауға, ортақ лексика-фразеологиялық қорды жүйелеуге, түркі ата тілінің негізін анықтауға бағытталған. Түркі тілдеріндегі фразеологизмдердің шығу тарихы, семантикасы, тілдегі қолданылуы, ұйытқы фразеологизмдер алғышарттары салыстырмалы-тарихи, синхрондық-сипаттамалы аспектіде талданады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: докторанттарды мәдени мұралардың деректанымдық қайнар көздерімен, әлемдік, отандық мәдени ескерткіштерге қатысты деректер мен ғылыми базаны қолдану ұстанымдарымен сыни талдауға бейімдеу. Сондай-ақ, жалпытүркілік кеңістіктегі мәдени мұраларды деректану тұрғысынан цифрландыру, саладағы әлемдік деректаным нәтижелерін үйрену, дерекнама базасының қалыптасуы жайлы кешенді білім беруге, ғалымдардың дерекнамалық ізденістеріне қатысты сараптамалық блокты игертуге бағыттау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жалпытүркілік жазба ескерткіштер тілінің ерекшеліктерін айқындау, VI-IX ғасыр түркі жазба ескерткіштері тіліндегі дифференциациялық және интеграциялық лингвоиндикаторлар негізінде көнетүркілік мәтіндердің фонетикалық, морфологиялық құрылымның қазіргі түркі тілдерінде сақталу деңгейін талдау және мәтіндерді аудару методологиясын саралау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: түркі халықтарының жазбаша ескерткіштері мен дереккөздерін, тарих, дипломатия, түркітілдес мемлекеттер мен халықтардың халықаралық қарым-қатынасын, жазбаша ескерткіштерді зерттеу әдістері мен тәсілдерін, зерттеушінің кәсіби лабораториясында докторанттарды бастапқы дереккөздерді және тарихнамалық материалдарды пайдалану арқылы талдау жасауға бағыттау.