философия докторы (PhD)
Қазіргі туризмнің ғылыми негіздерін түсіндіруге қабілеті бар жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; ғылыми зерттеуді жүзеге асыру кезінде осы білімдерді одан әрі қолдану мақсатында қазіргі заманғы туризм индустриясының жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру; туризм индустриясының перспективалы бағыттарын дамытуға арналған проекциямен бірге әдіснаманы таңдау, материалды зерттеу объектісіне сәйкес дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру; өзінің және өзге де ғылыми қызметінің қандай да бір өніміне баға беру және оның маңыздылығын айқындау; ғылыми пікірталастар барысында, оның ішінде шет тілінде өзінің ғылыми пікірін білдіру және қорғау; жоғарғы мектепте ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру; басқарудың заманауи қағидалары, әдістері мен функциялары негізінде туристік индустриялық ұйымдарды басқарады.
Бағдарлама отандық және шетелдік профильді университеттердің құрылымдық, әдістемелік және ұйымдастырушылық инновацияларын, таңдаулы зерттеу саласында зияткерлік және жеке дамуды, кәсіби жетілдіруді көздейтін оқытудың жеке траекториясын қоса алғанда, туристік білім беру жүйесінің қазіргі заманғы трендтерін ескереді.
Туризм
8D11101
География және табиғатты пайдалану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнніңмақсаты:
PhD докторанттардың халықаралық гранттық қаржыландыру шеңберінде зерттеулерге өтінім дайындау үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
Зерделенетін болады: ұлттық гранттық және халықаралық қаржыландыру үшін ғылыми өтінімдердің құрылымы, ғылыми жобаның бюджетін дайындау, зерттеу тобын қалыптастыру, Scopus/WoS базаларына енетін туризм саласындағы жоғары рейтингтік журналдарда мақалаларды жазу ерекшеліктері.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: туризм және қонақжайлылық индустриясының қазіргі жағдайын талдау үшін ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен теориясын жүйелі түсіну қабілетін қалыптастыру.
Зерделенетін болады: туризм туралы ғылымның мазмұны мен функциялары; өткен және қазіргі кезеңдегі ғылыми зерттеулердің парадигмалары; ғылыми кадрларды аттестаттау жүйесі; туристік зерттеулерде білім алудың әдіснамасы мен әдістері, зияткерлік меншік
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ақпараттармен жүйелі жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру, туризмнің тұрақты моделін әзірлеу, перспективалы жоспарлау үшін қажетті мәліметтерді түсіндіру.
Зерттелетін болады: логикалық құрылымдарды моделдеуде, схемалар мен процестерді визуалдауда зияткерлік дағдылардың рөлі; басқару процестерін технологияландыру және моделдеу; туризм туралы деректерді генерациялау, өңдеу; кәсіпорынды басқару сценарийлерін қалыптастыру, бизнес-серіктестердің, клиенттердің және турфирма қызметкерлерінің мінез-құлқын қалыптастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім беру траекториясын сапалы құру үшін ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұнының көлемі мен құрылымын анықтау, оқытудың әртүрлі жүйесі негізінде педагогикалық кәсіби қызмет қабілетін қалыптастыру.
Зерттелетін болады: жоғары туристік білім беру жүйесіндегі педагогикалық шеберліктің бағыттары, жетілдіру жолдары, оның ішінде белгілі мамандар мысалында; ЕТҚ-дағы типтік, эксперименттік және инновациялық оқыту жүйелері мен технологиялары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: корпоративтік қаржы теориясы мен практикасы дамуының қазіргі бағыттарын, қаржылық шешімдерді талдау моделдерінің ерекшеліктерін, оларды эмпирикалық тексеру нәтижелері мен құралдарын, жетілген және дамушы туризм нарықтары жағдайында тану қабілетін қалыптастыру.
Қаралатын болады: қаржылық шешімдерді талдау үлгілері; әр тараптандырылған компаниялар капиталының ішкі нарықтары; туризмді дамыту перспективаларын ескере отырып, капиталдың ішкі нарықтарының тиімділігін арттыру тәсілдері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Туризмдегі қолданбалы ғылыми зерттеулерді (ҚҒЗ) басқару, жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру саласындағы қабілеттерін қалыптастыру.
Зерттелетін болады: туризмдегі қолданбалы ғылыми зерттеулерді жобалаудың әдіснамалық негіздері; ҚҒЗ-ді жобалау бойынша жұмыс кезеңдері; туризмдегі ҚҒЗ-дің жекелеген түрлерін жобалауды ресурстық қамтамасыз ету.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: туризм саласындағы мемлекеттік жобалауды оңтайландыруға ықпал ететін Қазақстан мысалында қазіргі экономикалық жағдайларда туризм саласындағы мемлекеттік жобалардың тиімділігін бағалау қабілетін қалыптастыру.
Зерттелетін болады: туризм саласын мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері мен үлгілері; туризм саласын мемлекеттік басқару органдарының қызметі; шет елдердегі туризм саласын тиімді мемлекеттік басқару тәжірибесін талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: туризмді аумақтық ұйымдастырудың практикалық міндеттерін шешу үшін GIS-технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Зерттелетін болады: қазіргі заманғы ГАЖ-технологиялар; туризм инфрақұрылым объектілерін орналастыру және зерделеу үшін ГАЖ-технологияларды қолдану саласы; туристік кластерлер мен дестинациялардың картографиялық модельдерін құру үшін GIS мүмкіндіктері (ArcGIS мысалында).
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.