философия докторы PhD
Халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, фармацевтикалық ғылымдар мен технологиялар тұжырымдамасын терең түсінетін, ғылыми-педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға және қауіпсіз әрі тиімді дәрілік заттардың инновациялық фармацевтикалық өндірісін ұйымдастыруға бейімді, бәсекеге қабілетті көпжақты бейінді мамандарды даярлау; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, Тиісті фармацевтикалық тәжірибе (GMP, GDP, GPP, GSP) саласында қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес және маркетинг пен менеджменттің қазіргі заманғы принциптерін қолдана отырып дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдармен айналысу саласындағы субъектілердің қызметін жоспарлау және басқару.
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
8D07201
Химия және химиялық технология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасауға қажетті жазбаша ғылыми коммуникация саласында білік пен дағдыларды қолдану қабілетін қалыптастыру.<br/> Пән ғылыми саладағы коммуникацияның ерекшеліктерін; ғылыми тілдің негізгі сапасын; ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін; ғылыми жұмыстардың стильдері мен жанрларын; мәтіндердің құрылымдық типтерін; сөйлеу мәдениетін дамыту; сауаттылық деңгейін арттыруды оқытады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: докторанттың диссертациялық жұмысты орындау кезінде ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен әдіснамаларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән аясында қарастырылады: ғылыми зерттеулердің әдістері мен әдіснамалары; докторанттың ғылыми зерттеулеріне заманауи эксперименттік тәсілдер; ғылыми экспериментті жоспарлаудың кезеңдері мен принциптері; ғылыми зерттеулердегі компьютерлік эксперименттің ерекшелігі; экспериментті өткізу, нәтижелерін өңдеу және түсіндіру ережелері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: фармацевтикалық өндірісте тиімді фармацевтикалық тәжірибенің стандарттарын енгізу қабілетін дамыту. Пән жақсы фармацевтикалық тәжірибе жағдайында фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негізін құрайды, тиімді мониторинг және бақылау жүйелерін қолдану арқылы дәрілік заттарды әзірлеу, өндіру, шығару және айналымы процесін жүргізу және бақылаудың халықаралық стандарттарын зерделеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Тиісті тәжірибелер (GxP) талаптарына сәйкес дәрілік заттардың фармакокинетикалық зерттеулері, биоэквиваленттік зерттеулердің барлық кезеңдері, биологиялық матрицадағы зерттелетін заттарды сандық анықтау әдістерінің валидациясы туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Пән биоэквиваленттілік ұғымының ғылыми-әдістемелік негізін және оны жүзеге асыру әдістерін құрайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жаңа дәрілік заттар мен дәрілік формаларды әзірлеуде, олардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарын жүргізу үшін компьютерлік және математикалық модельдеуді қолдану қабілетін дамыту. Пән жаңа дәрілік заттарды құрудың, олардың дозалау режимін, енгізудің оңтайлы жолдарын, емдеу ұзақтығын, ем тиімсіз немесе пациенттердің төзімділігі нашар болған жағдайда оларды түзетудің теориялық және әдістемелік негізін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қажетті қасиеттер кешені бар медика-биологиялық мақсаттағы мультифункционалды полимерлік материалдарды алу үшін макромолекулалық дизайн принциптерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән заманауи және жаңа әдістер мен технологияларды, полимерлерді жобалау принциптерін, соның ішінде берілген қасиеттері бар полимерлі материалдарды жасау және зерттеу үшін қолданылатын мономерлер мен синтез әдістерін таңдауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: метаболизм реакцияларына негізделген дәрі-дәрмектердің әсерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру, алдынғы препараттарды жасау үшін ағзадағы түрлендіру өнімдеріне баға беру. Пән органикалық қосылыстардың фармакофорларының реакциялары мен метаболизмдік жағдайларын жіктеудің теориялық және әдістемелік негіздерін, алғы препараттарды жасау үшін олардың организмдегі тұрақтылығын бағалауды және жаңа дәрілік формаларды жасау принциптерін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: нано-дәрілік заттарды дамытудың теориялық негіздерінің тұтас жүйесін ұсыну, нано-дәрілік заттардың сапасын құру және бағалау кезінде фармацевтикалық химия принциптерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән іргелі химия ғылымдары мен нанобиомедициналық технологиялардың заманауи жетістіктерін, биотехнологиялық нано-дәрілік заттарды алу көздері мен әдістерін, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін, химиялық құрылымның фармакологиялық қасиеттермен байланысын қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өсімдіктердің химиялық құрамын белгілеу және олардың негізінде бірегей дәрілік субстанциялар мен препараттарды өндірудің инновациялық технологияларын әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Пән субстанциялардың белсенді заттарының құрылымы, химиялық және биологиялық қасиеттері, олардың биологиялық қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін фитопрепараттар өндірісінің неғұрлым ұтымды, экономикалық және экологиялық негізделген технологияларын таңдау туралы білімді қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қазіргі заманғы спектрлік және хроматографиялық әдістерді қолдана отырып, әртүрлі дәрілік формалардағы шөптік дәрілік заттар мен шөптік препараттардың белсенді заттарының ұсақ құрылымын анықтау қабілетін дамыту. Пән УК-, массалық-, 1Н-ЯМР-, 31С-ЯМР- спектрлері, жұқа қабатты, газ, газ-сұйықтық және жоғары өнімді сұйықтық хроматография әдістерін қолдану арқылы әртүрлі дәрілік заттарды зерттеу және идентификациялау әдістемесінің теориялық және әдістемелік негізін құрайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: полимерлер негізіндегі дәрілік заттар мен биоматериалдарды жеткізудің жаңа және инновациялық жүйелерін әзірлеу және талдау, олардың тиімділігін, биоүйлесімділігін және функционалдық қасиеттерін бағалау қабілетін дамыту. Пән полимерлерді жеткізу жүйесін жобалаудың, қасиеттерін бағалаудың және медицина мен фармацевтикада қолданылуының теориялық және әдістемелік негізін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: биологиялық белсенді қосылыстардың мақсатты синтезін жоспарлау қабілетін қалыптастыру, берілген затты алу тәсілін оңтайландыру үшін берілген құрылымды жобалау нұсқаларын бағалау.Пән жаңа дәрілік заттарды мақсатты жобалау (дәрілік дизайн), молекулалық модельдеу және биологиялық белсенділікті виртуалды скрининг әдістері негізінде берілген биологиялық белсенді заттың құрылымын синтездеу схемаларын дәлелді құрудың теориялық және әдістемелік негізін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: маркетингтік стратегияларды, маркетингтік жоспарларды әзірлеу, брендті басқару, сондай-ақ маркетингтік науқандардың тиімділігін бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән фармацевтика саласы контекстіндегі маркетингтік қызмет пен басқару негіздерін, маркетингтік зерттеулердің негізгі принциптері мен әдістерін, фармацевтикалық өнімдерді жылжыту стратегияларын, нарықты талдауды және фармацевтикалық компаниялардағы өндірістік және бизнес-процестерді басқаруды зерттеуге бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.