өнертану ғылымдарының магистрі
ББ мақсаты. "Кино және телережиссура" білім беру бағдарламасының мақсаты – цифрлық орта талаптарына жауап беретін аудиовизуалды туындылар жасаудың ғылыми негіздерін зерделеуге және білім экономикасы, мәдениет және цифрлық медиа саласында бірегей траектория құруға қабілетті аудиовизуалды медиа саласында жоғары білікті және құзыретті мамандарды даярлау.
Кино және телережиссура
7M02106
Журналистика
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
Мақсаты - кино және медианың әртүрлі аспектілерін, соның ішінде тарихты, эстетиканы, технологияларын, әлеуметтік және мәдени әсерді зерттеу және кино мен медианың - адамдардың ақпаратты қабылдауына, көзқарасы мен мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлін тереңірек түсіну. <br/> Пән - кино және медианың қоғам және мәдениетті бейнелеуді және әсер ету тәсілдерін зерттейді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат - кейіпкерлер мен баяндаудың артындағы психологиялық құрылымдарды зерттеу.<br/> Пән бағдарламасы: 1. Кейіпкерлерді талдау: кейіпкерлердің дамуын зерттеу, мотивтерін түсіну; 2. Оқиғалардың көрермендердің сенімдері мен мінез-құлқына қалай әсер ететінін зерттеу; 3. Мықты кейіпкері бар сюжеттердің әлеуметтік әсерін және олардың мәдени құндылықтар мен нормаларды қалыптастырудағы рөлін талдау. Пән фильмдерде кейіпкерлер мен қызықты оқиғаларды құруға ықпал ететін психологиялық аспектілерді зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - өнер эстетикасы, теория және практиканы байланыстыра отырып, бейнелеу өнер түрлері мен кинематографиялық баяндаудың қиылысын зерттеу.<br/> Мазмұны - ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі өнер түрлерінің тарихы мен эволюциясы (әр түрлі көркемдік ағымдар, стильдер мен техникалар зерттеліп, негізгі фигуралар, теориялар мен әлеуметтік және мәдени контексттердің әсері қарастырылады); Визуалды талдау: өнер туындылары мен кинофильмдерді олардың формальды элементтерін (түсі, құрамы, формасы, кескіндері) және символизм және көркемдік ойын мұқият зерттеу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - кино және теледидар режиссурасының көркемдік және техникалық аспектілеріне ерекше назар аудара отырып, білім алушылардың режиссерлік дағдыларын жетілдіру және дамыту. Курс режиссердің бірегей көзқарасын, актерлермен және түсірілім ұжымымен жұмыс істеудің озық әдістерін, сондай-ақ күрделі сюжеттерді экранға әкелу қабілетін дамытуға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - студенттердің сценарий жазу дағдыларын жетілдіру, оларға терең мағыналы сюжеттер, пысықталған кейіпкерлер, астыртын мағаналы диалогтар және негізгі ой-түйіні бар әңгімелер құруға мүмкіндік беру. <br/> Мазмұны - бұл пән – сюжеттік мотив, кейіпкердің тақырыптық сипаты бар визуалды бейнені, диалог құруды, әрекет арқылы жанжалды көрсетуді және т.б. қамтитын жаңартылған баяндау құрылымдары мен cторителлинг әдістеріне бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – Азия және Еуропа кинематографиясының даму тарихын, олардың қалыптасу ерекшеліктерін және өзара әсер ету ерекшеліктерін объективті бағалау қабілетін қалыптастыру; олардың ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы талдау әдістерін меңгеру; дүниежүзілік киноиндустрияның даму тенденцияларында жалпы және арнайы үрдіс- қалпын ажырату; алған білімдерін қазіргі кинопроцессті талдау аясында қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - әлемдік және жергілікті киноиндустриядағы қоғаммен байланыстың (PR) пайда болуын және фильмдердің қоғаммен байланыс әдістері арқылы бүкіл әлемде және аймақтарда қалай насихатталатынын, брендтелетінін және таралатынын зерттеу.
PR тарихы және кино өнері. Кино және PR технологиясы. Кино және PR науқандары. Кино және PR этикасы (шынайылық, ашықтық және мәдени ерекшеліктерді ескеру). Дағдарыстық коммуникациядағы фильмдер мен PR (табиғи апаттар, корпоративтік жанжалдар және саяси толқулар сияқты дағдарыстар кезінде тиімді қарым-қатынас жасау үшін фильмдерді пайдалану мысалдары). Кино және баспа басылымдарындағы брендинг және жарнама.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – білім алушылар арасында қазіргі медиа нарықты сыни бағалау үшін қажетті теориялық, мәдени және тарихи білімге баса назар аудара отырып, жаһандық медиа, жарнама, көркем және деректі фильмдер, аймақтық және әлемдік БАҚ саласындағы өндіріс пен тұтынудың басым және заманауи тәжірибелері туралы білім негізінде кино, теледидар және жаңа технологиялардың өзара байланысын бағалау қабілетін қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты - фильмдер мағынаны қалай жеткізеді, аудиторияға қалай әсер етеді және қоғам мен уақыт кезеңін қалай бейнелйтінін талдауды үйрену. Негізінде кино теориясы тарихи, мәдени, әлеуметтік контексттердегі фильмдер мен басқа да медиа жұмыстардың баяндау құрылымын, визуалды стилін және тақырыптық тереңдігін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - кинематографтың тарихи дамуын түсінуді тереңдету, сыни теорияларды, маңызды қозғалыстар мен ықпалды кинематографистерді зерттеу. Пән сонымен қатар білім алушылардың тарихи, саяси және мәдени контексттерінде фильмдерді сыни тұрғыдан талдау қабілетін арттыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты - білім алушылардың кино мен теледидарға арналған түпнұсқа туындыларын жасау дағдыларын қалыптастыру. Студенттер кейіпкерлерді құруды және жазуды, сюжеттерді құрылымдауды үйренеді және сценарий шеберлігінің әртүрлі әдістері мен техникаларын меңгеру арқылы визуалды баяндау тілін үйренеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - білім алушылардың кинематографияның баяндау, көркемдік, мәдени, экономикалық, саяси және социологиялық аспектілерін талдау дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: Кино теориясы (әңгімелеу құрылымы және мәдени көзқарастар мен құндылықтарды қалыптастырудағы және бейнелеудегі киноның рөлі); Киноанализ: жеке фильмдерді зерттеу; Кино және қоғам: кино мен қоғам арасындағы байланысты зерттеу (фильмдер шығарылатын және тұтынылатын әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайларды зерттеу). Кино және өнер: кино мен басқа өнер түрлерінің арасындағы байланысты зерттеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты - қазақ кинематографиясының алғашқы кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі дамуын зерттеу. Бұл курс қазақ киносын қалыптастырған тарихи, мәдени және әлеуметтік контексттер туралы жан-жақты түсінік беруге, киноның қазақ қоғамын бейнелеу және оған әсер ету тәсілдерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты - білім алушыларға кино монтажының шығармашылық және техникалық әдістерін үйрету. Оқушылар монтаж арқылы баяндауды, эмоционалды әсерді күшейту және кинематографтағы семантикалық байланыстарды құру үшін монтаж әдңстерін пайдалануды үйренеді.
Бағдарлама монтаж негіздерін, ритм мен қарқын теориясын, сондай-ақ көркемдік әсерге қол жеткізу үшін кадрлар мен көріністерді біріктіру әдістерін зерттеуді қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – кадр құрылысының композициялық және кеңістіктегі басқа да ерекшеліктерін, сондай-ақ оператордың кәсіби жұмысының басты технологияларын терең білу. Пән білім алушылардың операторлық шеберлікті зерттеу саласындағы білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға және оларды өндірістік-шығармашылық жұмысқа баулуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: білім алушыларды кино өндірісі саласындағы кәсіби қызметке дайындау. Студенттер жобаларды әзірлеуді, бюджеттерді басқаруды, келісімшарттар жасауды және келіссөздер жүргізуді үйренеді, сонымен қатар маркетинг пен фильмдерді тарату дағдыларын үйренеді.
Бағдарлама: Курс препродакшн (өндіріске дейінгі) дайындықтан бастап, пост-продакшн (өндірістен кейін) кезеңі және фильмнің нарыққа шығуына дейінгі барлық аспектілерді қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты – режиссердің драматург, оператор, суретші, дыбыс инженері және продюсермен фильмде жұмыс жасаудағы жұмысына ерекше назар аудара отырып, актерлермен, түсірілім тобымен және шығармашылық процесті басқарудың әртүрлі әдістерін үйрену арқылы студенттердің кино және телефильм жасау дағдыларын қалыптастыру. Cонымен қатар, бұл пән, оқушылардың өздерінің бірегей сторителлинг тілін табуға шақыра отырып, кино өнерінің дамуына ықпал етеді.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.