заң ғылымдарының магистрі
Еңбек құқығы, әлеуметтік-қамтамасыздандыру қатынастары
7M04237
Заң
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- өндірісте, барлық экономика салаларында, еңбек қауіпсіздігі туралы халықаралық, аумақтық, ұлттық стандарттарын, теориялық, тәжірибелік сұрақтарын зерттеу.
Зерттеуге алынады: халықаралық шарттар, заңнамалық актілер, экономика салалары, жұмыс түрлері бойынша бекітілген техникалық регламенттер, өрт, техникалық, санитарлық басқа да нормативтер.
Адам капиталын дамыту бағытындағы негізгі міндет- өнеркәсіптік инфрақұрылымды жақсарту болып табылады
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - Тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты заңнама, құқық қолдану, сотта іс қарау тәжірибелерін, еңбек шарттарының, контрактілердің сипатын, айырмашылықтарын зерттеу.
Зерттеуге алынады мемлекеттік органдарда, әскери қызмет саласында еңбек туралы келісімдер, шешімдер, бұйрықтар, басқа да актілердің дайындалу, бекітілу ерекшеліктері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- еңбек қатынастарында жұмыс берушімен жұмыскерлердің еңбек жағдайларын анықтау үшін шешімдер, актілер қабылдау, не өздеріне жүктеген міндеттерін орындамау барысында туындайтын қайшылық не дауларды шешу жөніндегі теориялық, тәжірибелік сұрақтарды зерттеу және анықтау.
Зерттеуге алынады: еңбек қайшылықтарын, дауларды шешуде қолданылатын халықаралық шарттар, заңнамалық актілер, сот, әкімшілік шешім қабылдау тәжірибесі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- еңбек құқығында құқықтық жауапкершіліктің ұғымын, жауакершілік түрлерінің сипатын талдауға алу.
Зерттеуге, талдауға алынады: заңнама және құқық қолдану тәжірибесі, тәртіптік және материалдық жауапкершілік түрлерінің құқықтық маңызы олардың айырмашылықтары, шектес қатынастар ретіндегі маңызы, жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің құқықтарын қамтамасыз етуде қолданылатын тәсілдер.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты — республикалық, салалық, аумақтық, ұйымдар деңгейінде әлеуметтік әріптестік жүйесін, келісімдердің, ұжымдық және басқа да шарттардың жасалу талаптарын зерттеу.
Зерттеуге алынады: мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыру концепциялары негізінде еңбек, әлеуметтік, азаматтық, әкімшілік, заңнамасының теориясы.
Кәсіпкерлік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес кәсіпкерлер мемлекеттің әлеуметтік әріптестік бағытындағы саясатын , реттеуге қатысады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – азаматтарға медициналық қызмет көрсетуді құқықтық реттеудің ерекшеліктерін талдау, азаматтарға медициналық қызмет көрсету туралы заңнамадағы олқылықтарды анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Курста азаматтарға медициналық қызмет көрсетудің мазмұны, мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары; медициналық қызмет көрсету объектілері мен субъектілері; азаматтарға медициналық қызмет көрсету білімі негізінде кәсіби қызметті жүзеге асыру әдістері; азаматтарға медициналық қызмет көрсетуді құқықтық реттеу саласындағы практикалық мәселелерді шешу дағдылары мен іскерліктері зерделенетін болады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- еңбекке қабілетсіз, қабілеттілігі шектелген адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету, оларға профилактика, диагностика жүргізу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру, тәуекелдердің алдын алу, азаматтарды оңалтудың механизмдерін қолдана білу, құқық қолдану тәжірибесін зерттеу білім алушыларға жіктеледі.
Зерттеуге алынады: азаматтарды оңалту бағытындағы халықаралық, аумақтық және мемлекеттік стандарттар, салалық-заңнамалық актілер, әлеуметтік-әріптестік бағытындағы келісімдер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - әскери қызмет органдар жүйесінде қызметшілердің қызметін құқықтық реттеу, әскери құрылымдардың мәртебесін, әскери қызметшілердің қызметтік жағдайын, режімін, оларды материалдық, әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру теориясын, тәжірибесін зерттеу, анықтау.
Зерттеуге алынады әскери қызмет туралы заңдар, заңдарға тәуелді актілер, әскери құрылымдардың жарғылары, сотта, әкімшілік тәртіпте істерді, дауларды қарау тәжірибелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- жіберуші тараппен қызметкерлер құрамын (сыртқы еңбек ресурстарын) ұзақ мерзімдік контракт (келісім) негізінде қабылдап алушы тарапқа, оның басқаруына беру, оның өндірістік, инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында туындайтын еңбек қатынастарын зерттеу.
Зерттеуге алынады:, жұмыскерлер құрамын тікелей басқарушы, қабылдап алушыға беру жөніндегі заңнамалық актілер, келісімдер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – «рәсімдік-процессуалдық қатынастар», «рәсімдер», «процесс» ұғымдарын, айырмашылық белгілерін, құқықтық негіздемелерін анықтау.
Зерттеуге халықаралық шарттар, заңнама, құқық қолдану тәжірибесі, қарама қайшылықтарды, еңбек дауларын шешуде, қызметкер мен жұмыс берушілердің құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауда қолданылатын рәсімдер, әкімшілік, азаматтық процессуалдық заңнамамен айқындалатын рәсімдік, процессуалдық қатынастар алынады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – кадр саясатын мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдардың қызметтерінде қолдану негіздемелерін анықтау.
Зерттеуге алынады: аталмыш саясаттың жүргізілу тәжірибесі, ҚР Президентінің халыққа жолдаулары, ҚР Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы №828 «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Жарлығы, Еңбек, Азаматтық, Әлеуметтік, Кәсіпкерлік, ҚР ӘРПК, заңдар, әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- заңды тұлғалардың қызметін басқару, қаржылық басқа да корпоративтік шешімдер қабылдау, жұмыскерлер құрамын, іс-құжаттарды басқаруда коммерциялық, қызметтік құпияны сақтау жөніндегі теориялық, тәжірибелік сұрақтарды зерттеу және анықтау.
Зерттеуге алынады: корпоративтік, коммерциялық қатынастарды реттеуде қолданылатын заңнамалық актілер, осы бағыттағы халықаралық, ұлттық стандарттар, сотта және басқа да тәртіпте қайшылықтарды, дауларды шешу тәжірибелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - құқық қорғау органдар жүйесінде лауазымды тұлғалардың еңбегін құқықтық реттеу, органдар мәртебесін, қызметшілердің еңбек жағдайларын, оларды әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру жөніндегі заңнаманы қолдану теориясын, тәжірибесін зерттеу, анықтау.
Зерттеуге алынады лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау, оларды ротациялау, басқа лауазымға ауыстыру, мадақтау, материалдық қамтамасыз ету, еңбек дауларын шешу жөніндегі заңнамалық актілер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру жүйесін, әлеуметтік мемлекет, халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік жұмыстар және басқа да құқық институттарының маңызын анықтау.
Негізгі институттары- қызметкерлерді міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру, әлеуметтік жұмыстарды іске асыру.
Зерттеуге алынады: халықты әлеуметтік қорғау, сақтандыру жөніндегі халықаралық шарттар, заңнама әлеуметтік келісімдер, шарттар, жұмыс берушілермен анықталатын стандарттар, кепілдіктер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - еңбек, халықты әлеуметтік қорғау құқығы субъектілері-мемлекеттік органдардың, мемлекеттік, азаматтық қызметшілердің құқықтық мәртебесін, құқықтық, әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету механизмдерін зерттеу, анықтау.
Зерттеуге: заңнама,басқа да салалық құқықтық актілер, талдауға мемлекеттік, азаматтық қызметшілердің еңбек қатынастары, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың тәжірибелік сұрақтары, еңбекті ұйымдастыру ерекшеліктері, контрактілік қызметшілердің құқықтық мәртебесі алынады
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- өнеркәсіп саласында ұйымдар деңгейлерінде еңбек жағдайын анықтауда, еңбекті ұйымдастыруда, әлеуметтік-әріптестік бағытындағы келісімдерді, ұжымдық, еңбек шарттарын дайындауда ескерілетін техникалық, экологиялық, басқа да стандарттардың қолданылу тәжірибесін, теориясын зерттеу және анықтау.
Зерттеуге алынады: халықаралық, аумақтық және мемлекеттік стандарттар, салалық-заңнамалық актілер, келісімдер, жұмыс берушілер деңгейлерінде қолданылатын стандарттар тәжірибелер, актілер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- ұжымдық, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың салыстырмалы сипатын, аталмыш қатынастарды реттеуде тараптардың мәртебелерін, сол қатынастардың пайда болу, өзгеру және жойылуларына негіз болатын жағдаяттарды анықтау.
Зерттеуге алынады қоғамдық бақылауды күшейту туралы заңнамалық актілер, кәсіподақтардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеудегі тәжірибелері, дауларды қарауда ұжымдық келіссөздер жүргізу бағытындағы теориялық сұрақтар.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін, ҚР-мен ратификациядан өткізілген БҰҰ, Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын, басқа да халықаралық ұйымдардың құжаттарын, шетелдердің еңбек құқығын зерттеу болып табылады.
Зерттеуге алынады: халықаралық шарттар (конвенциялар, пактілер, келісімдер), заңнамалық актілер, халықаралық ұйымдардың ағымдағы құжаттары, соттардың, басқа да ұйымдардың шешімдері, құқық қолдану тәжірибесі
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-халықаралық, ұлттық стандарттар негізінде әлеуметтік қамсыздандыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін, халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымын, тарихын, ұлттық мәдени дәстүрлерін ескеріп әлеуметтік құқықтың базистік шарттарының, әлеуметтік тәуекелдердің туындау жағдайларын, құқықтық реттеу тәсілдерін зерттеу, анықтау. Зерттеуге алынады: халықаралық шарттар, ұлттық заңнама, әлеуметтік, экономикалық қатынастар жөніндегі стандарттар, кепілдіктер, әлеуметтік әріптестік бағытындағы келісімдер.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- халықты жұмыспен қамту жүйесін, жұмыстарға орналастыру нысандарын, құқықтық механизмдерін, уәкілетті органдардың құқықтық мәртебесін зерттеу және анықтау.
Зерттеуге алынады: халықты жұмыспен қамту жөніндегі заңнама нормаларын қолдану теориясы және тәжірибелері, сот, мемлекеттік жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүргізу, сәйкес тұлғаларды құқықтық жауапкершілікке тарту тәжірибелері.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.