жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Агробиотехнология саласында теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгерген ғылыми-педагогикалық, өндірістік-басқару қызметі үшін жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау
Агробиотехнология
7M05121
Биология және биотехнология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Селекция әдістерінің принциптерін талдау, популяцияларға генетикалық талдау жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімді қасиеттерін жақсарту үшін заманауи селекция әдістерін қолдану, селекциялық бағдарламаларды әзірлеу, селекциялық іс-шараларды жоспарлау қабілеттерін қалыптастыру. Пән асыл тұқымды іріктеу негіздерін, будандастыру және гибридизация әдістерін, тұқым қуалаушылықты, өзгергіштікті, ауыл шаруашылығы жануарларын өсірудегі заманауи биотехнологиялық әдістерді зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Биомолекулалардың жұмыс істеу механизмдерін талдау, гендік инженерия әдістерін меңгеру, шаруашылық-құнды белгілері бар өсімдіктердің жаңа түрлерін алу үшін синтетикалық биологиялық жүйелерді/конструкцияларды әзірлеу, ауыл шаруашылығындағы проблемаларды шешу үшін биомолекулалық технологияларды әзірлеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән генетикалық трансформация, геномды редакциялау, генотерапия, гендік дактилоскопия, генді нокауттау, генетикалық будандастыру және т.б. әдістерін зерттейді.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағдарланған. Оқу курсы ғылыми зерттеу процесінің теориялық және әдіснамалық негізін, олардың мақсаттарын, міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, сондай-ақ нәтижелерді қолдану салаларын қалыптастырады. Пән ғылыми әдістеменің негіздерін, әдеби-эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістемесін, ғылыми жарияланымдар мен жобаларды дайындау және рецензиялау ережелерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Өсімдік материалдарын биоөңдеу процестерінің биохимиялық және микробиологиялық принциптерін талдау, биологиялық ыдырайтын материалдар, биоотын, биопестицидтер, био тыңайтқыштар сияқты өсімдік материалдарын биоөңдеу негізінде жаңа өнімдер мен технологияларды әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Пән өсімдік материалдардың, жанама өнімдердің, қайта өңдеу қалдықтардың терең биотехнологиялық өңдеу негіздерін, осы технологияларды ауыл шаруашылығында, биоэнергетикада, экологиялық бағдарламаларда қолдануды зерттейді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Өсімдіктер биотехнологиясындағы селекциялық бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін биотехнологиялық әдістерді талдау және салыстыру, биотехнологиялық өнімдер мен процестерді әзірлеу, өсімдіктердің стресске, ауруларға және зиянкестерге төзімділігін жақсарту үшін биотехнологиялық әдістерді қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән өсімдік ұлпа және жасуша культура, гендік трансформация, молекулалық маркерлер, геномдық редакциялау, геномдық селекция әдістерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Өсімдіктердің төзімділігімен байланысты физиологиялық процестердің молекулалық негіздерін талдау және түсіндіру, молекулалық механизмдер мен төзімділік стратегияларын, стресс жағдайында реттеу әдістерін өнімділігі жоғары өсімдіктердің жаңа төзімді формаларын алу үшін инновациялық зерттеулерде қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән стресстің түрлерін, өсімдіктердің бейімделу стратегияларын, стресске төзімділіктің молекулалық механизмдерін зерттейді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Экономикалық құнды белгілерді анықтайтын физиологиялық процестерді талдау, өсімдіктердің стресстік жағдайлары, қоректік заттардың жетіспеушілігі, төмен өнімділік сияқты физиологиялық мәселелерді шешу бойынша зерттеулер жүргізу үшін физиолгиялық әдістерді қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән өсімдіктердің фотосинтетикалық өнімділігін, азот алмасуы, тыныс алу, минералды тамақтану процестерін, агробиотехнологияның қолданбалы аспектілеріндегі фитогормондардың рөлін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Агроэкология принциптерін, агроэкожүйелердің тұрақтылығына әсер ететін экологиялық факторларды талдау, агроэкожүйелердегі экологиялық проблемаларды анықтау және шешу, табиғи ресурстарды сақтайтын тұрақты ауылшаруашылық тәжірибелерін әзірлеу, экологиялық қолайсыз аймақтарға ұсыныстар жасау қабілеттерді қалыптастыру. Пән агрономияның заманауи мәселелерін, агрофитоценоздардың жағдайын бағалау әдістерін, дақылдарды өсіру технологиясын түзету әдістерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Биоремедиацияның принциптерін, механизмдерін талдау, биоремедиацияның заманауи технологияларын бағалау, биоремедиацияның тиімділігі туралы деректерді талдау, белгілі бір ластанған жер үшін гипераккумулятор өсімдіктерін таңдау, экологиялық проблемаларды анықтау және шешу, экологиялық қауіпсіз биоремедиациялық технологиялар регламентін әзірлеу қабілеттерін қалыптастыру. Пән биоремедиация, ксенобиотиктердің түрлерін, метаболизм жолдарын, гипераккумулятор-өсімдіктерді, гипертұрақтылық пен гипераккумуляция механизмдерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Негізгі физика-химиялық әдістерді талдау, биологиялық үлгілерге талдау жүргізу, аналитикалық деректерді, эксперименттердің нәтижелерін түсіндіру, биотехнологиялық өнімдерді іске асыру үшін физика-химиялық әдістерді қолдану арқылы ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін қалыптастыру. Пән қазіргі физика-химиялық әдістердің негізгі принциптерін (спектрофотометрия, масс-спектрометрия, :хроматография, капиллярлық электрофорез, т. б.), заманауи аспаптардың жұмыс принциптерін, деректерді есептеу және нәтижелерді түсіндіру принциптерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Биоэтика принциптерін, нормативтік-құқықтық актілерді талдау, жануарлар биотехнологиясындағы ғылыми зерттеулердің этикалық аспектілерін сыни тұрғыдан бағалау, этикалық негізделген зерттеу протоколдарын әзірлеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән биоэтиканың негізгі принциптерін, жануарлар биотехнологиясындағы этикалық мәселелерді, мал шаруашылығы мен ғылыми зерттеулерде биотехнологияларды пайдалануды реттеу мен бақылауды зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Жануарларды генотиптеу үшін генетикалық маркерлердің әр түрлерін бағалау, экономикалық пайдалы белгілерді жақсарту, генетикалық әртүрлілікті бағалау үшін генетикалық маркерлерді қолдану, селекция мен өсірудің үнемді стратегияларын әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Пән генетикалық маркерлердің әр түрлерін, генетикалық зерттеулердегі рөлін, селекцияда, өсіруде қолданылуын, генетикалық маркерлерді анықтау және талдау әдістерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Жануарлардың биохимиялық процестерін, метаболикалық жолдарын, олардың реттелуін талдау, метаболизмге әртүрлі факторлардың әсерін бағалау, жануарлардың жағдайын бақылау үшін биохимиялық әдістерді қолдану, ғылыми зерттеулер мен мал шаруашылығында биохимиялық маркерлерді қолдану, жануарлардың биохимиялық процестерін оңтайландыру әдістерін әзірлеу қабілеттерін қалыптастыру. Пән биохимиялық процестерді, биомолекулалардың құрылымын, қызметін, метаболизмнің биохимиялық жолдарын, гормоналды реттеуді зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Жемшөп өндірісінің принциптерін, жемшөп препараттарын өндіруде қолданылатын биотехнологиялық әдістерді талдау қабілетін, жануарларға арналған жемшөп қоспаларын әзірлеу, жемшөп препараттарының сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін бағалаудың аналитикалық әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән жемшөп компоненттерінің құрамын, тағамдық құндылығын, жемшөп қоспаларын әзірлеу, өндіру технологиясын, жануарлардың денсаулығы үшін жемшөп препараттарының тиімділігін, қауіпсіздігін бағалау әдістерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Иммундық жауап механизмдерін, иммуногендерді, вакциналарды әзірлеудегі биотехнологиялық әдістерді талдау, вакциналардың әр түрлерін, вакцинация стратегияларын әзірлеу, оларды ветеринарлық, медициналық тәжірибеге енгізу қабілетін қалыптастыру. Пән жануарлардың иммундық жүйесінің принциптерін, механизмдерін, вакциналардың түрлерін, вакциналарды әзірлеу, өндіру әдістерін, вакциналардың иммуногенділігін жақсарту технологияларын, вакциналарды қолдану тәсілдерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Генетикалық реттеу, ген экспрессиясы механизмдерін талдау, жануарлардағы экономикалық құнды қасиеттерді жақсарту үшін инновациялық зерттеулер жүргізу кезінде гендік инженерия, геномдық редакциялау, жасушаларды өсіру әдістерін қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән жануарлардың жасушалық культура, гендік инженерия, клондау әдістерін, бағаналы жасушаларды мал шаруашылығында, медицинада, ғылыми зерттеулерде қолдану жолдарын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Экологиялық факторлардың маңыздылығын бағалау, экологиялық зерттеулер деректерін талдау, қолайсыз жағдайларға байланысты мәселелерді анықтай білу, өсімдіктердің төзімділігін арттыру үшін бейімделу стратегияларын әзірлеу қабілеттерін қалыптастыру. Пән ауылдық аумақтарды орнықты дамыту тұжырымдамасының негіздерін, осы процесті басқаруды, экологиялық қауіпсіздіктің рөлін, қарқынды ауыл шаруашылығы өндірісіндегі экологиялық проблемаларды зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Егістік дақылдардың физиологиялық процестерін сыни тұрғыдан талдау, топырақ құнарлылығын жақсарту әдістерін қолдану, өсімдіктерді қорғау шараларын әзірлеу, қолдану, өнімділікті бағалау, болжау, өнім сапасын арттыру үшін өсірудің озық әдістерін әзірлеу қабілеттерін қалыптастыру. Пән егістік дақылдардың биологиялық, ботаникалық ерекшеліктерін, шаруашылық маңызын, жоғары өнімді агроценоздарды құру негіздерін, егістік дақылдарды өсірудің заманауи технологияларын
зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Физиологиялық-биохимиялық процестердің жай-күйін, дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі өнімділігін бағалау, өсімдіктердің өнімділігі бойынша зерттеу деректерін талдау, өсімдіктердің өнімділігін арттыру, өнімділікті оңтайландыру жолдарын табу мақсатында инновациялық технологияларын әзірлеу қабілеттерін қалыптастыру. Пән фотосинтез процестерінің физиологиялық және биохимиялық аспектілерін, азотты сіңіру жолдарын, фототыныс алудың, макро/ микроэлементтердің, фитогормондардың өнімділікке әсерін, тыныс алудың өнімділікпен байланысын зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Негізгі зиянкестердің биологиясын талдау, диагностика жүргізу, өсімдіктерді интеграцияланған қорғау әдістерін қолдану, олардың тиімділігін бағалау, мониторинг және талдау нәтижелері негізінде қорғау бағдарламаларын түзету қабілеттерін қалыптастыру. Пән зиянкестердің түрлерін, өсімдіктерді биологиялық қорғау принциптерін, биологиялық бақылау механизмдерін, жаңа биологиялық препараттарды жасау үшін биоценоздағы организмдер арасындағы қатынастарды зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Өсімдіктердің екінші ретті метаболиттерінің биосинтез жолдарын, құрылымын, функцияларын, жіктелуін, биологиялық рөлін талдау, екінші ретті метаболиттерді талдау әдістерін меңгеру, практикалық міндеттерді шешу үшін екініші ретті метаболиттердің жоғары мөлшерде шығаратын биотехнологиялық өнімдерді жасау бойынша ғылыми жобаларды әзірлеу қабілеттерін қалыптастыру. Пән екінші ретті метаболиттердің негізгі топтарын, жіктеу принциптерін, құрылымын, функцияларын, оларды зерттеудің ғылыми-әдістемелік тәсілдерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Өсімдіктердің өсу реттегіштерінің әсер ету механизмдерін бағалау, оларды қолдану нәтижелерін сыни талдау, қолдану стратегияларын әзірлеу, фитоөнімді алу жағдайларын оңтайландыру, өсімдіктердің өнімділігін, төзімділігін арттыру мәселесін шешу мақсатында қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән өсу процестерін реттеу негіздерін, гормоналды реттеу механизмдерін, химиялық табиғатының ерекшеліктерін, өсімдіктердің өсуіне, дамуына, төзімділігін арттыруына физиологиялық әсерін зерттейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Биохимиялық процестерді, метаболикалық жолдарын, олардың реттелуін талдау және түсіндіру, өсімдіктердің өнімділігін бағалау үшін биохимиялық параметрлер бойынша скрининг жүргізу, өсімдіктердің жоғары өнімді түрлерін жасау үшін биохимиялық маркерлерді пайдалана отырып зерттеулер жүргізу қабілеттерін қалыптастыру.
Пән негізгі биохимиялық процестерді зерттейді: Кальвин, Хэтч-Слак циклдары, гликолиз, пентозофосфат жолы, өсімдік өнімділігін анықтайтын азотты ассимиляциялау жолдары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Фитопатология принциптерін, табиғатын, өсімдік ауруларының жіктелуін, фитопатогендердің ерекшеліктерін талдау, аурулардың белгілерін тану, фитопатогендерді диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдану, өсімдік ауруларының таралуын, қарқындылығын және болжамын бағалау үшін бақылау жүйелерін әзірлеу қабілеттерін қалыптастыру. Пән өсімдік иммунитетінің принциптері мен түрлерін, ауруға төзімділікті бағалау әдістерін, өсімдік ауруларын анықтаудың диагностикалық әдістерін зерттейді.
Защита практики
Тәжірибенің мақсаты - зерттеуді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Тәжірибе жеке, сонымен қатар ғылыми ұжымдар мен ғылыми мекемелердің құрылымдық бөлімшелері құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау мен жүргізуді қоса, академиялық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу практикасы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, үлкен көлемдегі мәліметтерді (нақты материал) жинауға және өңдеуге бағытталған.
Зерттеу практикасы барысында магистранттардың төмендегідей қабілеттері қалыптасады :
- ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау;
- ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу: ғылыми дереккөздерді аннотациялау, рефераттар жасау-шолулар;
- тіл жүйесі және әдебиет дамуының негізгі заңдылықтары саласында өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу;
- ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану;
- ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу;
- отандық және шетелдік филология мектептерінің жаңашыл әдістерін қолдану;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін дәлелді баяндау;
- ғылыми басылымды дайындау және редакциялау: тезистер, мақала.
Зерттеу практикасын өту кезінде магистранттар келесі аспектілерді қарастырады:
Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Филологиялық зерттеулердегі заманауи әдістер мен әдістер. Лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми және қолданбалы жобалардың тәуелсіз дамуы. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді қалыптастыру ережесі. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.