әлеуметтік білім магистрі
"7М03224 - Кітапханалық-ақпараттық жүйелер" бейіндік бағытын дайындау бойынша білім беру бағдарламасы кәсіби қызметтің басқарушылық және әдістемелік түрлерін жүзеге асыруға қабілетті, жұмыстың практикалық әдістері мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдана алатын және мақсаттар қоюды және оларды іске асыруға қол жеткізуді негіздей алатын кітапхана саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған
Кітапханалық ақпараттық жүйелер
7M03224
Тарих
бейіндік бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, бейіндік бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, бейіндік бағыт)
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттарға ақпараттық қоғамның мүмкіндіктері, ақпараттық экономика, ақпараттық өнімдер мен қызметтердің маркетингі және ақпаратты басқару, ақпараттық өнімдер мен қызметтер туралы білім беру, мәліметтер мен ақпарат және білім арасындағы тұжырымдамалық айырмашылықты зерттеу. Курста ақпараттық коммуникацияның тенденциялары мен процестері қарастырылады, атап айтсақ: тұлғаға қатысты, тұлғааралық және бұқаралық коммуникация, коммуникациялық модельдер, ақпараттық жарылыс, ақпараттық революция, интернеттегі ақпарат, ақпарат генерациясы және т. б. қатысты білім беру.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарға заманауи менеджменттің практикалық және теориялық негіздерін беру, менеджменттің элементарлы тәжірибесін жинақтап, басқару саласындағы теориялық және практикалық біліммен қамтамасыздандыру. Басқарудың шетелдік және отандық теорияларының негіздері; менеджмент құралдары; стратегиялық жоспарлау, ұйым өкілеттілігі, персоналды ынталандыру, және істелген жұмыстың сапасын бақылау әдістері қарастырылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-сандық кітапхананы басқару саласында теориялық білім, практикалық дағдылар мен машықтарды қалыптастыру. Курста қарастырылады: сандық кітапханаларға қатысты тұжырымдамалық, практикалық және техникалық мәселелер мен тәсілдер. Сандық кітапханаларды құруға арналған бағдарламалық жасақтама. Сандық кітапханаларды қалыптастыру технологиясы мен әдістері. Метадеректер және оларды сандық кітапханаларда қолдану. Сандық кітапханаларды қалыптастырудың құқықтық аспектілері.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты білім алушыларды әртүрлі ақпараттық ортада ақпаратты ұйымдастыру және іздеу теориясы мен практикасынмен таныстыру. Ақпаратты ұйымдастыруға және іздеуге байланысты принциптермен, стандарттармен, құралдармен және қолданыстағы жүйелермен таныстыру. Іздеу, шолу және навигация, ақпаратты ұйымдастыру және іздеу жүйелерін бағалау сияқты ақпараттық жүйенің қолдау көрсетілетін функцияларын зерттеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат - кітапхана және ақпараттық ғылымдарда және басқа салаларда қолданылатын (немесе болуы мүмкін) әртүрлі жаңа және дамып келе жатқан технологияларды жобалау және қолдану қабілетін қалыптастыру.Курс барысында ашық бастапқы бағдарламалық жасақтаманың (OSS) әртүрлі аспектілері, әлеуметтік медиа, вики, блогтар, мэшаптар, жаңа технологиялар мен тұжырымдамалар талданады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты ақпараттық архитектура, адам мен компьютердің өзара әрекеттесуі, осы саладағы зерттеулерге, ақпарат іздеуге, деректер ғылымына және ақпараттық технологиялар саласындағы көшбасшылыққа қатысты тәсілдер мен әдістемелердің принциптері мен сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру. Пайдаланушыға бағытталған жүйелерді жобалау, әлеуметтік-техникалық тұжырымдамалар және ыңғайлылық курс барысында талқыланатын негізгі тақырыптар болып табылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-магистранттардың көшбасшылықтың негізгі заманауи тұжырымдамалары және алған білімдерін кәсіби қызметте қолдану туралы теориялық білімдерін қалыптастыру. Курста қарастырылады: көшбасшылық теориялары, жеке қасиеттер теориялары, мінез-құлық теориялары, көшбасшылықтың жеке аспектілері, тәлімгерлердің рөлі, көшбасшының жеке тұлға ретіндегі рөлі, командалар мен топтарға тиімді әсер ету және басқару құралдары, көшбасшылықтың моральдық және этикалық жауапкершілігі.
Защита практики
Мақсаты - теориялық білімді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін игеру. Өндірістік практика нәтижесінде магистранттар кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру ар0ылы тиісті саладағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қызметі ерекшеліктерін зерделей алады.