Дәлелді медицина принциптеріне сәйкес онкологиялық профильдегі науқастарды диагностикалау, химиотерапиялық емдеу бойынша кәсіби білім мен дағдыларға ие, заманауи медициналық технологияларды қолдану, тиімді профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және онкопатология бойынша жоғары деңгейде көмек көрсетуге қабілетті, денсаулық сақтауда жаңа білімді күлшекті қамтамасыз ету, үзіліссіз медициналық көмек көрсетуге қамтамасыз ету мақсатында жаңа білімді құратын, бәсекеге қабілетті, білікті онколог-химиотерапевтты даярлау.
Химиотерапиялық онкология
7R01111
Медицина және денсаулық сақтау
12
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
АМӘК жүйесінде амбулаторлық-поликлиникалық химиотерапевтік көмекті қолданудың тиімді принциптері. Қатерлі жаңа өсінділері бар химиотерапия алатын науқастарды динамикалық бақылау, жанама әсерлерді бақылау, инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін стационар ауыстыратын технологияларды қолдану. Скринингтік және профилактикалық шараларды жүргізу, сондай-ақ химиотерапевтік науқастарды медициналық және әлеуметтік реабилитациялау мультидисциплинарлық топ құрамында.
2
Дипломдық жұмыс
8
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Иммунодиагностика түрлері, әдістері мен құралдары туралы білімдерді жетілдіру, сондай-ақ иммундық процестерге мақсатты әсер ету тәсілдерін қолдану (моноклональды антителолар, цитокиндер, CAR Т-клеткалық терапия) — онкопатологиядағы иммунопатогенез, иммунорегуляция және иммуногенетика туралы терең білімдер негізінде. Онкологиялық науқастарды емдеуде ісіктерге қарсы иммунитетті ынталандыру әдістеріне негізделген жеке ғылыми негізделген емдеу тәсілдерін қолдану және клиникалық иммунологияны ескере отырып, онкологиялық науқастардың мүддесіне сәйкес рационалды клиникалық шешімдер қабылдау.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкологияда зертханалық диагностиканың әдістерін олардың диагностикалық маңыздылығын, мүмкіндіктері мен шектеулерін терең түсіну негізінде негізделген түрде тағайындау. Зертханалық мәліметтерді (жалпы клиникалық, арнайы иммунологиялық және молекулалық әдістер, онкомаркерлер және т.б.) клиникалық контексте дұрыс интерпретациялау – диагноз қою, дифференциалды диагностика жүргізу, емдеуді жоспарлау, терапия тиімділігін бақылау және онкологиялық пациенттерді жүргізу кезінде ықтимал асқынуларды бақылау үшін маңызды.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкологияда интенсивті терапия көрсету және өмірге қауіп төндіретін, қатерлі ісік аурулары, жүргізілетін кешенді терапия мен/немесе коморбидті патологиялардан туындаған асқынулармен байланысты шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда толық мамандандырылған көмек көрсету. Пациент пен оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас орнату, заманауи технологияларды қолдану, дәлелді медицина принциптері, көмек көрсету стандарттары және медициналық құқық нормаларына сәйкес критикалық жағдайларда интенсивті терапияның тәжірибесі негізінде көмек көрсету.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкологиялық генетикада молекулалық деректер кешенін (геномика, транскриптомика, протеомика және метаболомика) бағалау және интерпретациялау мақсатында, соның ішінде омикс технологияларын қолдана отырып, молекулалық-генетикалық профилдеуді жүргізу — ерте және дәл диагностика, болжам жасау және пациентті жекелендіріп жүргізу үшін маңызды. Гендік мутацияларды анықтау үшін тестілеуді қолдану онкопатологияға бейімділікті анықтауға мүмкіндік береді, ал медикогенетикалық кеңес беру медицина этикасы мен құқық нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
7
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкологияда кешенді диагностика жүргізу үшін барлық әдістерді (УДЗ, рентген, КТ, МРТ, ПЭТ), соның ішінде жоғары технологиялық тәсілдерді ұтымды қолдану бойынша білім мен дағдыларды біріктіру. Клиникалық контексте IT-технологияларды пайдалану негізінде, әсіресе күрделі дифференциалды диагноз қою жағдайларында, онкологтардан құралған мультидисциплинарлық команда құрамында дер кезінде, тиімді және жекелендірілген медициналық көмек көрсетіледі.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкологиядағы функционалдық диагностика — ағзалар мен жүйелердің жай-күйін бағалау үшін жекелендірілген және мультидисциплинарлық тәсілге негізделген. Ауру сатысы, преморбидтік жағдайы және қосалқы ауруларын ескере отырып, пациентті жүргізу жоспарын негіздеу, емдеу тиімділігін бақылау, асқынулардың алдын алу және оларды басқару мақсатында ЭКГ, эхокардиография, УДЗ, КТ, МРТ, ПЭТ, биохимиялық және цитологиялық зерттеулер сияқты әдістер қолданылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкореабилитологияда онкологиялық аурулармен ауырған науқастарды емдеу және отадан кейінгі реабилитация, мамандар тобымен бірге жүзеге асырылады. Науқастарды тиімді және қауіпсіз басқару үшін заманауи технологияларды қолдану, соның ішінде физикалық және психологиялық қалпына келтіру, әлеуметтік бейімделу және өмір сапасын жақсарту. Реабилитация процесінде онкологиялық науқастарға көмек көрсету уақытылы және оның маңыздылығына ерекше назар аударылады.
7
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкологиялық аурулардың дамыған кезеңдері мен/немесе емделмейтін жағдайлардағы науқастардың өмір сапасын сақтау және физикалық және психоэмоционалдық мәселелерін шешу үшін толық шаралар кешені. Ауырсынуды бақылау, өмірлік маңызды функцияларды сақтау, науқас пен оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас орнату, түрлі мамандардың топтық жұмысы арқылы рационалды және тиімді тәсілдер қолдану — паллиативті көмек көрсету саласындағы тиімділік пен сапаны арттыру мақсатында.
8
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкологиядағы ісік үдерістерінің патоморфологиясын тереңдетіп зерделеу — ісіктің түрін, сатысын және агрессивтілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Онкологиялық диагностикада ауру болжамын анықтау, емдеуді жоспарлау және терапия тиімділігін бағалау үшін патоморфологиялық әдістерді қолдану. Биопсия және операция кезінде материал алу ережелерін сақтау. Онкологияда иммуногистохимиялық зерттеу, молекулалық-генетикалық талдау сияқты әдістерді ұтымды қолдану және нәтижелерін интерпретациялау, сондай-ақ цифрлық патоморфология мен ерекше маркерлердің экспрессиясын иммунофенотиптеу сияқты жаңа әдістерді меңгеру.
10
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Әртүрлі ісіктерді кешенді емдеуде қолданылатын сәулелік терапияның түрлері, әдістері мен сызбаларын тереңдетіп зерттеу — емнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сау тіндердің зақымдануын азайтуға баса назар аудара отырып жүргізіледі. Жекелендірілген және дер кезінде ем жүргізу үшін қашықтықтан және контактты терапияның инновациялық әдістерін, соның ішінде жоғары технологиялық тәсілдерді — интенсивтілігі модуляцияланған радиотерапияны (IMRT) және стереотакстік радиотерапияны (SBRT) қолдану. Радиологиялық терапияны тиімділікті арттыру және жанама әсерлерді азайту мақсатында қолдану.
7
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Стационар жағдайында онкологиялық көмекті ұйымдастыру және химиотерапия жүргізу кезінде заманауи халықаралық клиникалық хаттамаларды (NCCN, ESMO) қолдану. Хаттамалар цитотоксикалық препараттардың әсер ету механизмдерін, олардың тиімді, қауіпсіз және рационалды қолдану принциптерін ескере отырып пайдаланылады. Диагностиканың кешенді тәсілдеріне, ісікке қарсы емнің тиімділігін бағалауға (CPI, RECIST, ECOG), сондай-ақ жаңа түзілімдердің патоморфологиялық, иммунологиялық және молекулалық сипаттамаларын ескере отырып, емдеуді жекешелендіруге ерекше назар аударылады. Пациенттерді мультидисциплинарлық тәсіл негізінде жүргізу бойынша практикалық дағдылар қалыптастырылады.
12
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Химиотерапиялық стационарда онкопатологияның кең таралған түрлерінде (сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, өкпе обыры және т.б.) мамандандырылған көмек көрсету. Заманауи жетістіктер мен дәлелді медицинаның принциптерін ескере отырып, мультидисциплинарлық топ құрамында жекелендірілген химиотерапия сызбалары мен кешенді емдеу әдістері қолданылады. Науқастың жағдайын бақылау және емдік тактиканы түзету мақсатында терапияның тиімділігі мен көтерімділігін бағалау шкалалары — Karnofsky, ECOG және NCI-CTCAE — қолданылатын болады.
15
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Химиотерапия кезеңдерінде онкологиялық аурулары бар пациенттерді тиімділік пен қауіпсіздік қағидаттарын сақтай отырып жүргізу. Химиотерапиялық практикада заманауи IT-технологияларды науқастың жай-күйін бақылау және жанама әсерлерді қадағалау үшін қолдану, сапа мен кәсіби жауапкершіліктің жоғары стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Химиотерапияның асқынулары кезінде шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсету, интенсивті терапия жүргізу. Қалпына келтіру медицинасындағы заманауи әдістер мен кешенді тәсіл қағидаттарын ескере отырып, химиотерапиялық практикада пациенттерді ерте оңалту жұмыстарын ұйымдастыру.
15
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Химиотерапиялық стационарда әртүрлі локализациядағы күрделі қатерлі ісік түрлері, метастатикалық ісіктер және коморбидті патологиямен күрделенген жағдайлар кезінде пациенттерге мамандандырылған көмек көрсету. Химиотерапиялық емдеуде мамандардың мультидисциплинарлық командасы құрамында жекелендірілген, ғылыми негізделген тәсілдерді қолдану. Инновациялық терапия әдістерін пайдалану, сондай-ақ пациенттердің өмір сапасын сақтау және оңалту бойынша іс-шаралар жүргізу кәсіби және этикалық жоғары стандарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкологияда қатерлі жаңа түзілістерді дәл және/немесе ерте диагностикалау үшін жасанды интеллектіні қолдану. Аурудың даму қаупін, науқастың жағдайының нашарлауын және/немесе асқынулардың пайда болу ықтималдығын бағалау үшін прогностикалық модельдерді пайдалану. Жасанды интеллектіні таргетті және иммунотерапияны қоса алғанда, персонализирленген оңтайлы емдеу және реабилитация бағдарламаларын таңдау үшін қолдану. Нейрожелілерді клиникалық шешімдер қабылдауға және онкологияда ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған құрал ретінде пайдалану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Онкопатологияны емдеудің инновациялық эксперименталды әдістерін қолдану: Т-жасушалық вакциналар, белсенділендірілген киллер жасушалар, CAR-жасушалық терапия, бақылау нүктелерінің ингибиторлары, онколитикалық вирустар және басқа да әдістер. Онкологияда таргетті иммунотерапияны емдеудің перспективті бағыты ретінде қолдану. Халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу, зерттеу сұрақтарын формулировка жасау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін сыни талдау арқылы негізделген клиникалық шешімдер қабылдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Сирек онкологиялық аурулары бар науқастарды және атипті ісіктерді клиникалық талдау, соның ішінде генетикалық мутациялар мен алғашқы иммунитет тапшылықтарымен байланысты жағдайлар, сондай-ақ микросателлитті тұрақсыз ісіктер сияқты жаңа қатерлі ісік түрлері. Сирек онкологиялық патологияның молекулярлық диагностикасына болашақтағы әдістерді қолдану: WES, WGS, WES (Whole Exome Sequencing) и WGS (Whole Genome Sequencing) транскриптоманы секвенирлеу, метаболомды талдау. Халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу және алынған деректерді талдау — онкологиядағы заманауи ғылыми-клиникалық тәсілдер шеңберінде.