Радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында іргелі білімі бар, мықты зертханалық және теориялық негізде ғылымның ең жаңа жетістіктеріне негізделген, ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми орталықтарда, конструкторлық және жобалау бюроларында, фирмалар мен компанияларда, білім беру мекемелері мен тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдарында талап етілетін радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін дағдылары мен шеберліктері бар жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету.
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
8D06201
Физика-техникалық
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: белгілі бір ғылыми бағыттағы өзекті мәселелердің ұсынылатын шешімдері бойынша ғылыми жарияланымдар мен жобаларды жазуда іргелі білімдерді қолдану. Қарастырылады: ғылыми мәтіндерді жасау және редакциялау ерекшеліктері; ресми, бейтарап және бейресми қарым-қатынас тіркелімдері; қазіргі ақпараттық және библиографиялық мәдениет; ғылыми құжаттаманы жасау және ресімдеу әдістері.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына қойылған міндеттерге сәйкес зерттеудің кезеңдері мен әдістерін меңгеру. Мыналар қарастырылатын болады: ғылыми есептеулерді терең талдауға және озық технологияларды пайдалана отырып бар процестерді оңтайландыруға қажетті заманауи үлгілер мен әдістер; ғылыми жоспарлар мен зерттеу нәтижелерін дайындау және болжау үшін әдеби-салыстырмалы талдаудың негізгі әдістері
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ақпарат тасымалдауда электрлік энергия пайдаланатын байланыс жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін үйрену, информация мен энтропияның заманауи теориялық негіздердің даму үдерісі, байланыс жолдары, тасымалдау және байланыстыру жолдары жайлы негізгі ақпараттарды беру пәннің оқытудағы мақсаты. Оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: ақпаратты сандық бағалау; өзара ақпарат; шартты энтропия; қайта хабарлар туралы хабарлар; энтропия мен ақпарат арасындағы байланыс; тиімді кодтау; ақпараттық арна кедергілерін кодтау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән сандық сигналды негізіндегі байланыс жүйесіне ақпарат тасымалдаудың жаңа әдістері мен принциптерін үйренуге бағытталған. Пән оқыту барысында келесі мәселелер қаралады: cигналдарды бейсызық өңдеу әдістері; бейсызық жүйелер; жүйе үлгілері; сандық шешімі; жүйені қайта масштабтау; Крамерлер бағамы; стохасты резонанстың шарттары; өтпелі шуыл импульстері; жасырын Марков үлгілері; Винер-Колмогоров сүзгілері; көп кірісті және көп шығыс жүйелер (MIMO); тәуелсіз компоненттерді талдау; адаптивті сүзгілері: Калман, RLS, LMS.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ақпараттық технологияларды дамыту және қазіргі заманғы элементтік базасын білу, сонымен қатар заманауи кең жолақты байланыс жүйесі жөнінде теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін түсіндіру пәнді оқыту мақсаты болып табылады. Пәнді оқыту барысында телекоммуникация және ақпараттық технологиялар дамуының қазіргі жағдайы, қазіргі заманғы техникалық құралдарды жобалаудың теориялық негіздері және т.б қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Аса жоғары сезгішті сенсорларды жасау және түрлі функционалдық мақсаттардағы наносенсорлық құрылғылардың қарапайым физика-математикалық модельдерін құрастыру пәнді оқытудағы мақсаты болып келеді. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: интегралдық схемалардың элементтерін миниатюралаудың қазіргі заманғы үрдісі; наноэлектрониканың даму тенденциялары; кванттық ұңғымадағы электрондар; кванттық шектеу теориясы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән интеллектуалды және мобильді желілерді жобалауға және оңтайландыруға, байланыс жүйелерінде кейбір физикалық деңгей әдістерін әзірлеуде машиналық оқыту принциптерін қолдануға бағытталған. Пәнді оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылады: цифрлық модуляция әдістері; байланыс деңгейлерінің архитектурасы; арналарды бағалау және болжау үшін машиналық оқыту; модуляцияның автоматты классификациясы; арналарды кодтау және декодтау; байланыс желілерін модельдеу және талдау (мобильдік модельдер, арна модельдері, топология модельдері); модуляцияны тануға арналған терең архитектуралар.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Наноөлшемді электрондық құрылғылардың жаңа технологияларымен, даму тенденциясымен және болашақ бағыттарымен танысу және наноэлектронды құрылғыларда болатын құбылыстар мен процесстердің физикалық және математикалық теорияларын құру.
Қарастырылады: наноқұрылымдардың физикасын дамытудың қазіргі заманғы мәселелері мен перспективалары; жартылай өткізгіш кванттық өлшемді құрылымдар; наноқұрылымдардағы кванттық өлшемді әсерлер; наноқұрылымдарда заряд тасымалдаушылардың және қоспалардың таралуы; флуктуация-диссипация қатынасы; нанотранзисторлық құрылымдар; наноэлектрондық есте сақтау құрылғылары.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.