Мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, ғылыми-өндірістік ұйымдар мен бірлестіктер, республикалық және аймақтық түркітану орталықтары, мемлекеттік органдар мен мүдделі министрліктер үшін түркітану саласындағы ғылыми-білімдік бағыттағы кәсіби кадрларды сапалы даярлау.
Түркітану
7M02216
Филология
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: нәтижелерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, аударматану саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау дағдыларын қалыптастыру. Оқылатын болады: аударма саласындағы ғылыми зерттеулердің негіздері; мәтінді талдаудың заманауи әдістері; ақпараттық технологиялар; ғылыми мәселелерді тұжырымдау және шешу; ғылыми әдістерді таңдау.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Курста көне түркі руникалық ескерткіштері тілінің негізгі лексикалық қоры, фонетикалық, грамматикалық жүйесі орта ғасырлық, қазіргі түркі тілдерімен ортақтығы қарастырылады. Сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз таптары,сөйлем мүшелері, сөз тіркестері, сөйлем түрлерінің сипаты, түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеледі. Ескерткіштердің тілдік (графикалық,фонетикалық,грамматикалық) ерекшеліктерімен, түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы бойынша ғылыми білімін тереңдетеді.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттегі орны мен рөлін анықтау қабілетін қалыптастыру. Курстың мақсаты - рухани құндылықтардың заманауи даму парадигмасындағы түркі әлемі тұжырымдамасының ерекшеліктерін зерттеу.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты қазіргі заманғы теориялар мен әдістер аясында латын, араб, парсы, осман және көне түркі тілдеріндегі дереккөздерді талдау қабілетін дамытуға бағытталған. Курс түркі халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін зерттеуге арналған жазбаша дерек көздерін саралау және транскрипциялау қабілеттерін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазіргі және әлемдік жетекші түркологиялық институттарындағы ғылыми зерттеулердің теориялық әдіснамасы мен тәсілдерін қолдана білу. Түркітанушы ғалымдардың зерттеу мектептерінің тарихымен таныса отырып қажетті біліктілікті қалыптастыру. Пән түркітану саласындағы әлемдік институттардың жұмысын, ежелгі және ортағасырлық қолжазбаларды, түркологияның қазіргі заманғы өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - ортағасырлық түркі жазба экспонаттарын ежелгі кезеңмен, Алтын Орда кезеңімен, Осман империясы дәуірімен салыстыру және талдау қабілеттерін қалыптастыру. Курс көктүрік, ұйғыр, қытай, соғды, араб, армян, латын, кирилл және басқа да алфавиттерде жазылған ескерткіштерді дамытуға бағытталған. Сол кездегі мәдени, әлеуметтік, саяси және экономикалық проблемалар туралы кең ақпарат беретін жазбаша баяндамалар игерілетін болады, сонымен қатар отандық, орыс, еуропалық, венгриялық және түрік ғалымдарының мәтіндік зерттеулері зерттелетін болады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты ортағасыр жазба ескерткіштерін салыстырмалы талдаудың заманауи инновациялық әдістерін оқып үйрену және мұрағаттардағы дереккөздермен жұмыс істеудің жүйелілік дағдысын қалыптастыру. Орта ғасырлық әдеби ескерткіштерді зерттеуге, қолжазбаларда сақталған мәтіндерді талдауға және түпнұсқамен салыстыра отырып айырмашылықтарын саралауға, артефакттермен анықтауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: XIX ғасырдың ІІ жартысынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі халықтары ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуын салыстырмалы талдау қабілеттерін қалыптастыру. Курс түркітілдес мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, дипломатияның, ынтымақтастықтың даму перспективалары мен стратегияларын зерделеуде сыни көзқарастың мүмкіндіктерін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: түркітану саласындағы түркі дипломатиясы құжаттарының зерттелуіне қатысты заманауи ғылыми талдау жасаудың тәсілдерін меңгерту; дипломатиялық құжаттамаларды рәсімдеу ісін түсіну қабілетін қалыптастыру,осы құбылысты халықаралық өзара қарым-қатынастың қосымша ресурсы ретінде қолдану әдістерін қарастыру болып табылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: түркі тілдерінің тарихы, жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің құрылымдық ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру үшін сандық технологиялар принциптерін меңгеру. Қазіргі түркітану ғылымын- дағы зерттеулерді жүзеге асыру үшін халықаралық мәліметтер базасымен, сандық дерекқорлармен, жасанды интеллект әдістерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.