ББ мақсаты заманауи маркетингтік теория мен тәжірибе талаптарын ескере отырып, ақпараттық және сандық технологияларды, инновациялық және интеграциялық бастаманы пайдалану көмегімен жаңа іргелі және қолданбалы білімді құру негізінде ғылыми-зерттеу, сараптамалық, басқарушылық және педагогикалық қызметті табысты жүзеге асыра алатын отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті маркетолог, зияткерлік және кәсіби элитаны сапалы дайындау болып табылады.
Маркетинг
8D04111
Экономика және бизнес жоғары мектебі
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: отандық және халықаралық стандарттар негізінде зерттеу, жобалау, педагогикалық қызметте бірегей ғылыми өнімдерді жасау үшін академиялық жазудың әдістемелік құралдарын қолдану қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторанттардың қабілетін қалыптастыру:
- ғылыми мақалаларды, зерттеулерге өтінімдерді, зерттеу есептері мен шолуларды, сын-пікірлерді, сараптамалық қорытындыларды, оқу-әдістемелік кешендерді жазуға қатысты академиялық жазудың ерекшеліктерін баяндаудың ғылыми стиліне сәйкес анықтау;
- бірыңғай тұжырымдама аясында ғылыми жазудың базалық моделін әзірлеу: мәселені қою, гипотезаны негіздеу, тезисті тұжырымдау, мәтінді құрастыру, нәтижелер мен қорытындыларды дәлелдеу;
- ғылыми жазуға интеллекталды әрекеттерді қолдану: ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, ғылыми терминологияны, ғылыми пікірталасты, мәліметтерді верификацияланушылығын, жалпы білім мен жеке үлесінің арасындағы тепе-теңдікті сақтау; дәйексөз келтірудің дұрыстылығы;
- тәуелсіз сараптама, рецензиялау жүргізу және дәйексөз келтіру мен импакт-факторлары жоғары деңгейдегі халықаралық деректер базасына ақпаратты енгізу үшін ғылыми цифрлы кітапханалармен, цифрлық және ақпараттық ресурстармен, компьютерлік технологиялармен, онлайн-сервистермен жұмыс жасау ережелерін қолдану;
- ғылыми коммуникацияның заманауи технологиялары негізінде академиялық жазудың нәтижелерін ұсына отырып, академиялық этика қағидаларын сақтау.Пәнді оқу кезінде докторанттар: ғылыми жазудың стиль құраушы элементтерін; академиялық жазу құрылымын: ғылыми мәселелер, шешім гипотезасы, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, эмпирикалық мәліметтер, қорытындылар; мәтінді мағыналық талдау әдістерін; дәйексөз келтірудің ережелерін; сілтемелік аппарат пен менталдық карталардың технологиялары мен онлайн-сервистерін; аннотациялау, қорытындылау ережелерін; академиялық жазудың нәтижелерін ұсыну нысандарын; ішкі және халықаралық мәліметтер базасының талаптарын зерттейтін болады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: зерттеу нысаны шеңберіндегі маңызды және инновациялық бағыттарын айқындау арқылы толық циклдің ғылыми жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу әдістерінің кешенін қолдану қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторанттардың келесі қабілетін қалыптастыру:
- нақты тақырыптарға қатысты мақсаттарды, міндеттерді, нысанын, тақырыпты, гипотезалар мен зерттеу құралдарын тұжырымдау арқылы ғылыми зерттеуді ұйымдастыру жоспарын және оны жүргізу алгоритмін әзірлеу;
- мәселені зерттеуге байланысты тәжірибелік жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыруды қамтитын теориялық, іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердің қажетті әдістер кешенін анықтау;
- зерттеу объектісінің параметрлерін, жүйелері мен процестерін зерттеуде пәнаралық, сандық-сапалық әдістерді, сонымен қатар модельдеу және болжау әдістерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- ғылыми ақпаратты жинаудың және талдаудың сандық, сапалық, статистикалық, математикалық процедураларының банкін құру негізінде аналитикалық жүйені әзірлеу;
- ғылыми қоғамдастыққа өз бетінше немесе шығармашылық ұжымдардың құрамында нәтижелерді ұсыну үшін мақалалар, есептер, жобалар, сараптамалық қорытындылар түрінде қолданбалы білімнің инновациялық бағыттарын қамтитын ғылыми өнімдер жасау.Пәнді оқу кезінде докторанттар: ғылыми таным үрдісін: эмпирикалық, теориялық, эксперименталды кезеңдерді жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру; ғылыми таным әдістері мен тәсілдерін: логикалық-мағыналық модельдеу әдісі, дедукция, индукция, синтез, экстраполяция, құрылымдық-функционалдық әдіс; жалпы ғылыми теориялық әдістерді: математикалық, статистикалық, болжамдық; арнайы әдістерді: жеке ғылыми және тәртіптік; сапалық, сандық, пәнаралық әдістерді; зерттеу нәтижелерінің аналитикалық жүйесін қарастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ғылыми теориялардың, маркетинг мектептерінің дамуын сыни тұрғыдан бағалау, маркетинг ғылымының заңдылықтары мен тенденцияларын дамытудың басым бағыттарын құрылымдау, маркетингтік зерттеулердің әзірленген тұжырымдамасы негізінде проблемаларды зерттеудің пәні мен міндеттеріне барабар ғылыми әдістердің, техникалардың, технологиялардың қажетті кешенін қолдану, нарықтың қолданбалы зерттеулерінің деректерін талдау, алынған білімнің өз зерттеулері үшін маңыздылығын бағалау қабілетін қалыптастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: нарықтық және маркетингтік қызметті талдаудың стратегиялық құралдары негізінде кәсіпорынның перспективалық дамуының тиімді басқару шешімдерін әзірлеу, стратегиялық өзара байланысты қолдану қабілетін қалыптастыру: жоспар, мақсаттар, басқару саясаты, ұйымның маркетингтік қызметіндегі талдау, қызмет және бақылау, заманауи аналитикалық (логикалық тізбектер, себеп-салдарлық байланыстар, матрицалық әдіс) пайдалану негізінде аналитикалық қызметті жүзеге асыру және ақпараттық технологиялар
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: нарықта бәсекеге қабілеттілік пен танымдылықты арттыруға, өткізу нарығын кеңейтуге бағытталған инновациялық идеялар негізінде ірі технологиялық брендтерді әзірлеу мен жүзеге асырудың қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторанттар төмендегідей білімдерді меңгереді:
-компанияны басқару процесінде брендингтің стратегиялық маңыздылығын анықтау үшін жаһанданудың жаңа жетістіктерін, виртуалды және толықтырылған шындықты, қолданбалы маркетинг мектебі шеңберінде бизнес-мақсаттар мен бренд-менеджменттің жаңа парадигмасына қол жеткізу үшін пайдалану;
- брендтерді дамытудың жаңа тәсілдері мен функционалына негізделген әр түрлі деңгейдегі брендтердің портфелін жасау: дербес, тауарлық, аумақтық, жаһандық, технологиялық;
- брендтің дамуындағы гибридті тәсілдердің негізінде брендтің қызмет ету кеңістігін, тұтынушымен өзара іс-қимыл жасау құралдарын, брендтің идентификаторларының модельдері мен жүйелерін анықтау;
- стратегиялық аналитикалық құралдар негізінде брендтердің қабылдауын, нарықтық құны мен үлесін, имиджін, әлеуеті мен құндылығын бағалау;
- брендтердің құндылықтық маңыздылығын құру бойынша инструменталды стратегияларды, нарыққа жылжыту бойынша функционалдық стратегияларды, имиджді арттыру бойынша корпоративтік стратегияларды әзірлеу;
- ұйымның марка капиталын тиімді басқару және адалдықты қалыптастыру мақсатында жылжытудың заманауи біріккен маркетингтік коммуникацияларының бағдарламасын қалыптастыру.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі мәселелерді қарастырады: брендинг теориясының және оның қолданбалы әзірлемелерінің жаңа тенденцияларын; бренд функционалын, бренд қызметінің кеңістігін; брендтің түрлерін, деңгейлерін, параметрлерін, қабылдау талдауының негізгі көрсеткіштерін, имиджін, нарықтық құны және брендтердің құндылықтарын; брендтің сәйкестендіргіш моделі мен жүйесін, брендтердің тиімділігін бағалауды, брендтердің маркетингтік аудитін, ұйымның маркалық капиталының саясатын, брендтерге адалдық бағдарламасын және бренд-менеджментке қатысты инструменталды, функционалдық және корпоративтік деңгейлердегі стратегиялық шешімдерді әзірлеуді: брендтердің құндылықтық маңыздылығын құруды, оларды нарыққа жылжыту және имиджді арттыруды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: бәсекелестік артықшылықтарды басқару, имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін интеграцияланған маркетингтік коммуникация негізінде тауарлар, қызметтер, ұйымдар, идеялар, жобалар, инновациялар нарығында жылжыту және танылу саясатын, бағдарламасын әзірлеудің қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторанттар төмендегідей білімдерді меңгереді:
- кәсіпорынның рентабельділігін арттыруға және капиталдандыруды ұлғайтуға ықпал ететін кәсіпорынның коммуникациялық саясатын жобалау әдістемесін іске асыру;
- ұйымдық, техникалық, экономикалық, ақпараттық әдістерді қолдану негізінде біріккен маркетингтік коммуникациялардың құрылымын және жылжытудың жеке бағдарламаларын қалыптастыру әдістерін әзірлеу;
- цифрлық талдау негізінде біріккен маркетингтік коммуникациялардың жекелеген құралдарын және жалпы алғанда қолдану тиімділігін талдау;
– маркетингтік коммуникация синтезінде жаңа білімдер мен тәсілдерді қолдану - жарнама, қоғаммен байланыс, жеке сату, өткізуді ынталандыру, демеушілік, тауардың нарықтық атрибутикасы, сандық технологиялар, ақылды маркетинг әдістері мен құралдары;
- кең ғылыми, педагогикалық және кәсіби қоғамдастықпен жұмыс істеуде төзімділікті, коммуникативтілікті дамытуға ықпал ететін мансапты жобалау кезінде заманауи біріккен маркетингтік коммуникациялардың мүмкіндіктерін пайдалану.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: біріккен коммуникация саясатын; маркетингтік коммуникация кешенінің құрылымын; жылжыту бағдарламаларын қалыптастыру әдістерін; жеке коммуникацияның және интеграцияланған кешендегі тиімділіктін цифрлық талдауын; маркетингтік коммуникация синтезіндегі жаңа білімдер мен тәсілдерді – жарнама, қоғаммен байланыс, жеке сату, өткізуді ынталандыру, демеушілік, тауардың нарықтық атрибутикасы, сандық технологиялар, ақылды маркетинг әдістері мен құралдарын.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: сатып алушылардың адалдығының ұзақ мерзімді саясатын қалыптастыру үшін олардың мінез-құлқын және клиентке бағдарланған көзқарастың қазіргі заманғы технологияларын бағалаудың аналитикалық жүйесі негізінде жеке тұлғалардың күткен талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағдарламалар жасау қабілеттерін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторанттар төмендегідей білімдерді меңгереді:
- әр түрлі деңгейдегі тұтынушыларды бөліп алудың жеке тәсілдерін, клиенттік-бағдарлануы негізінде клиенттерді дербестендірудің концептуалды негіздерін анықтау;
- тұтынушылардың мінез-құлқын макро- және микросегментеуді маркетингтік зерттеулердің нәтижелері негізінде негізгі клиенттердің адалдығын құруға арналған стратегиялық тәсілді әзірлеу;
- инновациялық, жоғары технологиялық және жеке брендтерді әзірлеу бойынша идеяларды генерациялау негізінде бірегей өнім жасаудың қосылған құн тізбегін қалыптастыру;
- аналитикалық стратегиялық құралдар негізінде клиенттің табыстылық, құндылық және адалдық әлеуетін талдау;
- бәсекелестік дамуды кастомизациялау негізінде негізгі клиенттерге қатысты маркетинг кешенінің элементтері бойынша контент пен жеке бағдарламаларды, инструменталды және корпоративтік стратегияларды қалыптастыру;
- әртүрлі деңгейдегі клиенттерге дербестендірілген тәсіл бағдарламаларының тиімділігін талдау: білім алушыдан бастап жетекшіге дейін;
- маркетингтің әлеуметтік-маңызды үрдістерін талдау және оларды іскерлік ортада тарату үшін әртүрлі деңгейдегі коммуникацияны жүзеге асыру.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: бәсекелестік дамуының кастомизациясын; дербестендірудің және клиентке бағдарланудың қазіргі заманғы философиясын; клиенттер нарығының макро- және микросегментациясын; инновациялық, жоғары технологиялық және жеке брендтерді әзірлеу бойынша идеяларды генерациялауды; бірегей өнімді құрудың қосылған құнының тізбегін; клиенттің табыстылық, құндылық, адалдық әлеуетін талдауды; интерактивті өзара іс-қимыл, тұтынушыларға икемді қарым-қатынас құралдарын; дербестендірілген коммуникацияны, адалдық бағдарламаларының тиімділігін талдауды, өткізуді кеңейтудің инструменталды және корпоративтік стратегияларын.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: – кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инновацияларды нарықта жылжыту үшін аса маңызды және күрделі зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру негізінде маркетинг саласындағы инновациялық қызметті басқару бойынша қабілеттілікті қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторанттар төмендегідей білімдерді меңгереді:
- инновациялық идеяларды қалыптастыру, дербес гипотезаларды ұсыну, маркетингтік инновациялар құрылымы және инновациялық қызметті басқару шеңберінде теориялық және қолданбалы инноватиканың білімін, әдістерін қолдану;
-әр түрлі әдістемелер негізінде инновациялардың нарықтық және экономикалық әлеуетін, маркетингтегі ғылыми-зерттеу жобасын іске асырудың қаржылық параметрлерін, сату болжамы, тәуекелдерді және бәсекеге қабілеттілік деңгейін болжауды бағалау;
- өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде маркетингтік метрикалар мен стратегиялардың көмегімен инновациялық өнімді алып жүруді қамтамасыз ету: құрылудан бастап (идеяларды қалыптастырудың иммитациялық және синектикалық әдістерін қолдана отырып), инновациялардың есептік және тәжірибелік әзірлемелерінің енгізуінен және нарықтық сынаққа дейін, сондай-ақ коммерциялық таратылуы;
- инновацияны жылжытуды, тарату арналарын (стартаптарды, консорциумдарды құру) және инновациялық өнім мен технологияларды ілгерілетуді жобалау;
- тұтынушылардың талаптарын, сапасын, құндылық және уақыт параметрлерін, бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, инновациялық ғылымды қажетсінетін өнімді құру бағдарламаларын әзірлеу;
-білім мен технологиялар маркетингін дамытуға, ұйым қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінін өзгертуге ықпал ететін саясатты қалыптастыру.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі мәселелерді қарастырады: маркетингтік инновациялар жүйесінің құрылымын, инновацияларды қабылдауды, инновацияларды диффузиялауды, өмір циклінің барлық кезеңінде инновацияларды басқару процесін, нарықтарды дамытудың инновациялық бағыттарын болжау және тәжірибелік әзірлемелерді, инновациялық қызмет нәтижелерін ынталандыруды, инновацияларды қаржыландыруды, идеяларды қалыптастырудың иммитациялық және синектикалық әдістері және инновацияларды құрудың маркетингтік есептерін, инновацияларды құру және енгізуді, нарыққа ену стратегияларын және сынақ маркетингін әзірлеуді, инновациялық маркетингтік жобаларды стартаптар мен консорциумдарды құру арқылы таратуды, инновацияларды коммерцияландыруды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: маркетингтік жобаларды басқарудың толық циклінің бағдарламасын әзірлеу үшін қабілеттерді қалыптастыру: инициализация, жоспарлау, орындау, мониторинг, болжау, бақылау, аяқтау, Жобалау қызметін басқарудың кіші жүйелерін қалыптастыру - мақсат қою, мазмұны, ұзақтығы, өзгерістері, ресурстары, құны, Сапасы және бәсекеге қабілеттілігі, ақылды қызмет әдістері, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде жобалау қызметін жүзеге асыру жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін, экономикалық тиімділігі мен іске асырылуын талдау
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: әртүрлі деңгейлерде бәсекеге қабілеттілікті тиімді басқару үшін бәсекелестік даму стратегияларын әзірлей отырып, нарықтық ортаны стратегиялық бағалау бойынша қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру, бәсекелестердің стратегиялық топтарын бағалау негізінде бәсекелестердің қызметін талдау моделін құру, резервтер мен инновациялық шешімдерді енгізе отырып, бәсекеге қабілеттілік мақсатына жетудің балама нұсқаларын әзірлеу, зерттеу объектісін дамытудың инновациялық және бәсекеге қабілетті бағыттарын жобалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: нарықтық зерттеудің ғылыми әдістері негізінде зерттеліп отырған мәселенің толық зерттеу портфолиосын құру үшін салалық қызмет барысында жүйелік талдау технологиясын меңгеру қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторанттар төмендегідей білімдерді меңгереді:
- әртүрлі деңгейдегі зерттеу объектілеріне, нарық, сала, кәсіпорын, жүйелік талдау әдіснамасын қолдану;
- мәселелерді құрылымдау, мақсаттарды қалыптастыру мен мақсаттарға қол жеткізудің көрсеткіштері мен критерилерін әзірлеу үшін жүйелік талдау технологиясын қолдану;
- ақпараттың үлкен массивтерін талдау және олардың шынайылығын анықтау жүйесін әзірлеу;
- басқарудың интеграциялық принциптерінің негізінде күрделі жүйелердің жұмыс істеу және даму процестерін басқару;
- басқару туралы, оның ішінде оңтайландыру, жоспарлау, шешімдер қабылдау, бейімделу және әртүрлі табиғаттың күрделі басқарылатын жүйелерінде туындайтын басқа да міндеттер туралы жаңа білімді қалыптастыру;
- сандық-сапалық көрсеткіштер негізінде қызмет саласының даму болжамдарын әзірлеу.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: ақпараттың үлкен көлемін, сенімді деректерді, мәселелерді құрылымдауды, мақсатқа жетудің критерийлері мен көрсеткіштерін қалыптастыруды; саланы зерттеудің сандық және сапалық әдістерін, саланы талдау құралдарын, күрделі жүйелерді иммитациялық модельдеу мен болжамдауды, міндеттер мен алынған нәтижелерді, саланың бәсекелестік артықшылықтарын салыстыруды; басқару тұжырымдамасын: саланы және нарықты дамыту бойынша шешімдерді оңтайландыру, жоспарлау, қабылдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: smart критерийлеріне сәйкес маркетинг стратегияларын әзірлеу, бәсекелестерді және тұтынушыларды талдауға арналған аналитикалық құралдарды зерттеу, SMART принциптеріне сәйкес маркетингтік науқандарды жоспарлауға, іске асыруға және бағалауға үйрету, бизнесті цифрландыру жағдайында әлеуметтік медиа, SEO, контекстік жарнама және аналитика бойынша цифрлық платформалармен жұмыс жасау
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.