Медицина саласындағы жасанды интеллект

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

философия докторы (PhD)

«Медицина саласындағы жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының мақсаты - жасанды интеллект пен денсаулық сақтаудың пәнаралық саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми зерттеулер үшін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламасын іске асыру келесідей қабілеттерге ие маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:
 алынған білімді ғылыми зерттеулерді одан әрі жүзеге үшін ғылыми теорияларды, тұжырымдамаларды және жасанды интеллект пен денсаулық сақтау саласындағы қазіргі тенденцияларды жүйелеу және түсіндіру;
 Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтау саласындағы білімнің шекарасын кеңейтуге өзіндік үлесін қосу;
 Денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін ендірілген жүйелерді қолдана отырып жүйелер мен қосымшалар құруға; өзіндік және басқа ғылыми қызмет нәтижесінің маңыздылығын бағалау және анықтау, ғылыми пікірсайыста өз ғылыми пікірін білдіру және қорғау.

Медицина саласындағы жасанды интеллект

8D06114

Ақпараттық технологиялар

ғылыми - педагогикалық бағыт

күндізгі

2200000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)