Жүйелік инженерия

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

"Жүйелік инженерия" білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу саласы, мемлекеттік органдар мен индустрия үшін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
 заманауи жүйелік инженерияның негізгі принциптерін түсіндіру;
 күрделі жүйелерді жобалау мен әзірлеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін тереңдетіп оқыту негізінде жүйелік инженерия саласында инновациялық қызметті жүргізу, сондай-ақ сабақтас ғылыми салалар мен цифрлық технологиялардың білімі мен әдіснамасын пайдалану;
 ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білімді құру, заманауи көп қырлы, пәнаралық міндеттерді шешу үшін жүйелі тәсілді қолдану;
 ғылыми іс-шараның жұмыс тілінде ғылыми пікірталастарда, соның ішінде халықаралық пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін дәлелдей отырып, қорғау.

Жүйелік инженерия

8D06105

Ақпараттық технологиялар