Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Тиісті фармацевтикалық тәжірибеге сәйкес дәрілік заттарды жасау, сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа білімдерді генерациялауға қабілетті, озық білімі мен дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
Фармация
7M10117
Медицина және денсаулық сақтау
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Заманауи дәрі-дәрмек жеткізу жүйелеріне негізделген негіздер мен принциптер. Дәрілік заттарды жеткізу жүйелері: құрастыру және жұмыс істеу принциптері. Дәрілік заттар мен биомолекулалардың әсерінің физиологиялық және физикалық аспектілері. Ұзартылған әрекет: технологиялық, физиологиялық, химиялық және физикалық тәсілдер
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына және Тиісті фармацевтикалық тәжірибеге сәйкес фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілердің қызметін басқаруды және жоспарлауды ұйымдастыру. Химиялық, биологиялық, физика-химиялық және басқа әдістерді қолдана отырып, дәрілік заттарды сараптауды ұйымдастыру. дәрілік заттардың сапасын бақылауды ұйымдастыру. Фармацевтикалық денсаулық сақтау секторының құрылымы мен басқару органдары және олардың функциялары.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ғылыми зерттеулер мен алынған нәтижелерді енгізу практикасын жоспарлау үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы кәсіби құзыреттер, дәрілік терапияның қауіпсіздігін, тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды пайдалану үшін зерттеу әдістерін жүргізудің практикалық дағдыларын қолдану.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Қоғамда аурулардың пайда болу себептері мен таралу ерекшеліктерін зерттейтін профилактикалық медицина, зерттеудің бөлімдері мен әдіснамасы: инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, денсаулық проблемаларын шешу үшін эпидемиология әдістері; эпидемиологиялық зерттеулердің этикалық аспектілерін қолдану; скринингтің эпидемиологиялық аспектілері, эпидемиологиядағы себеп-салдарлық байланыстар; аурудың дамуына қауіп факторларының әсерін бағалау; медициналық мекемелер мен бағдарламалардың қызметін бағалау, нақты көздер мен ресурстардан медициналық ақпаратты іздеу бойынша қорытындылау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында биопрепараттарды дайындау, сапасын бағалау және стандарттау; биопрепараттарды өндіру және дайындау кезінде технологиялық процестерді жүзеге асыру; дәріханаларда және фармацевтикалық кәсіпорындарда биопрепараттардың өндірісі мен сапасын регламенттейтін нормативтік құжаттар дайындау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дәрілік заттар мен қалыптардың физикалық химиялық қасиеттерін, оларды зерттеудің фармакопеялық әдістерін білу. Дәрілік заттар мен дәрілік өсімдік шикізаттарын, биологиялық объектерді түп нұсқалығын, тазалығын және сандық анықтау жүргізу үшін фармацевтикалық талдауда қолданылатын заманауи физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістерді оқып білу. Берілген дәрілік қалыптарға фармацевтикалық талдаудың заманауи әдістерінің (ИК, спектрофотометрия, HPLC, ЯМР, GC-MS, масс спектр және т.б.) нәтижелеріне талдау жүргізу
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
"Дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету тұжырымдамасы" пәні дәрілік заттар айналымы нарығын мемлекеттік реттеуді күшейту, отандық фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті одан әрі дамыту, қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету, фармацевтикалық нарықтың барлық қатысушыларының: тұтынушылардың, мемлекеттің, фармацевтикалық бизнесті жүзеге асыратын кәсіпкерлердің мүдделерін теңдестіру жолымен экономиканың осы секторындағы мәселелерді зерделейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дәрілік заттарды стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Дәрілік өсімдік шикізаты мен фитопрепараттарға нормативтік құжатты әзірлеу және бекіту. Экстракцияның негізгі түрлері. дәрілік өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды бөліп алудың негізгі әдістері. Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес ДӨШ негізінде алынған дәрілік заттардың сапасын бақылауды қамтамасыз ету. Өндірістік бақылауды ұйымдастыру. Биологиялық белсенді қоспаларды стандарттау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты – биохимиялық және фармацевтикалық зерттеулерді жүргізудің негізгі заңдары мен әдістерін іргелі білім саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, кейіннен математикалық өңдеу және фармацевтикалық үдерістерді, дәрілік заттарды алуға арналған материалдар мен жабдықтарды әзірлеумен байланысты зерттеу нәтижелерін талдау, процестер мен жабдықтардың валидациясын жүргізу, өлшеу әдістемелерін әзірлеу және валидациялау.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.