жаратылыстану ғылымдарының магистрі
кәсіби білімі мен дағдылары бар, инженерлік жобалауда және ғылыми-өндірістік қызметте алған білімдерін экологиялық биоинженерия саласында іске асыруға қабілетті, қоршаған орта қалдықтарын қайта өңдеу, ауыл шаруашылық өндірістерінің қауіпсіздігі мен биопрепараттар және биотыңайтқыштарды әзірлеу мәселелерін шешуде жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Экологиялық биоинженерия
7M05117
Биология және биотехнология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: биологиялық әдістерді пайдалана отырып гидросфераны химиялық ластанудан қорғау әдістері мен құралдары туралы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлік-экологиялық шешімдерді енгізу, су бассейнін ластаудың химиялық, физикалық қорғаудың биологиялық әдістерін жіктеулер мен өндірістік қалдықтарды тазалау, қайта өңдеуде қолданылатын негізгі жабдықтар қарастырылады.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату технологияларын зерделеу, ластанған аумақтарға мониторинг жүргізу және оңалту, әртүрлі ксенобиотиктерді микробтық биотрансформациялау әдістерін игеру, әртүрлі экожүйелердің мутагенді және канцерогендік қосылыстарымен ластану дәрежесін бағалау бойынша жұмыс дағдыларын білу.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - экобиотехнология ғылымының жаңа жетістіктері, зерттеу бағыттары және практикалық іске асырылуы, өндірістің барлық кезеңдерінде биологиялық құндылығы жоғары аграрлық өнімнің сапасы мен биологиялық қауіпсіздігін бақылау әдістері, өсірілетін дақылдардың өнімділігін арттыру және тамақ режимін оңтайландыру туралы білімдер беру
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ғылыми-зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін пайдалана білуді және биологиялық білім беру саласында студенттердің оқу-зерттеу іс-әрекетін бақылауды қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: оқу және ғылыми-зерттеу қызметі; дағдылар мен құзыреттілік; биологияны оқытуда студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту әдістемесінің үлгілері; студенттердің ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: стресс жағдайында тірі организмдерде (жануарларда, өсімдіктерде, микроорганизмдерде, қарапайымдыларда) болатын биологиялық және биохимиялық процестер саласындағы бейімделу механизмдерді, биохимиялық заңдылықтарды және қоршаған ортаны қорғау технологияларын жасау үшін қалдықтарды биоремедиациялау, ағынды суларды биотазалау және биодеградациясы мен қоршаған ортаны ұтымды басқаруды игеру.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – экобиотехнология ғылымының соңғы жетістіктері, зерттеу бағыттары мен биотехнологияда тиімді қолданылатын заманауи аналитикалық әдістерді меңгеру және экобиоинженерия негіздері ретінде кең қолданылатын гендік инженерия, геномика және протеомика саласындағы революциялық өзгерістер мен молекулалық биотехнология жетістіктері туралы түсініктер қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда биологиялық әдістерді қолдана отырып, топырақ пен судың экожүйесін әртүрлі ластаушы заттардан тазарту әдістері мен құралдары туралы жүйелі түсініктер қалыптастыру, табиғи ортаны ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлік және экологиялық шешімдерді шешу қабілеттерін дамыту.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: микробтық жасушалардағы мақсатты метаболиттерді үздіксіз синтездеу және бағыттау жолдарын зерделеу, микробиологиялық және биотехнологиялық әдістерді қолдану негізінде жартылайфункционалды микробтық препараттар мен мақсатты биологиялық белсенді заттар ретінде микроорганизмдердің өндірістік штамдарын іріктеудің практикалық дағдыларын меңгеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда экосфераны қорғау әдістері мен құралдары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, қалпына келтірудің биологиялық, химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдану мүмкіндіктерін талдау, биоиндикация және биотестілеу саласындағы дағдыларды меңгеру, сонымен қатар қоршаған ортаның әртүрлі компоненттеріндегі экотоксиндердің биомониторингті стратегиясын әзірлеу қабілетін дамыту.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - экобиотехнология ғылымының жаңа жетістіктері, зерттеу бағыттары және практикалық іске асырылуы, өндірістің барлық кезеңдерінде биологиялық құндылығы жоғары аграрлық өнімнің сапасы мен биологиялық қауіпсіздігін бақылау әдістері, өсірілетін дақылдардың өнімділігін арттыру және тамақ режимін оңтайландыру туралы білімдер беру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: түрлі ксенобиотиктерге және биоэнергетика үшін мақсатты гендік-инженерлік өнімдерді алудың жаңа технологияларына қатысты жоғары сорбциялық және деструктивті белсенділіктермен сипатталатын әртүрлі экожүйелерді биоиндикациялауда, биотестілеуде және биоремедиациялауда фототрофты микроорганизмдерді қолдану мүмкіншіліктерін зерделеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты-өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеудің биотехнологиялық тәсілдерінің стратегиясы туралы түсінік қалыптастыру.Курс шеңберінде биоэнергияны өндіру кезінде өнеркәсіптік қалдықтарды биоконверсиялау негізінде технологиялар элементтерін әзірлеу, биоотын алуда биотехнологиялық процестерді пайдаланудың оңтайлы тиімді схемаларын әзірлеу мәселелері қаралатын болады
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өсімдіктерді фитопатогендерден қорғау үшін экологиялық таза бактериялық препараттарды алу негіздерін меңгеру. Ауыл шаруашылығына арналған биопрепараттарды микробиологиялық өндіру әдістері мен объектілері, атап айтқанда микроорганизмдер негізінде био тыңайтқыш алу және топырақты эрозия мен дефляциядан қорғау жөніндегі агротехникалық іс-шаралар әдістері туралы түсінік беріледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - микроорганизмдердің тұқым қуалаушылық және тұқым қуалайтын өзгергіштігінің молекулалық негіздері, олардың генетикалық аппаратын ұйымдастыру туралы түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ олардың экожүйелердегі рөлін түсіну және биоинженерлік және экологиялық тұрақты шешімдерді әзірлеу үшін мутагенез, генетикалық рекомбинация, экологиялық факторларға бейімделу, ксенобиотикалық метаболизм және токсикология сияқты өзгергіштіктің әртүрлі түрлерін зерттеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: молекулалық және жасушалық биоинженерияның биохимиялық және биофизикалық процестерін, биомакромолекулалардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу әдістерін, жасушалар мен ұлпалардың қызмет ету, морфологиясын, молекулалық модельдеу әдістерін, синтетикалық биология мен гендік инженерияның заманауи тәсілдерін, сондай-ақ экологиялық генетика және экогенетикалық аурулар туралы негізгі түсініктерді игеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - табиғи ортаға адам әрекетінен туындайтын факторлардың әсерін талдау, қоршаған орта объектілерінің жай-күйін есепке алу және бағалау ережелерін, аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін, сондай-ақ су экожүйесіндегі микробиологиялық процестер мен биотехнологиялық әдістерді тиімді қолдану бойынша білімді қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: стресс жағдайында тірі организмдерде (жануарларда, өсімдіктерде, микроорганизмдерде, қарапайымдыларда) болатын биологиялық және биохимиялық процестер саласындағы бейімделу механизмдерді, биохимиялық заңдылықтарды және қоршаған ортаны қорғау технологияларын жасау үшін қалдықтарды биоремедиациялау, ағынды суларды биотазалау және биодеградациясы мен қоршаған ортаны ұтымды басқаруды игеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - фототрофты микроорганизмдердің негізгі топтарын, олардың биосфера масштабындағы қызметін, биопрепараттар мен биостимуляторларды алу үшін маңызды биологиялық белсенді заттарының синтезі және фотобиотехнологиялық ерекшеліктерін қолдануға болатын биотехнологияның әртүрлі салаларымен таныстыру
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: генетика саласындағы қазіргі бағыттар мен жетістіктер, экожүйелердің антропогендік ластануының генетикалық салдары, индикациялау әдістері және осы эволюциялық ұғымдарды табиғи іріктеу жолымен сақтау және байытудың жаңа идеялары мен кеңейтілген эволюциялық синтездерін біріктіру туралы зерделейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық қалдықтарды қайта өңдеудің микробиологиялық және экобиотехнологиялық тәсілдерін зерделеу және биоэнергияны өндіру кезінде биоконверсия негізінде технологиялық элементтерді, биотехнологиялық процестердің жаңа тиімді схемаларын әзірлеу және биоотынды алуда тәжірибеде пайдалану дағдыларын игеру.
Защита практики
Тәжірибенің мақсаты - зерттеуді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Тәжірибе жеке, сонымен қатар ғылыми ұжымдар мен ғылыми мекемелердің құрылымдық бөлімшелері құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау мен жүргізуді қоса, академиялық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу практикасы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, үлкен көлемдегі мәліметтерді (нақты материал) жинауға және өңдеуге бағытталған.
Зерттеу практикасы барысында магистранттардың төмендегідей қабілеттері қалыптасады :
- ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау;
- ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу: ғылыми дереккөздерді аннотациялау, рефераттар жасау-шолулар;
- тіл жүйесі және әдебиет дамуының негізгі заңдылықтары саласында өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу;
- ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану;
- ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу;
- отандық және шетелдік филология мектептерінің жаңашыл әдістерін қолдану;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін дәлелді баяндау;
- ғылыми басылымды дайындау және редакциялау: тезистер, мақала.
Зерттеу практикасын өту кезінде магистранттар келесі аспектілерді қарастырады:
Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Филологиялық зерттеулердегі заманауи әдістер мен әдістер. Лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми және қолданбалы жобалардың тәуелсіз дамуы. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді қалыптастыру ережесі. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.