филология ғылымдары магистрі
Цифрлық кеңістіктегі қазақ тілді ақпаратты, мәтін деректерін талдау мен өңдеу саласындағы әдіс-тәсілдерді меңгерген лингвистерді дайындау.
Цифрлық қазақ тілі
7M02326
Филология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қолданбалы саланы меңгеруге қажетті математиканың негізгі салаларымен танысу, математикалық талдау, сызықтық алгебра, ықтималдықтар теориясы мен статистика, графтарды меңгеріп, математиканың аталған салаларының базистік ұғымдары мен әдістерін қолдануға, математикалық ойлау мен дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға үйрету. Курс функцияны талдау, алғашқы функция мен интеграл, векторлық кеңістік, сызықтық операторлар мен граф теориясын қарастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ақпаратты өңдеудегі мәтін және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру, мәтін тұтастығы мен байланысын жаңаша қарастыру, тілдік бірліктердің мәтін құрушылық мүмкіндігі, мәтіннің тілдік ұйымдастырылуы туралы талдау жасау. Курс аясында мәтінді зерттеудің принциптері мен аспектілері, мәтін теориясының негізгі мәселелері, оны зерттеудің ғылыми бағыттары, мәтінді өңдеудің жолдары қарастырылады.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – тілдік деректерді өңдеуге арналған бағдарламалау тілін, Pyhton мен R бағдарламалау тілдері арқылы мәтінді өңдеу, басты операциялардың қызметтерін, табиғи тілдегі мәтіндерді бағдарламалау жүйесінде өңдеудің негіздерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді жоспарлау мен ұйымдастыруды үйрену. Курс аясында алгоритмдеу принциптері мен ақпаратты өңдеудің заманауи әдістері зерттеледі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қолданбалы саланы меңгеруге қажетті математиканың негізгі салаларымен танысу, математикалық талдау, сызықтық алгебра, ықтималдықтар теориясы мен статистика, графтарды меңгеріп, математиканың аталған салаларының базистік ұғымдары мен әдістерін қолдануға, математикалық ойлау мен дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға үйрету.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – филология мен лингвистиканың әртүрлі салаларында мәтіндік корпуспен жұмыс істеу, ұлттық корпус деректерін талдау және зерттеу нәтижелерін қолдана алатын мамандарды дайындау. Лингвистикалық корпустарда жинақталған нақты мәтіндік деректерге негізделген тілдік құбылыстарды түсіну. Қазақ тіліндегі сөздердің, құрылымдардың, фразеологиялық және басқа да тілдік бірліктердің қолданылу жиілігіне талдау жасай білу.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ақпаратты іздеу, алу және талдау, ақпаратты ұсыну және тарату мәселелерін шеше алатын мамандарды даярлау, қазақтілді мәліметтер қорындағы мәтіндік деректерді ресімдеу, мәтіндік корпусты өңдеуге арналған цифрлық технологияларды зерттеу, практикада қолдана алу. Курс аясында ақпаратты жинау, өңдеу, талдау саласындағы түрлі лингвистикалық бағыттарды талдау, салыстыру, сыни тұрғыдан бағалау жүргізіледі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі цифрлық технологиялардың негізгі әдістері мен құралдарын, олармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Цифрлық қазақ тілінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни тұрғыдан бағалай білу және оларды нақты зерттеу мәселелері мен мақсаттарына сәйкес қолдана білу.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әр түрлі (электронды сөздік, энциклопедия, анықтағыш, түсіндірме сөздік, тезаурустар және т.б.) сөздіктермен жұмыс істей білу және лингвистикалық автомат қызметін жүзеге асыру үшін сөздік қор базасын дамыту. Пән аясында сөздіктердің түрлерін құрастыру принциптері, компьютерлік лексикографияның болашағы қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ерекшеліктерін деректерді талдау арқылы зерттеу. Деректерді талдау негіздерін, талдаудың негізгі принциптері мен әдістерін, соның ішінде статистикалық талдауды, машиналық оқытуды және деректерді визуализациялауды үйрену. Деректерге негізделген шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тілді мәтінді автоматты талдау технологияларын зерттеу, түрлі деңгейдегі мәтіндерді талдауды меңгерту. Талдауға берілген мәтіндерде грамматикалық, семантикалық, стилистикалық, орфографиялық, логикалық қателерге жол бермеу үшін автоматты талдаудың ерекшеліктерін түсіну және мәтіннің ерекшеліктеріне сәйкес технологиялардың алгоритмін қолдана білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әртүрлі деңгейдегі қазақ тілді мәтіндерге лингвостатистикалық талдау жасауды меңгеру. Лингвостатистикалық талдаудың қолданыстағы тиімділігі мен кемшілігін кәсіби тұрғыда бағалай білу және нақты зерттеу мәселелері мен мақсаттарына сәйкес қолдана білу. Лингвостатистикалық талдау арқылы авторлық идиолектілер (автордың жеке сөз қолданыстары) мен мәтіннің стилін ажыратуды үйрену.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тілінің заманауи ерекшеліктерін және оның жасанды интеллект саласында қолданылуын зерттеу. Табиғи тілді өңдеуде жасанды интеллект технологияларын пайдалану. Атап айтқанда, тілді модельдеу, сөйлеуді тану, мәтінді дауысқа, дауысты мәтінге айналдыру, машиналық аударма, тілдік құрылымдарды анықтау және т.б. мәселелерді шешу үшін жасанды интеллектіні меңгеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі тілдік модельдерді, олардың түрлерін зерттеу. Қазақ тілінің теориялық және практикалық негіздерін табиғи тілді талдау үшін пайдалану. Есептеу әдістерін қолдану арқылы табиғи тілдік модельдерді құрастыру. Қазақ тіліндегі түрлі мәселелерді шешу үшін тілдік модельдерді әзірлеу және қолдану әдістерін зерттеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі әр түрлі (электронды сөздік, энциклопедия, анықтағыш, түсіндірме сөздік, тезаурустар және т.б.) сөздіктермен жұмыс істеу және лингвистикалық автомат қызметін жүзеге асыру үшін сөздік қор базасын дамыту. Нақты тапсырмалар бойынша электронды сөздік, глоссарий, түсіндірме, және т.б. сөздіктер, тезаурус, энциклопедия және анықтамалықтар құрастыра білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тілі сабақтарына арналған электронды құралдарды саралап, тілдің теориялық-практикалық негіздерін цифрлық технологиялар базасында қарастыру, электронды ресурстар жиынтығын анықтау, талдау. Пән мазмұнында оқу-әдістемелік құралдар жасауда тиімді цифрлық технология түрлері, тілді компьютерлік оқыту, қашықтан білім беру ресурстары, тілді оқытудағы желілік, мультимедиалық ресурстардың білім берудегі түрлері талданады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ерекшеліктеріне бейімделген цифрлық ресурстарды жасау дағдыларын меңгеру, онлайн ортада қазақ тілін қолдау және дамыту үшін қосымшалар, сайттар және бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты цифрлық құралдарды әзірлеуге және бейімдеуге үйрету, заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін сақтауға және ілгерілетуге бағытталған инновациялық жобалар жасауға дайындау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – филологтарды онлайн курс жасауға арналған бағдарламалармен таныстыру, бағдарламалау ресурстарын зерттеу, қазақ тіліндегі ақпараттарды цифрлық технологияларға бейімдеуді үйрету, онлайн курсқа арналған бағдарламалауды практикада қолдану. Пән аясында тілді оқытуды цифрландыру, онлайн курсты жаңаша форматта ұсыну, онлайн курс жасау барысында әдіс-тәсілдерді технология сұранысына сай оңтайландыру мәселелері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – корпусқа енгізілетін қазақ тілді мәтіндердегі сөздерге морфологиялық белгіленім қою принциптеріне қатысты лингвистикалық материалды электронды пішінге келтіру, сәйкестендіру, лингвистикалық белгіленімдер әзірлемесін жасау және жетілдіруде компьютерлік-бағдарламалық әдістерді қолдана отырып, сөздердің морфологиялық құрылымын ажырату.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі сөйлеуді тану мен синтездеудің негізгі принциптері мен әдістерін, теориялық негіздерін түсіну, машиналық оқыту және табиғи тілді өңдеу алгоритмдерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Сөйлеу интерфейстері мен қосымшаларын жобалай білу. Әр түрлі қызмет салаларында қазақша сөйлеуді өңдеуге арналған заманауи технологияларды қолдануға дайындау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - деректерді талдауға арналған әдістермен кеңінен танысу Байес статистикалық әдістерін қолдануға, өлшемділікті азайту әдістерін меңгеру (PCA, LDA, CA, MCA), кластеризация (k-means, иерархиялық кластеризация, аралас модельдер), регрессионды талдауды қолдануға үйрету. Курс барысында магистранттар R тілінің лингвистикалық пакеттерін біледі, деректерді талдаудың әдістерін меңгереді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – лингвистикалық және экстралингвистикалық білімді пайдалана отырып, автоматтандырылған машиналық аударма жүйесімен, мәтінді іздеу, алу мен өңдеу бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Аударма және машиналық аударма түрлері, оның жүйелерінің классификациясы, аударма жады жүйелері, толық автоматтандырылған МА мәселелері, МА жүйелерінің үлгілері, бағалау параметрлері талданады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – филологтарды онлайн курс жасауға арналған бағдарламалармен таныстыру, бағдарламалау ресурстарын зерттеу, қазақ тіліндегі ақпараттарды цифрлық технологияларға бейімдеуді үйрету, онлайн курсқа арналған бағдарламалауды практикада қолдану. Пән аясында тілді оқытуды цифрландыру, онлайн курсты жаңаша форматта ұсыну, онлайн курс жасау барысында әдіс-тәсілдерді технология сұранысына сай оңтайландыру мәселелері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі сөздің сөйлемдегі қызметін, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін, басқа сөздермен үйлесімділігін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін синтаксистік талдау жасау, синтаксистік құрылымдар арасындағы байланыстарды сипаттайтын белгіленімдерді дамыту. Курста синтаксистік деривация, сөздердің семантикалық, грамматикалық тіркесімділігі, сөйлем типтері мен модельдерін автоматты талдау мен жинақтау мәселелері сараланады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – корпусқа енгізілетін мәтіндердегі сөздерге морфологиялық белгіленім қою принциптеріне қатысты лингвистикалық материалды электронды пішінге келтіру, сәйкестендіру, лингвистикалық белгіленімдер әзірлемесін жасау және жетілдіруде компьютерлік-бағдарламалық әдістерді қолдана отырып, сөздердің морфологиялық құрылымын ажырату. Корпустық лингвистика ғылымына сипаттама беріліп, корпус жасау тәжірибесі, морфологиялық белгіленімге қойылатын теориялық және практикалық міндеттер мен талаптар қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – филологтардың кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану және дамыту мүмкіндіктері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, гуманитарлық және жаратылыстану білімдерін біріктіре отырып статистикалық әдістерді негізді және тиімді қолдану, ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты жүргізуге дайындау. Пән аясында электрондық ресурстарды құрудың практикалық дағдыларын дамыту көзделеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін оқытудың тиімділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында геймификация әдістерін зерттеу және енгізу. Тілдік қосымшалар, онлайн ойындар, интерактивті оқулықтар және басқа да сандық ресурстар сияқты цифрлық құралдарды пайдалануды үйрену. Қазақ тілін оқыту үдерісінде геймификацияны сәтті қолдана алатын мамандарды дайындау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – цифрлық қазақ тілінің негіздерімен танысу. Қазақ тілді мәтіндерді ақпараттық технологиялар арқылы жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды зерттеу. Автоматтандырылған жүйелер арқылы тілдік талдаулар жасап, корпустар, электронды сөздіктер, тілдік қосымшалармен жұмыс істеуге дағдылану.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Практиканың мақсаты - химиялық өндірістің технологиялық сызбаларын оқу, белгілі бір химиялық кәсіпорын мысалында жабдықтар, материалдар таңдау және жобалық-жобалық шешімдерді негіздеу, дамыту барысында алынған құзыреттерді жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. тәжірибе барысында өндірістік тапсырмаларды орындауға арналған модуль.
Тәжірибе нақты химиялық өндірістердің құрылымын, ережелерін, жабдықтары мен материалдарын игеруге бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.