Архив ісі, құжаттаманы басқару және археография салаларында қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде құжаттамалық қамтамасыз ету, архив құжаттарын жинақтау, пайдалану, жариялау және сақтау саласындағы заманауи практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті бейінді бағыттағы мамандарды даярлау.
Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету
7M03221
Тарих
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - магистранттардың археографиялық қызметтің түрлі салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, жарияланған архив құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі заңдылықтарын жүйелі тұрғыда талдау қабілетін қалыптастыру. Археографиялық теориялар, құжаттық басылымдағы құжаттарды жүйелеу, құжаттық басылымдардың типологиясы, құжаттық басылымның моделі, оны дайындау, құжаттық басылым тарихи және археографиялық түсінік ретінде және т.б. қарастырылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Құжат теориясының архивтанулық аспектісі. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері және т.б. қарастырылады.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - магистранттардың құжаттанудың теориялық және методологиялық мәселелерін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттанудың ғылым ретінде дамуы. Құжаттау және құжаттың пайда болуы үдерістерін құқықтық және нормативтік реттеудің теориялық аспектілері. Құжаттанулық зерттеулердегі басқару құжаттамасын жіктеу мәселелері. Қолданбалы құжаттық әзірлемелерде жүйелік тәсілді қолдану және т.б.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарға заманауи менеджменттің практикалық және теориялық негіздерін беру, менеджменттің элементарлы тәжірибесін жинақтап, басқару саласындағы теориялық және практикалық біліммен қамтамасыздандыру. Басқарудың шетелдік және отандық теорияларының негіздері; менеджмент құралдары; стратегиялық жоспарлау, ұйым өкілеттілігі, персоналды ынталандыру, және істелген жұмыстың сапасын бақылау әдістері қарастырылады.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты магистранттардың Интернет желісінде электрондық форматта тарихи құжаттарды жариялаудың теориялық және қолданбалы мәселелерін түсіндіру және компьютерлік іздеу құралдары мен электрондық ғылыми-анықтамалық аппарат құру қабілетін қалыптастыру. Электрондық форматтағы жарияланымдарды дайындаудың жалпы қағидаттары, Интернет-жарияланымдардың жіктелуі, толық мәтінді деректер базасы құрамындағы және отандық web-сайттардағы құжаттардың электрондық жарияланымдары қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты-магистранттардың архивтік құжаттарды бағалаудың теориялық тұжырымдамалары мен әдістемелік тәсілдерін талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттарды ақшалай бағалау саласындағы маркетингтік қызмет, құжаттарды бағалаудың нормативтік-әдістемелік базасы, құжаттарды мақсатты бағалаудың ғылыми негіздері, құжаттарды құндық бағалау үдерісі, оларды сақтандыру кезінде ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарына бағаны белгілеу тәртібі қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - бизнес-үдерістерді құжаттамалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ ұйымдағы құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету қызметін модельдеудің негізгі мәселелері бойынша магистранттардың жүйелі түсінік қалыптастыру. Курста: бизнес-үдерістерді басқарудың теориялық негіздері, басқаруға үрдістік және функционалдық көзқарас, бизнес-үдерістерді модельдеу, бизнес-үдерістерді құжаттау, бизнес-үдерістерді басқару негізінде кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, бизнес-ұдерістерді қолдаудың ақпараттық жүйелері қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: БҚҚ ақпараттық-құқықтық деректер базасын тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
Пән ақпаратты жеткізу мен сақтаудың заманауи технологиялары мен әдістері туралы жаңа білім алуға, БҚҚ саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін ақпараттық-құқықтық деректер базасымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып талдау жұмыстарының нәтижесін қорытындылауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-ұйым үшін құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру мен технологиясы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жағдайда басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін қолданудың теориялық-әдіснамалық негізін, оның ішінде автоматтандырылған технологияларды қолдануға негізделген интеграцияланған құжат айналымын қолдануды зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - археограф жұмысының әлеуметтік және когнитивтік функциялары туралы магистранттардың жүйелі білімдерін, әртүрлі дерек көздерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Тарихи деректерді жариялаудың әдістемелік аспектілері, Қазақстан тарихы бойынша дереккөздердің археографиялық басылымдарының типологиясы, жарияланымдардың әртүрлі түрлері мен типтері үшін құжаттарды анықтау және іріктеу, құжаттарды археографиялық ресімдеу және т.б. қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-құжат айналымын басқару жүйесін жобалауды ұйымдастыру үшін жұмысты ұйымдастыру мен технологиясы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.. Пән құжат айналымын жобалауды ұйымдастырудың объектісі ретінде қолданыстағы ұйымдардың әртүрлі жүйелерімен жұмыс істеу әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты-жасанды интеллект саласындағы магистранттардың жүйелі білімдерін, құжаттарды басқару саласында жасанды интеллект әдістері мен технологияларын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Жасанды интеллект ұғымы, жасанды интеллектің даму үрдісі, қазіргі заманғы ұйымдарда жасанды интеллектің технологияларын қолдану, құжаттарды басқару үшін жасанды интеллектің негізіндегі жүйелер мен платформалар қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты- архив ісін басқару саласында магистранттардың теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Архив ісін басқару органдарының, мемлекеттік, ведомстволық архивтердің жұмысын жоспарлаудың ұйымдастырушылық аспектілері, мемлекеттік архивтердің жұмысын нормалау әдістемесі, еңбекті ұйымдастыру, архив мекемелерінің есеп беру, архив құжаттарын сақтау басқармасы мен экономикасы жөніндегі нормативтік-құқықтық база қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ұйымдарда ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және басқару, кәсіби міндеттерді шешу үшін ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізу қабілетін қалыптастыру.
Пән ақпараттың негізгі анықтамаларын, табиғаты мен сипаттамаларын зерттеуге, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мәселелері мен ұйымдастыру мәселелерін талдауға, ұйымның ақпараттық ресурстары мен қызмет көрсетулерін пайдалана отырып, туындаған жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуге креативті ойлау және шығармашылық тұрғыдан қарауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты-қол жетімділігі шектеулі құжаттармен жұмыс істеу ерекшелігін зерделеу аясында магистранттардың теориялық білім, практикалық дағдылар мен машықтарын қалыптастыру. Қол жетімділігі шектеулі құжаттармен жұмыс істеу ерекшелігі, қол жетімділігі шектеулі құжаттарды дайындау әдістемесі, қол жетімділігі шектеулі құжаттарды мемлекеттік сақтауға архивке беру мәселелері, қол жетімділігі шектеулі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері.
Защита практики
Практиканың мақсаты - химиялық өндірістің технологиялық сызбаларын оқу, белгілі бір химиялық кәсіпорын мысалында жабдықтар, материалдар таңдау және жобалық-жобалық шешімдерді негіздеу, дамыту барысында алынған құзыреттерді жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. тәжірибе барысында өндірістік тапсырмаларды орындауға арналған модуль.
Тәжірибе нақты химиялық өндірістердің құрылымын, ережелерін, жабдықтары мен материалдарын игеруге бағытталған.