әлеуметтік ғылымдар магистрі
Отандық және халықаралық еңбек талаптарына сәйкес тиімді ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби білімі, қабілеттері, дағдылары мен құзыреттері бар жаңашылдыққа қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды нарық және жұмыс берушілерге сапалы дайындау
Аймақтану
7M03114
Халықаралық қатынастар
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2000000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттардың теориялық білімі мен дағдыларын қолдана отырып, аймақтануды зерттеу, халықаралық, аймақтық үдерістерді талдау әдістемесі туралы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Оқу курсы магистранттардың эмпирикалық ақпараттарды өңдеудің негізгі әдістерін және әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып, қазіргі аймақтық үдерістердің теориялық және дербес талдауын құру қабілеттерін қалыптастырады. Пән халықаралық және аймақтық үдерістерді талдаудың әдіснамалық мектептері мен тәсілдерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - жаһандық даму динамикасы мен қауіпсіздік саясатын анықтайтын акторлар ретінде әлемдік державалардың рөлін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы дүниежүзілік державалардың қауіпсіздік саласындағы жаңа әлемдік тәртіпті құрастыратын жаңа стратегиялық тенденцияларын және олардың мақсаттары мен құндылықтық бағдарларын түсінуді қалыптастырады. Пән қазіргі заманғы күш орталықтарын және әлемдік державалардың стратегиялық маңыздылығының өзгеруінің негізгі себептері мен тенденцияларын зерттеуге, жаңа «күш орталықтарының»/ аймақтық көшбасшылардың пайда болуын түсіндіруге, теориялық және әдіснамалық көзқарастар тұрғысынан «ескі» көшбасшылардың стратегиялық мүдделерімен бірге жаңа көшбасшылардың қауіпсіздік саласындағы мінез-құлық үлгілерінің арақатынасын салыстыруға және зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты - Қытайдың Бір белдеу және бір жол тұжырымдамасын алға жылжыту жағдайында қауіпсіздіктің аймақтық өлшемі туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Курс Жаңа Жібек жолындағы қауіпсіздік жағдайын талдауға бағытталған, оған Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының, Қытайдың және АҚШ-тың, ШЫҰ-ның әсерін қарастырады. Оқу курсы магистранттардың Жаңа Жібек Жолының нақты жобалық бағыттары бойынша Жаңа Жібек Жолына қатысты идеялар мен теориялық тәсілдерді жіктей білу қабілетін қалыптастырады. Пән зерттеуге бағытталған: жаңа аймақтанудың дәстүрлі парадигмалары, өзгеріп жатқан Еуразия аймақтық қауіпсіздік архитектурасына жаһандық өзгерістердің әсері; шығыстан батысқа қарай жүретін жаңа тенденциялар мен өзара тәуелділік; SREB аймақтық экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелері; халықаралық ынтымақтастық және Жібек жолы дипломатиясының мәселелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - аймақтық ұйымдардың қауіпсіздік саласындағы қызметін талдау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтық ұйымдардың рөлі туралы түсінік қалыптастырады; Еуропа, Азия, Америка, Африка және бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі аймақтық ұйымдардың даму ерекшеліктері мен проблемалары жөнінде түсінік қалыптастырады. Пән аймақтық қауіпсіздік саласындағы халықаралық қатынастардың заманауи теорияларын, қауіпсіздік саласындағы аймақтық ұйымдардың қалыптасуы мен даму кезеңдерін зерттеуге бағытталған. Осы пәнді оқыту барысында магистранттар ұжымдық қауіпсіздік саласындағы әртүрлі ұйымдардың мысалдарын қолдана отырып, аймақтық қауіпсіздік жүйесінің негізгі құрылымдарын игере алады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттың аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясаты мен стратегиясына; дерек көздеріне сүйене отырып, Орталық Азия мемлекеттерінің, оның ішінде қазақстандық дипломатиялық қызметке талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ОА елдерінің сыртқы саяси қызметін талдау үшін тарихи, дипломатиялық дереккөздердің табиғатын, шынайылылығын, оның тарихи және ақпараттық деңгейін анықтайды.