Археология
7M02219
Тарих
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарда ғылыми ойлаудың қазіргі заманғы түрін қалыптастыру, сондай-ақ білім алушыларда әртүрлі әдістерді, соның ішінде жаратылыстану-ғылыми, ақпараттық, сонымен қатар жүйелі тәсіл шеңберінде археология, этнология және мәдени антропология әдістерін қолдана отырып пәнаралық зерттеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән магистранттардың ғылыми-методологиялық көзқарастарын қалыптастыратын теориялық курс болып табылады. <br/> Пәнді оқу барысында келесі мәселелелер қарастырылады: <br/> ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тайпаларының мәдени мұралары. Ежелгі Қазақстан тайпаларының қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік саылары. Материалдық мәдениеті, шаруашылығы. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тайпаларының рухани мәдениеті. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстандағы этномәдени үдерістерді бағалау мен сипаттау.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – түркі дәуіріндегі археологияның өзекті мәселелері туралы түсінік қалыптастыру. Оқу нәтижесінде: ежелгі түркілердің мәдениетін зерттеу мәселелері, ежелгі түркілердің археологиялық ескерткіштерінің сипаттамаларының ерекшеліктері, түркі мәдениетінің Орталық және Солтүстік Азиядағы түрлі этностар мен этникалық топтардың мәдениетке әсері.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
"Антропогенез" пәні (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – маантропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биологиялық түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - археологияның теориялық және әдіснамалық мәселелерін талдау қабілетін қалыптастыру, ғылыми зерттеудің нақты методологиясының дағдыларын қалыптастыру.
Пән: археологиялық материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін, интенсификация, археологиядағы теориялық зерттеулерді, заманауи теориялық концепцияларды, археология деректері бойынша мәдениеттердің өзара әрекеттесу мәселелерін анықтау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән Еуразия халықтарының өнеріндегі скиф-сібірлік аң стилін зерттеудің өзекті мәселелерін айқындайтын курс болып табылады. Пән скиф-сібірлік аң стилі археологиясын зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері; сақ-скиф тайпалары шығу тегі процесінің факторлары мен заңдылықтарын ашу; сақ-скиф тайпаларының негізгі археологиялық ескерткіштерін, саяси тарихын, идеологиясы мен қоғамдық құрылысын зерттеу секілді білім жүйесіне негізделеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарды әлемдік антикалық ескерткіштерді зерделеудің тарихымен, эталонды және негізгі археологиялық кешендермен, материалдар категориясымен, өнер ескерткіштерімен, өзекті сауалдарымен және негізгі әлемдік ғылыми мектептермен таныстыру. Басты назар әлемдік абсолюттік және салыстырмалы хронологияның түйінді түрткілдерін құрастыратын археологиялық кешендерге аударылады
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттардың когнитивтік және индустриялық Археологияның өзекті мәселелері бойынша базалық жалпы кәсіптік білім алу. Ол қазіргі археологияның екі саласын біріктіреді. Оқу нәтижесінде: әр түрлі ғылыми-тарихи парадигмалар шеңберіндегі танымдық және өнеркәсіптік археологиялық білімнің орны; пән бойынша археологиялық дереккөздердің негізгі түрлері, олардың қалыптасу ерекшеліктері және қазіргі әлемдегі танымдық мүмкіндіктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - Орталық Азия археологиясының өзекті мәселелерімен таныстыру. Оқу нәтижесінде: алған білімдерін Орталық Азияның материалдық, рухани және қалалық мәдениетінің дамуын зерттеуде пайдалану; біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен байырғы халықтың этногенезінде Орталық Азия қалалық мәдениетінің рөлін көрсету; Орталық Азия археологиясын зерттеуде өзінің дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыру; ғылыми-зерттеу жұмыстарында анықталған деректерді талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-ежелгі дәуір мен Орта ғасырдағы Қазақстан аумағындағы урбанизация процесінің ерекшеліктері. Оқу нәтижесінде: әртүрлі кезеңдерде қалалық архитектураның дамуы, Орталық Азия өңірінің ауқымды бөлігінің әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарының және халықтың діни өмірінің ерекшелігі. Урабанизация процесін қалыптастыру принциптері мен жолдарын түсіну. Урбанизация мәселесінің тарихын білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-магистранттарда археология, этнография және этнология саласында эксперименттік әдісті қолданудың нақты зерттеу мәселелерін дербес әзірлеу кезінде қажетті теориялық-әдіснамалық негізді қалыптастыру. Оқу нәтижесінде: эксперименттік археологияның негізгі әдістері, археологиялық универсумды әртүрлі тарихи-мәдени процестермен салыстыру, экспериментте алынған нәтижелердің археологиялық зерттеулердің жалпы әдістемесіне, заманауи жетістіктерге, эксперименттік археологиядағы пікірталас проблемалары мен перспективалы бағыттарға әсері.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.