филология ғылымдары магистрі
Еуропа, АҚШ және Азияның үздік студенттерін қызықтыратын, бәсекелес, бірақ сонымен қатар ынталандыратын білім беру ортасында жоғары академиялық стандарттарға сәйкес ақпараттық ағымды бағдарлай алатын, сыни тұрғыдан ойлайтын және тіл білімі саласында білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлауды қамтамасыз ету. Білім алушыларды қазіргі кездегі өзгермелі әлемде жоғары кәсіби құзыреттілік пен әлеуметтік ұтқырлыққа кепілдік беретін лингвистика саласының қазіргі бағыттарының, сондай-ақ шектес ғылым салаларының іргелі теориялық-әдіснамалық базасы және практикалық дағдылармен қамтамасыз ету.
Лингвистика
7M02307
Филология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – лингвистикалық зерттеулерге арналған ақпараттық технологияларды оқыту. Пәнді оқу барысында табиғи тілді өңдеу және талдау, тіл білімінде жасанды интеллектіні пайдалану, тілдік деректер негізінде функционалды қосымшаларды әзірлеу, тіл теориясындағы эксперименттік міндеттерді шешу мәселелері қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: магистранттарды тіл білімінің зерттеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру, лингвистикалық талдаудың әртүрлі әдістемелері мен техникаларын сынау және қолдану. Бұл пән ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушылардың бойында лингвистикалық талдау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: білім алушылардың тіл білімінің тарихы мен кезеңдері, тұлғалары, ғылыми мектептері мен бағыттары бойынша лингвистикалық білімдерін жүйелеу, лингвистикалық мәселелерді шешуде тарихи сабақтастықты көрсету, қоғамдағы тарихи өзгерістерді ескере отырып, тіл біліміндегі үрдістер туралы түсінік беру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – лингвистика мен лингводидактиканың интеграциясы аясында мәтінді талдау әдістерін оқыту. Бұл пән мәтінжасамның негізгі заңдылықтарын, тіл үйрену үдерісі кезіндегі әртүрлі жанрлар мен стильдегі түрлі сипаттағы мәтіндерді трансформациялау және бейімдеу механизмдері мен әдістерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді меңгерудің мақсаттары: магистранттардың тілдік ой-өрісін кеңейту және тереңдету, тіл жүйесі туралы ойларын жүйелеу, негізгі лингвистикалық терминдердің мазмұнын нақтылау. Пән тіл білімінің ұғымдық-терминологиялық аппаратын, тіл білімінің қалыптасу және даму тарихын, тіл жүйесі мен құрылымындағы лингвистикалық категорияларды зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – бірінші (ана) тілдің лингвистикалық категорияларын, бірліктерін оқытылатын тілдегі берілу жолдарымен салыстыра отырып зерттеу. Пән екінші және шет тілдерін меңгеруді және оқуды жеңілдету үшін екі тіл арасындағы тіларалық сәйкестіктерді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстырмалы түрде зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарды таңбалар туралы ғылым ретіндегі семиотика негізгі ұғымдарымен таныстыру; таңбалардың түрлері, семиотика мен лингвистика арасындағы байланыс туралы түсінік беру. Пән табиғи және жасанды тілдердің таңбалық жүйелерін зерттеуге, әртүрлі коммуникативті жағдайларда таңбаларды түсіндіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – тіл білімінің метатілі, жалпы ғылыми лексика, номенклатуралық белгілер, терминологиялық аппаратты біріздендіру және стандарттау мәселелері туралы түсінік қалыптастыру.
Пән қазіргі терминологияның негізі ретінде тіл дамуының тарихи және қазіргі үдерістері туралы білімді зерделеу мен жүйелеуге бағытталған
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – тілмен байланыстыра отырып, жер бетіндегі этностардың жалпыадамзаттық және мәдени-спецификалық, рухани және материалдық мәдениет үлгілерімен танысу. Аталмыш пән ұлттық менталды-тілдік кешендерді, мәдени концептінің барлық қабаттарының тілдегі бейнелену мәселесін диахрония және сонхрония аспектісінде зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлеуметтік және тілдік құрылымдардың өзара шарттастығы мен тіл-адам, тіл-тұлға, тіл-қоғам, тіл-этнос, тіл-ұлт, тіл-мемлекет арасындағы байланыстарды зерттеу. Пән тілдің қоғамдағы рөлі мен орнын зерделеу аясында тілдік жағдаятты, тіл саясатын, тілді жоспарлауды бағалау қабілетін дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – тілді оқыту үдерісінде білім алушылардың коммуникативтік және мәдениаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру. Пән магистранттардың ұлттық-мәдени ерекшеліктерге сәйкес тіл иеленеушілермен вербалды және бейвербалды қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін жалпы білім, білік және дағдыларды түсіндіру қабілетін дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарды тіл білімінің коммуникативті-прагматикалық бағытымен таныстыру. Курс прагмалингвистиканың негізгі ұғымдарын жүйелеуге, сөйлеу актісі, функционалдық және жасырын прагматика ұғымдарын түсінуге және ұғынуға, белгілі бір мақсатпен сөйлеу қарым-қатынасын жүзеге асыруға және сәйкес сөйлеу тактикасы мен стратегияларын таңдауға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты тіл, сөйлеу және сөйлеу жасау үдерістері мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыдан зерделеу, сөйлеу әрекетін психикалық үдерістермен байланыстыра зерттей отырып, олардың тіл жүйесімен сәйкестілік деңгейін зерттеу болып табылады. Бұл пән психолингвистиканың тарихын, әдістерін және терминологиясын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты: концептуалды алғышарттарды, тілдегі рефлексияны зерттеудің онтологиясы мен әдістемесіне, оның ішінде нысаны мен пәнді, бастапқы принциптерді, категориялық-тұжырымдамалық аппаратты, талдау әдістері мен бірліктерін талдау. Курс тілдегі рефлексияны және оның коммуникацияға әсерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазіргі тіл білімінің өзекті бағыты – саяси лингвистикамен танысу. Пән саяси лингвистиканың ғылыми бағыт ретіндегі әдіснамалық мәртебесі мен онтологиялық сипаттамасын зерттеуге және білім алушылардың саяси мәтіндерді, саяси коммуникацияның стратегиялары мен тактикасын талдау қабілетін дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: лингвистикалық талдау жасауда қолдану мақсатымен құрылымдық лингвистиканың негізгі тұжырымдарын меңгеру. Пән тілдің деңгейлік ұйымдастырылуы, тілдік бірліктер мен тілдік категориялар, тіл заңдылықтары, жүйелік құрылымдық бірлік ретінде тілдің байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімді жүйелеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – іскерлік коммуникацияның теориясы мен практикасын зерттеу. Пәнді оқу кезінде іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері, іскерлік қарым-қатынас мәдениеті; іскерлік мәтіндер мен іскерлік корреспонденцияның жанрлық және стильдік ерекшеліктері, іскерлік саладағы коммуникациялық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері қарастырылады.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.