Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет пен және "Өзін-өзі тануды" оқытуды жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті білім беру мен ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды педагогикалық ғылым мен өзін-өзі танудың жаңа тұжырымдамалары мен әдіснамасын білу негізінде сапалы даярлау; білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуына, білім беру мекемесінің әлеуметтік саласын үйлестіруге ықпал ету; білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оқушыларды рухани-адамгершілік дамытуға және қоғамға қызмет етуге ықпал жасау. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның төмендегідей кәсіби тұлғасын дамытуға бағытталған:
- гуманды педагогика, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танудың жаңа теорияларының заманауи білімдерін терең түсіндіру және жалпылау;
- әлеуметтік-педагогикалық ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, аралас ғылыми аймақтардың білімін жеке ғылыми зерттеу контекстіне біріктіру, өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да хабарлау;
- білім беруде жеке тұлғаны диагностикалау, алдын алу, әлеуметтік оңалту бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметті бағалау және жетілдіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында әлеуметтік қызметтердің іс-әрекетін талдау және жетілдіру;
- өзін-өзі тану және гуманды педагогика құндылықтары негізінде оқушыларды адамгершілік-рухани білім алуға шабыттандыру, әлеуметтік-педагогикалық пәндерді және өзін-өзі тануды оқытудың классикалық және инновациялық стратегиялары мен әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;
- одан әрі оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінің өзіндік бағдарламасын құру.

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

7M01802

Философия және саясаттану