философия докторы (PhD)
Іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы бар, мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы теориялары мен инновациялық әдістерін меңгерген, басқару саласындағы қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, мемлекеттік басқарудың стратегиялық талдауының теориялық және әдіснамалық негіздерін және басқару жүйелерін жобалаудың қазіргі заманғы теориялары мен әдістерін терең зерделей алатын, инновациялық басқару технологияларын пайдалана алатын, мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу, ғылыми-педагогикалық қызметтерін ұйымдастыра және табысты жүзеге асыра алатын PhD докторларын дайындау.
Мемлекеттік және жергілікті
8D04103
Экономика және бизнес жоғары мектебі
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты:аналитикалық мәтіндік қызметке байланысты жазбаша ғылыми коммуникация саласындағы докторанттың кәсіби және коммуникативті құзіреттілігін дамыту.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
- жазудың тұжырымдамалары мен модельдерін бөліп көрсетуді;
- академиялық және ғылыми мәтіннің логикалық және синтаксистік мәселелерін ажырата білуді;
- қазіргі ақпараттық кеңістіктегі ғылыми мәтіндерге аналитикалық шолу және ғылыми, ғылыми-техникалық және танымал ғылыми мәтіндерге стилистикалық талдау жасауды;
- мәтінге семантикалық талдау жасап, түйінді сөздерді белгілеуді;
- мәтіннің мазмұнын тесттің коммуникативті талдау әдісіне ие аннотациялар, рефераттар, шолулар түрінде беруді.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: жазудың тұжырымдамалары мен модельдерін, академиялық жазудың негізгі жанрларын, ғылыми мәліметтер базасын, іздеу сұранысын жүзеге асыруды, кілт сөздермен іздеуді, академиялық қауымдастықтың құрылымы және қазіргі академиялық кеңістіктегі бағдарын, ғылыми мәтінді құрылымдау технологиясын, қорытынды ғылыми өнімнің сипаттамасын, жүйе ретіндегі ғылыми мәтінін, академиялық және ғылыми мәтіннің логикалық, лингвистикалық және синтаксистік мәселелерін, аннотацияның мақсаттары мен міндеттерні, ғылыми шолудың мақсаттары мен міндеттерін, ғылыми хабарламаның ерекшеліктерін.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулер әдіснамасын жан-жақты түсіну.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
- зерттеу жобасының әдіснамалық негіздемесінде логикалық ойлауды қолдануды;
- ғылыми зерттеулер жүргізу және бизнес-үдерістерді басқарудың сандық және сапалық әдістерін пайдалануды;
- жаңа ғылыми әдістерді өз бетімен меңгеруге, олардың кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінін өзгертуді;
- ғаламдық ортадағы экономикалық агенттердің және нарықтардың мінез-құлқын экономикалық талдау жүргізуді;
- бизнес-процестерді басқаруды және олардың тиімділігін бағалау үшін аналитикалық материалдар дайындауды.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулердің логикасын, тәртібін және деңгейін. Ғылыми зерттеулердің негізгі философиялық және әдістемелік мәселелерін. Экономикадағы ғылыми зерттеулердің әдіснамалық мәселелерін. Экономикалық зерттеулердегі транстивтік тәртіптерін. Зерттеу әдістемесі Экономикалық агенттердің және нарықтардың мінез-құлқын талдаудың сандық және сапалық әдісін. Жобаларды басқару және диссертация дайындау үшін аналитикалық материалдарын.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – cтратегиялық талдау саласында жаңа теориялық білімдер мен негізгі практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Осы пәнді сәтті аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болуы тиіс:
1. Мемлекеттің даму стратегиясын әзірлеу;
2. Стратегиялық талдау жүргізу сызбасын әзірлеу, басқарушылық талдаудың әртүрлі әдістері негізінде сыртқы ортаға Стратегиялық талдау жүргізу;
3. стратегиялық талдаудың әртүрлі әдістерін қолдану үшін ұйымның микро-және макро-ортасының аса маңызды факторларын анықтау;
4. елдегі жағдайға әсер ететін факторларды ескере отырып, бәсекелестік стратегияларға талдау жүргізу
5. мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметіне кәсіби және объективті талдау жүргізу.Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: стратегиялық басқарудағы заманауи теориялар мен тәсілдер туралы теориялық және практикалық білім, ел дамуының стратегиялық пайымы мен миссиясы, мемлекеттің экономикалық стратегиясының мазмұны, стратегиялық мақсаттар мен олардың басқарушылық құндылығы, мемлекеттік стратегиялық басқарудың тетіктері мен тәсілдері, басқарудағы стратегиялық талдау, стратегиялардың түрлері мен олардың сипаттамасы, басқару ортасын стратегиялық талдау, қазіргі стратегиялық талдау әдістері, ішкі және сыртқы ортаны талдау, бәсекелестік стратегиялар мен елдің бәсекелестік артықшылықтары, стратегиялық өзгерістер жағдайындағы басқару.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлемдік экономика мен басқаруды трансформациялау және цифрландыру жағдайында басқару принциптері туралы теориялық және практикалық білімді қалыптастыру.
Осы пәнді сәтті аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болуы тиіс:
1. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін сандық экономика мүмкіндіктерін пайдалану саласында индустриялық дамудың әлемдік трендтері туралы жүйелі тереңдетілген білімді көрсету;
2. Сандық трансформацияның теріс және оң факторларын жүйелеу, олардың макро - және микроэкономикалық көрсеткіштерге, бизнесті жүргізу мүмкіндігіне және мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсету проблемаларын шешуге ықпал ету дәрежесін анықтау;
3. Мемлекеттік және жергілікті басқаруды цифрлық трансформациялау жоспарын әзірлеу;
4. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «жол картасын» ескере отырып, мемлекеттік және жергілікті басқаруды трансформациялау жөніндегі стратегияны әзірлеу және іске асыру;
5. Сандық экономиканың технологиялық, мінез-құлық, институционалдық-құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық жағдайды моделдеу.
Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Сандық экономикаға кіріспе, мемлекеттік және жергілікті басқарудың тиімділігін арттыру үшін сандық экономиканың жаңа мүмкіндіктері, цифрлық экономиканың даму үрдістері мен механизмдері, сандық экономиканың әсерімен салалардың құрылымдық қайта құрулары, қоғамдық және корпоративтік сектор үшін сандық экономиканы дамытудың тетіктері мен салдары, сандық экономика және жоғары тиімді көшбасшылық.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлеуметтік-экономикалық даму процестеріне реттеушілік ықпал етудің әлеуметтік бағытталған шараларын әзірлеу қабілетін қалыптастыру.
Осы пәнді сәтті аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болуы тиіс:
1.мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тиімділігін бағалау;
2.мемлекеттік әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметтік тиімділігін бағалау;
3.мемлекеттік басқару тиімділігін бағалау;
4.мемлекеттік билік органдарының қоғамдық институтын бағалау бойынша сыни шолу жасау;
Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің мәні, басқару әсерлерінің түрлері, әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару, әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық индикаторлары, әлеуметтік басқарудың модельдері мен алгоритмі Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігі, мемлекеттік басқаруды қалыптастыру мен іске асырудың әлеуметтік тетігі, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігінің құрамы мен әрекеті, мемлекеттік басқарудың басымдықтары, әлеуметтік маңызы бар салаларды мемлекеттік басқару. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің мәні, басқару әсерлерінің түрлері, әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару, әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық индикаторлары, әлеуметтік басқарудың модельдері мен алгоритмі Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігі, мемлекеттік басқаруды қалыптастыру мен іске асырудың әлеуметтік тетігі, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тетігінің құрамы мен әрекеті, мемлекеттік басқарудың басымдықтары, әлеуметтік маңызы бар салаларды мемлекеттік басқару.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - докторанттың мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалауға әдістемелік тәсілдерді меңгеруінің ғылыми және кәсіби деңгейін қалыптастыру.
Осы пәнді сәтті аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болуы тиіс:
1.басқарудың негізгі үрдістерінің принциптері мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау тәсілдерін жүйелеу;
2.мемлекеттік басқару тиімділігін бағалау әдістері мен модельдерін қолдану;
3.мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйесінің әсерін түсіндіру;
4.мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың мақсаттары мен міндеттерін біріктіру;
5.ұйымдастыру және басқару жүйесінің көрсеткіштері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін қолдану.
Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: «мемлекеттік басқарудың тиімділігі» ұғымының мәні және оның түрлері, мемлекеттік басқару тиімділігінің ерекшелігі, мемлекеттік қызмет тиімділігінің өлшемдері, мемлекеттік басқарудың тиімділігін анықтаудың теориялық, әдіснамалық және практикалық тәсілдері, мемлекеттік басқарудың сапасын бағалаудың әдіснамалық тәсілдері, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қазіргі экономикалық саясаттың мәселелері бойынша ғылыми білімді қалыптастыру.
Осы пәнді сәтті аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болуы тиіс:
1.макроэкономикалық, әлеуметтік, сыртқы және өзге де саясатты, соның ішінде үкіметтің экономикалық саясатын қалыптастыруға жаңа көзқарасты ұйымдастыруды жүйелеу;
2.экономика дамуына SWOT– талдау жүргізіп, оның мықты және әлсіз тұстарын анықтау;
3.мемлекеттің ұзақмерзімді стратегиясын құрастыру маңыздылығын бағалауды жүргізу;
4.мемлекеттік басқару органдары жұмыс істейтін және экономикалық саясат іске асырылатын саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік ортаны талдау
5.Қазақстанның стратегиялық даму жоспарының құрылымына сыни шолу жасау.
Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: мемлекеттің экономикалық саясатының теориялық-әдіснамалық және қолданбалы аспектілері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарының, оның бөлімшелерінің мазмұны, мемлекет стратегиясы сапасының экономикалық индикаторлары, стратегиялық жоспарлар мен ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеу әдістемесі, экономикалық саясаттың тұжырымдамалық және стратегиялық негіздемесі, алдағы кезеңге арналған мемлекет экономикасын дамытудың басымдықтары, экономиканың дамуын SWOT–талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ұлттық экономиканы жаңғыртуға теориялық құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Осы пәнді сәтті аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болуы тиіс:
1.экономика модернизациясы мен өндіріс диверсификациясының тиімділігі туралы білімді жүйелеу;
2.экономика модернизациясының бағытын анықтау;
3.экономиканы модернизациялау үрдісін басқару.
4.Қазақстан экономикасының посткризистік дамуы мен модернизациясын стратегиялық басқару үрдістерін жан жақты және тиімді зерттеу;
5.ұллттық экономиканы мемлекеттік меншікке модернизациялауды ерекше және шығармашылық түрде талдау, нақты сектордың базалық салаларының диверсификациясын бағалау;
Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: ұлттық экономиканы модернизациялаудың мәні, елдің әлеуметтік-экономикалық моделі, ұлттық экономиканың әлеуеті мен пропорциясы, ұлттық экономиканың құрылымы, тәуекелдер мен олардың түрлері, оларды төмендету және экономиканың дамуына әсер ету жолдары, нақты сектордың базалық салаларын әртараптандырудың мәні, ұлттық экономиканы модернизациялаудағы мемлекеттік меншіктің рөлі, дағдарыстан кейінгі даму және Қазақстан экономикасын модернизациялау процестерін стратегиялық басқару, экономиканы модернизациялау кезеңдері, Қазақстан экономикасы және жаһандық экономикадағы процестер.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: