Бағдарлама аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілетіне ие, көркем шығармашылықты зерттеудің әдіснамалық принциптерін сын тұрғысынан бағалауға, әдеби мұраны зерделеудің жаңа тәсілдерін синтездеуге, әдебиеттану мен фольклористиканың ғылыми мәселелерінің кең кешенін шешуге, заманауи гуманитарлық ғылымның өзекті мәселелері бойынша өз пікірін білдіруге, командада жұмыс істеуге қабілетті маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Әдебиеттану
8D02304
Филология
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жазбаша ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттіліктерді, академиялық қарым-қатынас нормаларына сәйкес мәтіндерді жазу және өңдеу қабілетін дамыту; әртүрлі жанрдағы ғылыми мәтіндерді құру: диссертация, аннотациялар, ғылыми мақалалар, дәлелді (аналитикалық) эссе, зерттеуді негіздеу мен шолу, филологиялық түсініктемелер және т.б. Пән әртүрлі жанрдағы ғылыми мәтіндердің құрылымдық, композициялық, стильдік ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлемдік әдебиеттанудың жетекші бағыттары мен ғылыми мектептерінің негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын сыни бағалау және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдебиеттанудың тарихи дамуын ғылым ретінде жүйелі түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әдебиеттанудың негізгі ғылыми бағыттарын, ағымдары мен мектептерін, олардың көркем шығармашылықты зерттеудегі қағидаттары мен принциптерін зерделеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – филологиялық зерттеу әдістерінің негізгі түрлерін сипаттау және бағалау қабілетін дамыту. Оқу курсы олардың түрлеріне сәйкес зерттеулерді жүргізудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән мыналарды зерттеуге бағытталған: ғылыми филологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін, міндеттері мен жұмыс кезеңдерімен байланысты дұрыс таңдау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әдеби туындының көркемдік әлемін концептология тұрғысынан сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ұлттық тұжырымдаманы құндылықтар мен басымдықтар жүйесі ретінде түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әдебиеттану концептологиясын, ұлттық әдебиет концептосферасының ұғымдары мен құрылымын зерттеуге; әдеби-көркем тәжірибе призмасында ұлттың руханиятын, менталитетін және мәдениетін синтездеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жаңа ғылыми білімдерді құру мақсатында гендертану, мифологиялық сын, мифопоэтика, әдебиеттік салыстырмалы зерттеулер және нарратологияның тоғысқан жерінде әдебиеттануда пәнаралық зерттеулер жүргізу қабілетін дамыту. Пән қазіргі әдебиеттану ғылымының пәнаралық мәселелерін шешуге жүйелі көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Пән әдебиеттану саласында пәнаралық білімді біріктіретін ғылыми еңбектің жасалуымен аяқталады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – бұқаралық және Интернеттік әдебиет туындыларының жанрлық-стилистикалық және көркемдік ерекшеліктерін сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы бұқаралық, кибер әдебиетті зерттеудің маңыздылығы мен алғышарттарын және қағидаттарын, олардың қазіргі оқырман санасына әсерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән бұқаралық және Интернеттік әдебиеттің жанрлық жүйесін, құрылымдық ұйымдасуын және мазмұнын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жоғары оқу орындарында әдебиет пен әдебиеттану пәндерін зерттеу ерекшеліктерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы оқу орындарында әдебиет пен әдебиеттану пәндерін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолданудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән шығармашылық тәжірибені жүйелеуге, әдебиет пен әдебиеттану пәндерін зерттеу мен оқытудың өзіндік стратегиясын меңгеруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әдеби шығармаларды автор тұлғасының психологиясы призмасы арқылы түсіну және зерттеу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы авторлардың эмоциялық-мағыналық доминанттарының парадигмасында көркем мәтіндердің типологиясы мен сараптамасын жүзеге асыруда теориялық-әдіснамалық негізді қалыптастырады. Пән көркем шығарманың табиғатын, жазушы мен оқырман психологиясын терең түсінуге, көркем туындыларға психологиялық-лингвистикалық сараптама жүргізу қағидаттарын зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: фольклордың прозалық жанрларының текстологиясын зерттеу әдістерінің жүйелі түсінігін көрсету қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді:
- фольклордың прозалық жанрларын талдауда текстологиялық тәсілдің ерекшеліктерін жүйелі түсінуді көрсету; халық ауыз әдебиеті шығармаларының прозалық жанрларын жіктеу принциптерін анықтау;
- фольклорлық шығармалардың жанрлық құрамын оқытудың жаңа технологияларын қолдану;
- фольклордың прозалық шығармаларының текстологиясын зерттеу әдістемесі мен түсінігін қалыптастыру;
- кешенді, салыстырмалы-типологиялық және текстологиялық көзқарастар тұрғысынан фольклордың прозалық жанрларына өзіндік ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
- қазіргі тарихи-мәдени үдерістегі фольклордың орны мен рөлін, фольклордың прозалық жанрларының даму болашағы мен өзгеру ерекшеліктерін сыни талдау, бағалау.
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Фольклор шығармаларының ерекшелігі. Поэтикалық және прозалық жанрлар. Қазақ және әлемдік фольклордың прозалық жанрларын жіктеу принциптері. Ертегілер, аңыздар текстологиясы. Тарихи және топонимикалық аңыздар мен ауызша әңгімелердің текстологиясы және сюжеттік ерекшеліктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әдебиет пен фольклордың өзара онтологиялық байланыс заңдылықтарын сипаттау қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы фольклор мен әдебиет конвергенциялары процестерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әдеби-фольклорлық байланыстар мәселесінің екіжақтылығын зерттеуге бағытталған; әдеби оқиғалар мен типологиялық-контактілік қатынастарды типологиялық тұрғысынан талдау; әдеби туындылардың фольклоризм проблемалары мен әдеби поэзияның ауызша генез туындыларына әсерін зерделеу.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.