Логистикадағы жүйелік талдаудың заманауи теориялары мен инновациялық әдістерін меңгерген, логистикадағы заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, жеткізу тізбектерін инновациялық басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздерін терең зерделеу және логистикадағы заманауи теориялар мен жобалау әдістерін, логистикадағы зерттеудің математикалық модельдері мен әдістерін пайдалану негізінде логистикалық жүйелерді оңтайландыру саласындағы заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді шеше алатын, логистика саласында ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-зерттеу қызметін ұйымдастыра алатын және табысты жүзеге асыра алатын PhD докторларын дайындау.
Логистика (сала бойынша)
8D11301
Экономика және бизнес жоғары мектебі
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: отандық және халықаралық стандарттар негізінде зерттеу, жобалау, педагогикалық қызметте бірегей ғылыми өнімдерді жасау үшін академиялық жазудың әдістемелік құралдарын қолдану қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторанттардың қабілетін қалыптастыру:
- ғылыми мақалаларды, зерттеулерге өтінімдерді, зерттеу есептері мен шолуларды, сын-пікірлерді, сараптамалық қорытындыларды, оқу-әдістемелік кешендерді жазуға қатысты академиялық жазудың ерекшеліктерін баяндаудың ғылыми стиліне сәйкес анықтау;
- бірыңғай тұжырымдама аясында ғылыми жазудың базалық моделін әзірлеу: мәселені қою, гипотезаны негіздеу, тезисті тұжырымдау, мәтінді құрастыру, нәтижелер мен қорытындыларды дәлелдеу;
- ғылыми жазуға интеллекталды әрекеттерді қолдану: ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, ғылыми терминологияны, ғылыми пікірталасты, мәліметтерді верификацияланушылығын, жалпы білім мен жеке үлесінің арасындағы тепе-теңдікті сақтау; дәйексөз келтірудің дұрыстылығы;
- тәуелсіз сараптама, рецензиялау жүргізу және дәйексөз келтіру мен импакт-факторлары жоғары деңгейдегі халықаралық деректер базасына ақпаратты енгізу үшін ғылыми цифрлы кітапханалармен, цифрлық және ақпараттық ресурстармен, компьютерлік технологиялармен, онлайн-сервистермен жұмыс жасау ережелерін қолдану;
- ғылыми коммуникацияның заманауи технологиялары негізінде академиялық жазудың нәтижелерін ұсына отырып, академиялық этика қағидаларын сақтау.Пәнді оқу кезінде докторанттар: ғылыми жазудың стиль құраушы элементтерін; академиялық жазу құрылымын: ғылыми мәселелер, шешім гипотезасы, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, эмпирикалық мәліметтер, қорытындылар; мәтінді мағыналық талдау әдістерін; дәйексөз келтірудің ережелерін; сілтемелік аппарат пен менталдық карталардың технологиялары мен онлайн-сервистерін; аннотациялау, қорытындылау ережелерін; академиялық жазудың нәтижелерін ұсыну нысандарын; ішкі және халықаралық мәліметтер базасының талаптарын зерттейтін болады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: зерттеу нысаны шеңберіндегі маңызды және инновациялық бағыттарын айқындау арқылы толық циклдің ғылыми жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу әдістерінің кешенін қолдану қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында докторанттардың келесі қабілетін қалыптастыру:
- нақты тақырыптарға қатысты мақсаттарды, міндеттерді, нысанын, тақырыпты, гипотезалар мен зерттеу құралдарын тұжырымдау арқылы ғылыми зерттеуді ұйымдастыру жоспарын және оны жүргізу алгоритмін әзірлеу;
- мәселені зерттеуге байланысты тәжірибелік жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыруды қамтитын теориялық, іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердің қажетті әдістер кешенін анықтау;
- зерттеу объектісінің параметрлерін, жүйелері мен процестерін зерттеуде пәнаралық, сандық-сапалық әдістерді, сонымен қатар модельдеу және болжау әдістерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- ғылыми ақпаратты жинаудың және талдаудың сандық, сапалық, статистикалық, математикалық процедураларының банкін құру негізінде аналитикалық жүйені әзірлеу;
- ғылыми қоғамдастыққа өз бетінше немесе шығармашылық ұжымдардың құрамында нәтижелерді ұсыну үшін мақалалар, есептер, жобалар, сараптамалық қорытындылар түрінде қолданбалы білімнің инновациялық бағыттарын қамтитын ғылыми өнімдер жасау.Пәнді оқу кезінде докторанттар: ғылыми таным үрдісін: эмпирикалық, теориялық, эксперименталды кезеңдерді жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру; ғылыми таным әдістері мен тәсілдерін: логикалық-мағыналық модельдеу әдісі, дедукция, индукция, синтез, экстраполяция, құрылымдық-функционалдық әдіс; жалпы ғылыми теориялық әдістерді: математикалық, статистикалық, болжамдық; арнайы әдістерді: жеке ғылыми және тәртіптік; сапалық, сандық, пәнаралық әдістерді; зерттеу нәтижелерінің аналитикалық жүйесін қарастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – докторанттардың логистикалық процестерді жүйелі түрде қайта құру қабілетін қалыптастыру: ұйымдық құрылымды жеңілдетуге, әртүрлі ресурстарды қайта бөлуге және пайдалануды азайтуға, клиенттердің қажеттіліктерін іске асыру мерзімдерін қысқартуға, компания көрсеткіштерін түбегейлі жақсарту үшін бизнес-процестерді модельдеу негізінде оларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған материалдық, қаржылық және ақпараттық ағындар.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - докторанттарда логистикалық жүйелерді интеграцияланған жоспарлау практикасында тиімді шешімдер қабылдау бойынша теорияны, әдістерді дамыту қабілетін қалыптастыру; логистикалық жүйелердің ассоциативті өзара іс-қимылын жобалау әдістемесін әзірлеу; интеграцияланған ЛЖ жоспарлау үшін көптеген математикалық әдістердің ішінен құралдарды таңдау; жобаланған жеткізу тізбегіне логистикалық қызмет көрсету деңгейін бағалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқып-үйрену кезінде докторанттар келесі аспектілерді қарастырады: логистикалық менеджмент объектісін жобадан алдын-ала сараптау, экономикалық объектілерді басқару жүйесіндегі сапалы өзгерістерді бағалау, күрделі экономикалық жағдайларды талдау, проблемаларды шешу, шешім қабылдау нұсқаларын қалыптастыру және нақты жағдайларда қойылған мақсаттарға ең қолайлыларын таңдау, логистикалық жүйелерді қайта құру шешімдерін қабылдау әдістемесі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу кезінде қарастырылады: логистикалық жүйенің функциялары мен жобалау кезеңдері; жобаны басқару әдістері; жобалық шешімдердің тиімділігін бағалау әдістері, жобаларды басқару әдістері және логистикалық жүйелерді жобалау; логистикалық бизнес-процестерді қайта құру; жобаны басқаруды үйлестіру және ұйымдастыру мәселелері; жобаны басқару және оны іске асырудың тиімділігін бағалау, логистикалық жүйелерді басқарудың экономикалық мазмұны
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу кезінде докторанттар келесі аспектілерді қарастырады: инновациялық менеджменттің теориялық және әдіснамалық тұжырымдамалары, инновациялық процестің мәні, инновациялық менеджменттің әдістемесі мен әдіснамасы, ғылыми-техникалық саясат пен инновациялық менеджменттің байланысы, инновациялық менеджменттегі ұйымдық құрылымдардың түрлері мен тиімділігі, инновациялық менеджменттің стратегиялары, басқару әдістері, инновациялық жобалар және инновацияның тиімділігін бағалау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курс логистикалық процестерді зерттеу әдістеріне қатысты ғылыми дүниетанымды қалыптастырады, логистикалық процестерді зерттеуде әдістемелік мәселелерді енгізеді. Пәнді оқып-үйрену кезінде докторанттар мыналарды қарастырады: логистикалық тәсілді қолдану арқылы ашылатын материалды өткізетін жүйелер жұмысының тиімділігін арттырудың мүмкін мүмкіндіктері, логистикалық жүйелерді талдау кезінде қолданылатын негізгі экономикалық және математикалық әдістер мен модельдер; математикалық модельдердің сәйкестігін бағалау
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.