техника ғылымдарының магистрі
Робототехникалық жүйелер
7M07118
Механика-математика
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - Тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты-өнеркәсіптік роботтардың түрлері, қолданылу мақсаты, құрастырудың жалпы принциптерін оқу болып табылады. Магистранттардың өнеркәсіптік робототехникалық жүйелерді талдау және синтездеу дағдыларын дамыту. Курста: өнеркәсіптік роботтардың типтері мен конструкциялары, жіктелуі, өнеркәсіптік робототехникалық жүйелерді қолдану және дамыту, кеңістіктегі роботтың қозғалысын ұйымдастыру және басқару, өнеркәсіптік роботтың кинематикалық модельдерін құру және қолдану, өнеркәсіптік роботтарды бағдарламалау қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты робототехниканың заманауи және өзекті мәселелерін зерттеу, робототехниканың заманауи мәселелері бойынша білім мен кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Курста робототехниканың ғылыми саласы, робототехниканың негізгі өзекті мәселелері, робототехниканың әлемдегі қазіргі жағдайы және робототехниканың заманауи мәселелерін шешу жолдары, роботтардың әртүрлі модельдерінің оңтайлы конструкциялары қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттармен параллельді роботтарды оңтайлы жобалау және есептеудің негізгі әдістерін, параллель роботтардың заманауи конструкцияларын зерттеу және оларды өнеркәсіптік робототехникада қолдануды оқыту. Мынадай тақырыптар зерделенетін болады: қазіргі заманғы параллель роботтардың типтері мен конструкциялары, қазіргі заманғы параллель роботтың кинематикалық модельдерін жасау және қолдану, қазіргі заманғы параллель роботтарды бағдарламалау және қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: пән саласында білімді қалыптастыру, компоненттерді жобалау және дайындау кезінде компьютерді қолдану процедураларын оқу, автоматтандырылған жобалау және өндіріс саласындағы қағидаларды түсіну.
2D және 3D түрлендіру; қисық, беттік және қатты денелерді модельдеу; компьютерлік графикаға арналған стандарттар. Компьютерлік өндіріс: интерактивті графикамен компьютерлік сандық басқарумен бағдарламалау.