жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Механика саласында жоғары білікті, отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, іргелі ғылыми дайындыққа ие; өзекті ғылыми зерттеу жұмыстарын ең жоғарғы методологиялық деңгейде табысты жүргізе алатын, белсенді әрі азаматтық ұстанымы бар ғылыми мамандар дайындау болып табылады.
Механика
7M05404
Механика-математика
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1500000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - Тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар басқару теориясының негізгі принциптері, сызықты және сызықты емес жүйелердің модельдері мен зерттеу әдістері туралы білімін көрсетуге; басқару жүйесінің орнықтылығын анықтауға, статикалық және динамикалық дәлдігін анықтауға; қойылған талаптарға сай жүйені құруға; басқару жүйесін құру және жұмыс істеу принциптерін талдауға және қолдануға қабылетті болады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттарға динамикалық жүйелерді зерттеу бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру болып табылады.<br/> Осы курста механика есептерін сапалы зерттеу әдістері, фазалық кеңістікті талдау бойынша динамикалық жүйелерді интегралдау, көпөлшемді динамикалық жүйелердегі бифуркация теориясының автономдық және автономдық емес, периодтық және транзиторлық динамикалық жүйелері, шартты-периодтық қозғалыстар, кеңістіктік және уақытша орташалар қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты статистикалық механика саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, механика есептерін шешу үшін қазіргі сандық әдістерді қолдану, механика есептерінің математикалық модельдерінің қағидаларымен таныстыру, сандық сызбаларды құрудың қазіргі әдістерімен пайдалану, дербес туындылар сандық теңдеулер шешімінде қолдану және сонымен қатар олардың ЭЕМ сандық орындау.<br/> Модульді оқыту нәтижесінде магистранттар механика есептерін шешу үшін қазіргі сандық әдістерді қолдана біледі, механика есептерінің математикалық модельдерінің қағидаларымен таныс болады, сандық сызбаларды құрудың қазіргі әдістерімен таныс болады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - студенттердің механикадағы ұқсастық және өлшем теориясы бойынша білімін және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.<br/> Қарастырылады: өлшемсіз параметрлерін анықтаушы жүйесі, өлшем бірлікті теориясы, ұқсастық теориясы, түрлі өлшемдер үшін өлшем бірліктер теориясы, өлшембірлікті шамалар, өлшембірліксіз шамалар, негізгі өлшем бірліктер, туынды өлшем бірліктер, өлшем бірлік формуласы, физикалық шамалар арасындағы функционалдық қатынастар.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты механиканың қазіргі мәселелері саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, механиканы ғылым ретінде дамытудың негізгі ұғымдары мен үрдістерін жүйелі түрде қалыптастыру, механиканың бірқатар теориялық және қолданбалы мәселелерін шешудің дәстүрлі аналитикалық әдістерін меңгеру, қаралып жатқан объектілердің негізгі параметрлерін есептеу әдісімен білім алу болып табылады.<br/> Пәннің қысқаша мазмұны: Бұл курс механиканы ғылым ретінде дамытудағы негізгі түсініктер мен терминдерді, негізгі бағыттарды және ғылым ретінде механиканы дамытудағы нақты тенденцияларды қарастырады, есептеулердің негізгі принциптерін меңгеруді және механикадағы бірқатар теориялық және қолданбалы мәселелерді шешудің дәстүрлі аналитикалық әдістерін меңгеруді, алынған объектілердің негізгі параметрлерін есептеу әдісімен білім алуды және алынған нәтижелерді талдауды негіздейді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты гидродинамика есептерін модельдеу саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, магистранттарды Comsol Multiphysics бағдарламалық кешенінің мүмкіндіктерімен таныстыру болып табылады. Сондай-ақ магистранттар гидродинамиканың проблемаларын модельдеуде негізгі аксиомалар, гипотезалар және заманауи тәсілдермен танысады; дифференциалдық теңдеулерді дискреттеудің айырымдық схемаларын алуды үйренеді.
«Гидродинамика есептерін модельдеу» пәні магистранттарды өздігінен гидродинамика есептерінің математикалық және компьютерлік модельдерді құруға және оларға дұрыс шекаралық шарттарын қоюды үйретуге бағытталған. Магистранттар Comsol Multiphysics бағдарламалық пакетін пайдаланып Пуазейль ағысын, Куэт ағысын, кеуекті ортадағы бір фазалық ағыс, кеуекті ортадағы екі фазалық ағыстарды модельдеуді, сонымен қатар скаляр және векторлық өрістерді визуализациялауды, және алынған нәтижелерді талдау және оңтайландыруға есептер шығарады. Сонымен қатар бір-өлшемді тасымал теңдеулеріне бағдарлама жазуды үйренеді (конвекция және диффузия теңдеулерін пайдалануға арналған есептер). Ағыс және құйын сызықтарын шығаруға арналған классикалық каверна есебін қорытып шығарады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты есептеу газ динамикасы саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, математикалық модельдерді құрастыру, газ динамикасының негіздері сығылу, соқпа толқындары, Мах саны, диффузияны және т.б. түсіну және ішкі және сыртқы ағын мәселелерін шешуде осы әсерлердің нақты жағдайын тану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Студенттерге газдық динамикадағы негізгі және заманауи есептеу техникаларын үйрету, оларды негізгі теңдеулерді түсінуге үйрету және сандық процедураларды қолдана отырып, осы теңдеулерді шешу. Курстың тұжырымдамасы Кулбер Б.Лейндің «Есептеу газды динамикасы (CGD)» кітабына негізделген. Курсты оқып-үйрену нәтижесінде студенттер сығылатын ағындарға арналған теңдеулердің негізгі жүйесін, осы теңдеулерді шешудің сандық әдістерін, осы сандық әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін білуі керек.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты жерасты гидродинамикасы саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, магистранттарға «Жер асты гидродинамикасы» негіздерін беру, оларды жер асты гидродинамикасының негізгі ұғымдары және тау жыныстарының сипаттамаларымен таныстыру, жерасты гидродинамикасының негізгі теңдеулерін қорытып шығаруды үйрету, негізгі аксиомалар, гипотезалар және жер асты гидродинамикасын модельдеудегі заманауи тәсілдермен таныстыру болып табылады.
«Жерасты Гидродинамикасы» пәні арқылы магистранттар жерасты гидродинамикасы есептерінде кездесетін негізгі ұғымдар мен эффектілермен танысады, мысалы абсолюттік және эффективті кеуектілік, абсолютті және салыстырмалы өткізгіштік, дымқылдану, түрлі фазалардың қанықтырылу деңгейі, капиллярлық эффект т.б. Магистранттар аквиферлер/резервуарлардың математикалық және компьютерлік моделін құруды және ұңғыма маңындығы ағыстар, кеуекті ортада ластағыш заттардың таралуы, бір фазаны екінші фазамен ығыстыру, біртекті емес ортаның эффективті өткізгіштігін табу сияқты есептерге шекаралық шарттар қоюды үйренеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты нанотехнология саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, 0,1 – 100 нм өлшемдегі құрылымдарды өлшеу, зерттеу, жасау және өзгерту негізгі әдістермен таныстыру және сондай-ақ наноөлшемдегі ағындарды зерттеу үшін іргелі теориясымен таныстыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – студенттердің реакциялық ағындарды модельдеу саласындағы білімі мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, реакцияланатын ағындар үшін гидродинамика заңдарын және модельдеудің негізгі әдістерін меңгеру, негізгі теңдеулерді және іргелі аксиомаларды түсініп, гипотезаларды және химиялық әрекеттесетін ағындарды модельдеудің заманауи тәсілдерін, сонымен қатар студенттерді практикалық мысалдармен негізгі реакциялық ағындармен таныстыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты турбуленттік ағындар үшін есептеу әдістері саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, магистранттарды турбулентті ағындар теориясының негізгі жағдайларымен және олардың негізгі статистикалық сипаттамаларын математикалық модельдеу әдістерімен таныстыру.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.