философия докторы (PhD)
Физика
8D05306
Физика-техникалық
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2300000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты. «Академиялқ жазу» пәні болашақ мамандарда ғылыми мақалалар мен есептерді, өтінімдерді жазуға, жазбаша ғылыми байланысты құруға бағытталған.<br/> Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Ғылыми мәтін және академиялық жазу. Академиялық жазудың ерекшеліктері. Ғылыми жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар. Жариялылық және қатынастар.Академиялық жазу түрлері. Академиялық жазудың тұтастығы. Академиялық сауаттылық. Баяндау стилі. Әртүрлі қайнар көздермен жұмыс. Сілтеме және дәйексөз алу ережелері. Физика саласында мақала жазу ерекшеліктері. Кәсіби қызметі аясында ғылыми мәтін жазу құрылымы мен дайындығы. Халықаралық ғылыми баспаларға ғылыми мақалалар беру. Халықаралық деңгейде ғылыми қоғаммен кәсіби құзыреті саласында сұхбат және талқылау.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты. «Ғылыми зерттеудің әдістері» пәні болашақ мамандарда кәсіби құзыреті шеңберінде теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін қолданумен байланысқан білімдерін қалыптастыруға бағытталған. <br/> Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Физикалық зерттеулердің теориялық әдістері. Физикалық зерттеулердің тәжірибелік әдістері. Ғылыми зерттеулерді жоспарлаудың ерекшеліктері. Нәтижелерді талдау және өңдеу әдістері. Зерттеулердің ғылыми және тәжірибелік базасын дамыту. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет ұйымының құрылымы. Ғылыми зерттеу институттары. Ғылымның басым және арнайы облыстарындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер. Интеллектуалдық жекеменшікке авторлық құқық.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – жоғары энергиялы заманауи физиканың, сонымен қатар физиканың калибрлі теорияларын пайдалану қабілеттілігн қалыптастыру. Қарастырылады: электромагнитті, калибрлі теориядағыдай күшті және әлсіз әсерлер, калибрлі өрістегі классикалық теорияның математикалық негіздері, калибрлі теориядағы монополдар мен инстантондар.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты - энергия үнемдеу және энергия шығарудың жаңа бағыттарын пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Дәстүрлі емес және жаңарып тұратын энергия көздері және оларды қолдану келешегі. Қалпына келетін қайнар көздердің энергиясын жинақтау және жіберу. Дәстүрлі емес және жаңарып тұратын энергия көздерін пайдаланудағы экологиялық проблемалар. Қазақстанның жасыл энергетикасы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – класссикалық ЖСТ мен аспан механикасының есептерін шешу үшін әр түрлі әдістерді қолдану қабілеттлігн қалыптастыру. Қарастырылады: Шварцшильд есебі, Лензе-Тирринг есебі, екі дене есебі, орнықтылық мәселесі, гидродинамикалық аналогия әдістері, Лагранж, Гамильтон, Гамильтон-Якоби және т.б.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – заманауи космология және астрофизиканың жаңа салалары туралы заманауи теориялық білімін пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру.
Қарастырылады: Космологиялық модельдер, Әлемнің пайда болуы, Әлемнің дамуының негізгі кезеңдері, реликтік сәулелену, космологиялық қызыл ығысу, Әлемнің кеңеюі, космологиялық күй теңдеуі, қараңғы материя және энергия; жұлдыздардың эволюциясы, құрылысы, жұлдыздық динамика, галактикалардың эволциясы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты - кванттық гравитацияның кванттық теориямен біріккен қазіргі мәселелерін пайдалану қабілеттілігн қалыптастыру. Қарастырылады: кванттық теориясы гравитация теориясы үйлестіре теориялық негізділігі. Гравитацияның кванттаудағы қиындықтары. Әлемнің бар болуының бастапқы сатысының сипаттамасы. Инфляциялық космологиялық модельдер. Гравитация және кванттық теориясының бірігуіне арналған тәсілдерді шолу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – импульсті плазмалық ағын физикасын зерттеуге байланысты білім мен құзыреттілік кешенін пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Импульстік плазманың параметрлері. Импульстік плазма ағынын алу үшін қондырғылар. Жоғары қуатты импульстік разрядтардағы физикалық процестер. Импульстік плазма ағынын термоядролық энергетикада қолдану. Импульстік плазмалық ағынды заттармен өзара әрекеттесу физикасы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – релятивистік астрофизиканың соңғы жетістіктерін пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: ақ ергежейлі жұлдыздар, нейтрондық жұлдыздар және қара құрдымдар сияқты шағын объектілер, қараңғы энергия, қараңғы материя және өте массивті қара құрдымдардың табиғаты, сынақ денелер мен жарық бөлшектердің айналмалы деформацияланған дененің гравитациялық өрісінде қозғалысы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – қазіргі заманғы есептеуіш технологияларды қолдану қабілетін дамыту.
Қарастырылады:
Әдістердің классификациясы. Соңғы элементтер әдістері. Монте-Карло әдістері. Молекулалық динамиканың әдістері. Параллельді есептеулердің негіздері. Ғылыми есептеулерде GPU пайдалану. Оңтайландыру алгоритмдері. Теориялық физиканың бағдарламалық құралдары мен құралдары. Жалпы салыстырмалылықтағы компьютерлік әдістер. Мамандандырылған бағдарламалық пакеттерді Maple, Mathematica, MATLAB пайдалану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – толқындар мен бөлшектердің шашырау теориясын ғылыми зерттеулерде пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Орталық өрістегі қозғалыс, әр түрлі потенциалдардың дербес жағдайлары, жазық толқын және монохроматты толқын, шашыратылған сәуленің поляризациясы, электромагниттік толқындардың көпөлшемді таралуы, Рейле-Ганс жуықтауы, Борндік жуықтау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – қатты сығылған плазманың заманауи теориясын зерттеулерде пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Қатты тығыздалған плазманың заманауи теориясына кіріспе. Тығыз плазманың сипаттамалары мен қасиеттері. Қатты сығылған плазманың динамикалық және статикалық қасиеттері. Плазманың түрлерінің псевдопотенциалдық моделделдері. Бөлшектердің әсерлесу эффектілерінің ескерілуі, коллективті және квантты-механикалық дифракция және симметрия эффектілері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқудың мақсаты – физикалық процестерді шешуде және модельдеуде ЖИ технологияларын қолдану қабілетін дамыту.
Қарастырылады:
Нейрондық желінің архитектурасы. Нейрондық желілердің түрлері, Кванттық механикада машиналық оқыту. Оңтайландыру үшін ЖИ пайдалану. Астрофизикадағы конволюциялық нейрондық желілер. Астрофизикалық процестерді модельдеу. Материалтанудағы ЖИ. ЖИ көмегімен болжамды модельдеу. ЖИ қолданудағы этика және қауіпсіздік.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – элементар бөлшектер физикасындағы симметрияның заманауи теориясын пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Симметриялар және сақталу заңдары. Әлсіз және электромагниттік әсерлесуде изоспин мен оғаштықты таңдау ережелерін іріктеу. Нуклондардың электромагниттік құрылымы. Әлсіз әсерлесулер және жұптылықтың бұзылуы. Каббибо теориясы, кирильді симметрия, токтар алгебрасы. Әлсіз және электромагниттік әсерлесулердің және чармдардың бірігуі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – материя құрылымының және іргелі әрекеттесулердің қазіргі көрінісін пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Калибрлік өрістердің квантталуы. Супер өрістің кванттық теориясы және кванттық хромодинамика негізі. Электроәлсіз әсерлесудің біркелкі теориясы. Калибрлік өріс пен супер өріс қайта нормалау теориясының физикалық негіздері. Материя құрылымы мен фундаменталды әсерлесулердің заманауи көрінісі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты - ядролық кластерлерді зерттеулерде пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады:ядролық реакциялар, ядролардағы нуклондар, ядро қабықшасының үлгілері, атом ядросындағы кластерлердің қалыптасуы, ядролардағы кластерлердің тиімді саны, ядролардағы кластерлердің энергетикалық және кеңістіктік таралуы.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.