Физика
7M05308
Физика-техникалық
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты басқару психологиясының іргелі түсініктерін түсіндіру, кәсіби тұрақтану процесінде басқару аймағының аспектілерін теориялық және тәжірибелік қолдану алғышарттарын анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы бойынша заманауи көзқарастарды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: басқару психологиясының, басқару қарым-қатынастағы жеке тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару негізгі принциптері.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағдарланған. Оқу курсы ғылыми зерттеу процесінің теориялық және әдіснамалық негізін, олардың мақсаттарын, міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, сондай-ақ нәтижелерді қолдану салаларын қалыптастырады. Пән ғылыми әдістеменің негіздерін, әдеби-эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістемесін, ғылыми жарияланымдар мен жобаларды дайындау және рецензиялау ережелерін зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты-жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, педагогикалық іс-әрекеттің құзыреттілігін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру. ЖОО-дағы педагогикалық аксиология негіздері (оқыту, тәрбиелеу, әдістемелік, зерттеушілік), әдістемелік инновациялық технологиялар, педагогикалық такт, этика ережелері, тәрбиелік іс-шаралардың стратегиясы мен әдістері, қазіргі ғылыми парадигмалардағы педагогиканың орны, оның гуманитарлық білім контексіндегі жаңа ғылыми фактілері қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерін, физикалық жүйелер симметриясының кеңістік-уақыт координаттар түрлендірулеріне салыстырмалы сақталу заңдарымен байланыстарын мазмұндау. Магистранттарға физикалық құбылыстар заңдылықтарының терең түсінігін беру. Магистрант қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерінің айқын түсінігін иелену керек.<br/> Осы пән шеңберінде: салыстырмалылық принципі; Галилей мен Лоренцтің түрлендірулері; ковариантты түрдегі физика теңдеулері; симметрия принципі, суперпозиция, белгісіздік принципі; сәйкестік принципі; энергияның сақталу заңы және уақыттың біртектілігі; импульстің сақталу заңдары және қозғалыс мөлшерінің моменті; кеңістіктің айна симметриясы және жұптылықтың сақталу заңы; тепе-тең бөлшектер мен бөлшектер статистикасы; күшті әрекеттесудің заряд тәуелсіздігі; заманауи физиканың негізгі принциптері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты - көп-бөлшекі жүйелердін компьютерлік модельдеу әдістері, мақсаттары мен міндеттері туралы магистранттардың идеяларын қалыптастыру; магистранттарды классикалық және кванттық көп-бөлшекі жүйелерді компьютерлік модельдеудің заманауи әдістерімен таныстыру, көп-бөлшекі жүйелердің физикалық қасиеттері мен сипаттамаларын есептеу қабілетін дамыту;<br/> Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады:<br/> Плазмадағы әр түрлі процестерді сипаттайтын сызықты емес, дифференциалдық, интегралдық теңдеулерді шешу және талдау үшін теориялық әдістер. Плазмадағы физикалық объектілердің, құбылыстардың, процестердің модельдерін құру. Монте-Карло, молекулалық динамика және квазибөлшектер әдістері. Осы әдістерді нақты есептерде жүзеге асыру. Плазмадағы процесстерді математикалық модельдеудің сандық әдістерімен, әр қайсысының артықшылығы мен кемшілігімен студенттерді таныстыру, сандық әдістерді қолданудың шегін салыстыру және көрсету, плазма физикасындағы есептерді шешу үшін сандық әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-теориялық физикада белсенді қолданылатын кванттық өріс теориясының негізгі ұғымдарын және кванттық өрістердің физикалық құрылымын теориялық түсінудің негізін қалыптастыру.<br/> Бұл пән аясында Янг-Миллс классикалық өріс теориясының және кванттық өріс теориясының негізгі қағидалары, калибрлік өрістердің квантталуы және сәйкес Фейнман диаграммаларын құру үшін ұйытқу теориясының формализмі, асимптотикалық еркіндік пен конфайнмент құбылысы, электрлік әлсіз өзара әрекеттесу теориясының негіздері (стандартты модель) оқытылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты физикалық теңдеулерді шешудің алгоритмдерін жасау және қазіргі заманғы компьютерлік пакеттермен және бағдарламалармен есептеулерді жүргізу қабілетін қалыптастыру. <br/> Бұл курс физикалық мәселелерді шешудің сандық әдістерін және оларды компьютерге енгізу; теңдеулер жүйесін шешудің компьютерлік бағдарланған әдістері; физикалық проблемаларды шешудің түпкілікті нәтижелерін көрсету үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану; Гаусс әдісі; Монте-Карло әдісін түсіндіреді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистраттарға астрофизикадағы заманауи мәселелер және жұлдыздық заттардағы ядролық реакциялар туралы білімдерін қалыптастыру.<br/> Пән Ғаламның эволюциясы, нуклеосинтез және космохронология мәселелерін ядро және бөлшектер физикасы тұрғысынан зерттеуге бағытталған. Ғаламда болып жатқан процестерде ядролардың пайда болуы мен ыдырау механизмдерімен, сондай-ақ олардың жоғары энергиядағы өзара әрекеттесуімен салыстыру жүргізіледі. Ғаламды зерттеудегі ядролық физика әдістерінің мүмкіндіктері зерттеледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты медициналық физика саласындағы ғылыми зерттеулер үшін компьютерлік технологияларды пайдалану қабілетін қалыптастыру және биологиялық деректерді түсіну үшін қажетті негізгі әдістер мен бағдарламалық құралдарды білу, биологиялық объектілерді модельдеу әдістерімен және күрделі биологиялық жүйелер мен процестердің модельдерін жасау кезінде қолданылатын әртүрлі тәсілдермен танысу.
Пән шеңберінде: медициналық физика бойынша міндеттерге қатысты биоинформатиканың негізгі принциптері; биоинформатиканың әртүрлі әдістерінің жіктелуі, осы әдістердің ерекшеліктері мен шектеулері; биоинформатика бойынша есептерді шешудегі заманауи технологиялар; биоинформатика бойынша зерттеулер үшін қолданылатын әртүрлі компьютерлік бағдарламалық кешендердің жұмыс принциптері зерделенетін болады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-физикалық қондырғыларды әзірлеу және пайдалану саласындағы зерттеулер үшін соқтығысатын ядролық жүйелерге қатысты Шредингер теңдеуін шешуді үйрену.
Пән нуклон-нуклон өзара әрекеттесуін; нуклон резонанстарын; нуклон күштерінің хиральды теориясын; кванттық хродинамикасының хиральды симметриясын, оның өздігінен бұзылуын; мезон алмасу токтарын; адрондардың ядролармен дифракциялық әрекеттесуін және бірнеше шашырауды зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – статистикалық әдістерді біртекті емес газдарға қолданудың нақты мысалы ретінде қарастыруы; теорияда температура, ішкі энергия, жылу, энтропия, сияқты маңызды шамалардың микроскопиялық инерпретациясын оқыту; Магистрлердің біртекті емес газдардың молекулярлық-кинетикалық әдістерін меңгеруі; тасымалдау процестеріне арналған формулаларды алумен қатар, осы формулаларды нақты жағдайларға қолдануы.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. Газдардың кинетикалық теориясының заңдарын, термодинамика негіздерін, белгілі бір жағдайларда басқалардың өзгеруі кезінде бір физикалық параметрлердің өзгеру заңдылықтарын сипаттау;
2. құбылыстың физикалық механизмін ашу, нақты процестердегі термодинамикалық параметрлердің өзгеруін талдау;
3. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы термодинамикалық параметрлер мен константаларды есептеудің практикалық дағдыларымен жұмыс істеу.
4. Газ заңдарын негіздеу,идеал газдың математикалық моделін түсіндіру.
5. Газдың молекулалық құрылысы және оның молекулалары арасындағы өзара әрекеттесудің белгілі бір Заңы туралы түсінік негізінде газдардың қасиеттерін статистикалық әдістермен зерттеу.
Пәнді оқу кезінде магистранттар келесі аспектілерді зерттейді:
Газдардың кинетикалық теориясы. Газдардың барлық тепе-тең қасиеттерін (күй теңдеулерінің параметрлерін) және де тепе-теңсіз қасиеттерін (тасымалдау коэффициенттерін және зат, энергия, импульс, энтропия, электрлік заряд ағындарын) есептей алу. Іргелі қағидаларды теңдеулерді шешуге және маңызды нәтижелер алуға қолдану мысалдары; газдардағы қайтымсыз процестерді сипаттау үшін нақтылы есептерде молекула-кинетикалық теорияны түбегейлі оқыту, газдардың заманауи кинетикалық теориясының математикалық аппаратының негізін игеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттарға Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының негізгі есептері және әдістері жайлы түсініктерді беру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. жалпы салыстырмалық теориясының математикалық аппаратын түсіну;
2. өз еркімен Эйнштейннің гравитация теориясының қолданбалы және теориялық есептерін шығару;
3. Фок әдістерін Эйнштейн теңдеулерін шешу барысында қолданып бейімделу.
4. ЖСТ математикалық аппаратын қолдану
5. Эйештейннің гравитация теориясының мәселелерін тұжырымдау
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:
Жалпы салыстырмалық теориясының механикасы. Шварцшильд метрикасы, Керр метрикасы, жуық метрикалар, гармониялық шарты, Фок бойынша метриканы қатарға жіктеу, Фок бойынша квазистационар жуықтауында Эйнштейн теңдеулерін шешу. Лензе-Тирринг есебі. Эйнштейн теңдеулерінің дәл және жуық шешімдері және олардың астрофизика мен космологияның қолданбалы есептеріне пайдаланылуын қарастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттарда пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды жұлдыздар эволюциясы мен галактика динамикасы пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру.
Осы пән аясында қараңғы материя мен қара энергия мәселелерін түсіндіру үшін жалпы салыстырмалылық теориясының квантталуы мәселелерін шешу үшін, оны дамыту мен жалпылаудың қазіргі заманғы тәсілдері, яғни астрономиялық деректерді түсіндірудің заманауи теориялық тәсілдері оқытылатын болады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттарға орбиталық тұрақтылық туралы мәлімет беру және жалпы салыстырмалық механикада векторлық элементтерге қатысты орнықтылық мәселесі туралы білім беру.
Жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысының тұрақтылығы мәселелерінің қысқаша тарихи мәліметі берілген және қисық уақыт-кеңістігіндегі тұрақтылық мәселесінің дұрыс тұжырымдасы беріледі. Әр-түрлі гравитациялық және электрмагнит өрістерінде сынақ дененің қозғалысының класстары Ляпунов және Лагранж бойынша тұрақтылық және тұрақсыздыққа зерттеледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарға жылуфизикалық процестер жүйесіндегі газ құрамы мен құрылымын, газ фазасындағы зерттелу мүмкіндігін, жылуфизикалық құбылыстардың жүру заңдылықтарын зерттеп, физикалық процестерді сандық жағынан сипаттау.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. жылуфизикалық шамаларды өлшеудің тәжірибелік әдістерін;
2. қажетті өлшеу құралдарына таңдай жасап, өлшеу жүйелерінің дәлдігін бағалай білуі керек;
3. физикалық құбылыстарды тәжірибелік зерттеуге арналған практикалық қабілеттерге ие болуы керек.
4. заманауи физикалық лабораторияның құралдарымен және құралдарымен жұмыс жасау;
5. негізгі бақыланатын табиғи және техногенді құбылыстар мен эффектілерді іргелі физикалық әсерлесу тұрғысынан түсіндіру.
Жылуфизикалық шамаларды өлшеудің тәжірибелік әдістерін;
істей білу керек;қажетті өлшеу құралдарына таңдай жасап, өлшеу жүйелерінің дәлдігін бағалай білу керек; физикалық құбылыстарды тәжірибелік зерттеуге арналған практикалық қабілеттерге ие болуы керек; Техникалық жылуфизиканың негіздерін түсіну үшін магистранттар механика мен молекулалық физиканың негізгі заңдарын білуі тиіс, курсты оқу үшін магистрант өлшеулер, өлшеу түрлері мен әдістері туралы түсінікке ие болуы тиіс. Зерттеу үшін өлшеу құралдары қажет етілетін физикалық процестерді білуі тиіс. Өлшеу құралдарының жұмыс істеу негізін құрайтын физикалық құбылыстарды да білуі тиіс. Осы курсты осылай өзара байланысты оқу магистранттардың бойында әлемнің бірегей бейнесін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жылуфизикалық тәжірибелерді жүргізуге керекті білімдер мен машықтарды беру, магистранттарды жылу физикалық тәжірибелерде қолданылатын қазіргі заманауи техникалар мен методикалармен таныстырумен қатар ол техникалар мен әдістерді меңгеру;
Пән аясында магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады:
Температураны, қысымды, жылдамдықты, сұйықтық шығынын, газды және басқа да физикалық шамаларды өлшеу әдістемесі. Өндірісте және тұрмыста практикалық есептік тапсырмаларды пайдалану. Қазіргі заманғы бақылау-өлшеу техникасының негіздері, өлшеу және бақылау дәлдігін қамтамасыз ету әдістері, өлшеу теориясының негізгі ережелері, өлшеу және бақылау құралдарын оңтайлы таңдау бойынша қажетті мәліметтер; арнайы курстардың магистратурасында оқылатын физикалық құбылыстарды түсіну; жылуфизикалық эксперименттің негізгі әдістері; ғылыми-зерттеу жұмысы мен анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу дағдыларын беру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттардың плазма физикасындағы теориялық және эксперименттік деректерді түсіндіру және оның негізгі параметрлерін бағалау дағдыларын дамыту.
Пән аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады: импульсті қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін және құрылымдарын бiледі; импульсті плазманы зерттеу және тәжірибелік алу әдiстерiн, плазма генераторларын, плазма үдеткiштерiн және диагностикалау әдiстерiн біледі; плазмалық импульсті қондырғылардың жұмыс істеу негiздеріне жататын физикалық құбылыстарды түсiнеді.
Плазманың физикасының формулалары бойынша негiзгi плазма параметрлерiнiң бағалауға икемi болады. мәселелердiң қазiргi күйiн бүтiндiк суреттеу үшін дәрiстер, ғылыми журналдар мен кiтаптардан алған білімдерін интегралдай алады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді игерудің мақсаты кварктар мен глюондардың күшті өзара әрекеттесуінің калибрлеу теориясы ретінде кванттық хромодинамиканың (КХД) негіздерін, абельдік емес калибрлеу теориясы ретіндегі КХД ерекшеліктерін және кварктар мен глюондардың қатысуымен адрон физикасындағы қарапайым процестерді есептеу әдістерін меңгеру болып табылады.
Пән магистранттарға КХД – лагранжианның негіздемесі мен құрылымын; КХД-дағы диаграмма техникасының ережелерін; КХД негізіндегі ауыр кварконийлердің қасиеттерін сипаттаудың негізгі тәсілдерін; құрылымдық функциялар мен партондық бөлу функциялары тұрғысынан жоғары энергиялы адрондардың соқтығысу процестерін сипаттаудың негізгі принциптерін білуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты заманауи элементар бөлшектер физикасы саласындағы адрондық физикасының түрлі процестерін сипаттау қабілетін қалыптастыру.
Бұл курс кванттық абельдік емес өріс теориясы сияқты кванттық хромодинамиканың негіздері; ауытқу теориясының шеңберінде жоғары энергиялардағы күшті өзара әсерлесу процестерінің теориялық сипаттамасы; КХД Лагранжианы; калибрлік инварианттық; КХД-дағы қайта нормалау; терең серпімді емес шашырау процестерін үйретеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарға Шредингердің релятивистік емес теңдеуіне сүйене отырып, кванттық шашырау теориясының негіздерін беру.
Пәнді оқу аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады:
Шашырау амплитудасы жəне дифференциалдық көлденең қимасы; осы шамалардың негізгі, практикалық мағынасы бар потенциалдары үшін Борндық жуықтаудағы есептеулерін көрсету – орталық-симметриялық потенциалдары – кулондық потенциал, экрандалған кулондық потенциал,сфералық шұңқыр, гаусс потенциалы, экспоненциалдық потенциал жəне дельта тəрізді потенциал; шашырау формфакторы, парциалдық толқындар әдісі, оптикалық теорема, Глаубердің көп-мәрте шашырау теориясы, әр-түрлі санақ жүйелері. Кванттық шашырау теориясындағы негізгі шамаларды қарастыру және оларды есептеу әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты Плазмада болатын физикалық процестерді терең түсіну, физикалық есептерді шешуде және плазмадағы процестерді модельдеуде компьютерлік тіл білімін қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Пәннің тағайындалуы: кванттық-механикалық модельдеудің заманауи әдістерін игеру;
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - медицинада қолданылатын кескіндеменің негізгі принциптері және оларды медициналық диагностикада, терапияда және тірі жүйелердегі негізгі зерттеулерде қолдану.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. медицинада бейнелерді алудың түрлі әдістерінің физикалық принциптері бойынша алған білімдерін, әдістердін, ерекшеліктері мен шектеулерін көрсете алу;
2. визуализация негізінде жатқан физикалық принциптер тұрғысынан алынған деректерді әр түрлі әдістермен түсіндіре алу;
3. медициналық диагностиканың міндеттерін және олардың функцияларын зерделеуде визуализация әдістерінің міндеттері бойынша алған білімдерін қолдана алу;
4. алынған білімді тәжірибеде қолдана алу.
Пәнді оқу кезінде магистранттар келесі аспектілерді зерттейді:
- Сандық ангиография;
- Ультрадыбыс арқылы Визуализация жасау;
- Радиоизотоптардың көмегімен бейнелерді алу;
- МР-томография;
- ЭПР-томография.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - лазерлік физиканың негіздерін және лазерлік технологияларды тереңдетіп оқыту және медицинада хирургиялық және терапевтік мақсаттарда қолдануды үйрету.
Осы пән шеңберінде: жоғары энергиялы лазерлік сәулеленудің жылу әсері, лазерлік плазманың түзілуі, тіндердің фотокоагуляциясы және фото булануы, жарылғыш және соққы толқындарының әсерінен тіндердің бұзылуы; әртүрлі лазерлердің жіктелуі (гелий-неон лазері, жартылай өткізгіш лазерлер, аргон лазері, мыс буындағы лазер, AIG-лазер, СО2-лазер және медицинада қолданылатын, олардың ерекшеліктері мен шектеулері; хирургиядағы, фотодинамикалық терапиядағы, рефлексотерапиядағы лазерлік технологиялар; терапевтік және хирургиялық лазерлік технологиялар бойынша заманауи проблемалар оқытылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - лазерді диагностикалау үшін қолдану туралы білім алу.
Пән шеңберінде: фотохимиялық және фотофизикалық реакциялардың ерекшеліктері, лазерлік сәулеленуден туындаған фотобиологиялық процестер; фотохимиялық реакциялар мен фотобиологиялық процестердің әсер ету спектрлерінің жіктелуі, олардың лазерлік сәулелену қарқындылығына тәуелділігі, сондай-ақ медициналық диагностикаға қатысты Оптика мен лазерлік физикада қолданылатын әртүрлі әдістер, осы әдістердің ерекшеліктері мен шектеулері; лазерлік флуоресцентті спектроскопия зерттелетін болады, лазерлердің Жарық шашырауы және шағылысуы, медициналық диагностика мәселелерін шешудегі доплерография; медицинаға қолданылатын лазерлік сәулеленуді қолдана отырып, диффузиялық шағылысу спектроскопиясының, фототолқындық спектроскопияның және голографиялық диагностикалық әдістердің ғылыми және практикалық мәселелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - биологиялық сигналдарды және биологиялық шуды талдаудың негізгі әдістерін үйрету.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. Медициналық диагностика және терапия мәселелері бойынша медицинадағы сигналдар мен кескіндерді өңдеу әдістері туралы алынған білімдерді көрсету;
2. Медицинадағы сигналдар мен кескіндерді өңдеудің әртүрлі әдістерін, осы әдістердің ерекшеліктері мен шектеулерін сыныптау;
3. медицинада сигналдар мен кескіндерді өңдеу мәселелерін шешудегі заманауи технологияларды қолдану;
4. медицинада сигналдар мен кескіндерді өңдеудің ғылыми-практикалық мәселелерін шешуге;
5. медицинада сигналдар мен кескіндерді өңдеу негізіндегі физикалық қағидалар тұрғысынан әр түрлі әдістермен алынған нәтижелерді талдау және енгізу;
6. медицинада сигналдар мен кескіндерді өңдеудің заманауи мәселелерін бағалау, олардың шешілуі қазіргі уақытта халықаралық ғылыми қоғамдастықта өзекті және ауқымды түрде талқыланады;
7. Медицинадағы сигналдар мен кескіндерді өңдеуге арналған әртүрлі құрылғылардың жұмыс принципін талқылау.
8. Медицинадағы сигналдар мен кескіндерді өңдеудегі әртүрлі мәселелерді қараудың теориялық принциптері мен тәжірибелік әдістерінің жиынтығын практикада дәлелдеу.
Пән аннотациясы:
1. Пән медициналық-физикалық білім беру жүйесінде іргелі және қолданбалы мәнге ие. Ол ақпаратты талдаудың математикалық және алгоритмдік әдістерінің негізгі принциптері туралы түсінік береді.
2. магистранттарды биологиялық объектілерді моделдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру және биологиялық сигналдар мен биологиялық шуылдарды талдаудың негізгі әдістерін меңгеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - әр түрлі қолданбалы бағдарламалар арқылы физикалық үдерістерді компьютерлік модельдеу дағдыларын үйрету, сондай-ақ практикалық модельдеу дағдыларын дамыту.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. медициналық диагностика және терапия міндеттеріне байланысты медициналық физикадағы компьютерлік модельдеуде алынған білімдерді көрсету;
2. медицинадағы сигналдар мен кескіндерді өңдеудің әртүрлі әдістерін, осы әдістердің ерекшеліктері мен шектеулерін сыныптау;
3. медицинада сигналдар мен кескіндерді өңдеу мәселелерін шешудегі заманауи технологияларды қолдану;
4. медицинада сигналдар мен кескіндерді өңдеудің ғылыми-практикалық мәселелерін шешуге;
5. медицинада сигналдар мен кескіндерді өңдеу негізіндегі физикалық қағидалар тұрғысынан әр түрлі әдістермен алынған нәтижелерді талдау және енгізу;
6. медицинада сигналдар мен кескіндерді өңдеудің заманауи мәселелерін бағалау, олардың шешілуі қазіргі уақытта халықаралық ғылыми қоғамдастықта өзекті және ауқымды түрде талқыланады;
7. медицинадағы сигналдар мен кескіндерді өңдеуге арналған әртүрлі құрылғылардың жұмыс принципін талқылау.
8. медицинадағы сигналдар мен кескіндерді өңдеудегі әртүрлі мәселелерді қараудың теориялық принциптері мен тәжірибелік әдістерінің жиынтығын практикада дәлелдеу.
«Медициналық физикадағы компьютерлік үлгілеу» пәні медициналық және дене шынықтыру жүйесінде іргелі және қолданбалы құндылықтарға ие. Ол медициналық физикадағы компьютерлік модельдеу негізгі қағидаттары мен әдістері туралы түсінік береді.Магниттік-резонанстық томография жылы соңғы аванстар, ядролық магниттік резонанс microtopography, компьютерлік томография, медицина және сигналдар эмиссиондық томография бейнелеу әдістері: Осы пән келесі спорт байланысты. Пән «Медициналық физика Компьютерлік модельдеу» Даму басқа пәндер бойынша теориялық және тәжірибелік оқыту үшін қажет: магниттік-резонанстық томография жылы Соңғы аванстар, ядролық магниттік резонанс microtopography компьютерлік томография, эмиссиондық томография.«Медициналық физика Компьютерлік модельдеу» пәнінің даму мақсаттары биологиялық объектілерді модельдеу және әр түрлі сыртқы факторлардың әсерінен адам ағзаларының сипаттайтын мінез және болжау үшін негізгі әдістерін меңгеру негізгі әдістерімен студенттерді таныстыру болып табылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - жылуфизикалық процестер жүйесіндегі газдың құрылымы мен құрамын анықтау; газ фазасындағы процестердің зерттеулерін жүргізу, жылуфизикалық құбылыстардың өту заңдылықтарын зерттеу, физикалық процестердің сандық сипаттамаларын өлшеу.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. жылуфизикалық шамаларды өлшеудің эксперименталды әдістерін қолдану;
2. қателіктің берілген дәлдігі үшін қажетті өлшеу құралдарын таңдау;
3. заманауи физикалық зертхананың құралдарымен және жабдықтарымен жұмыс істеу;
4. тәжірибелік деректерді статистикалық өңдеуді жүргізу;
5. негізгі байқалатын табиғи және техногендік құбылыстар мен әсерлерді іргелі физикалық өзара іс-қимыл тұрғысынан түсіндіру.
Сұйық және газ тәрізді ортаның әр түрлі қасиеттері. Конформалық бейнелеулер әдісі бойынша қанатты профильдің ағу есебін шешу. Постулат Жуковский-Чаплыгин. Вавье-Стокс динамикасының теңдеулері. Өлшемсіз параметрлер және олардың мағынасы. Рейнольдс саны. Ұқсастық теориясының негіздері. Дөңгелек түтікте тұтқыр қысылмайтын сұйықтықтың қозғалысы. Пуазейль заңы. Рейнольдстың үлкен сандарындағы ағымның ерекшеліктері. Шекаралық қабат туралы түсінік. Прандтль теңдеуі. Блаузиустың есебі. Энергияны үнемдеу облысындағы қр саясаты және турбулентные қозғалыс. Рейнольдс тәжірибесі және критикалық сан. Орташаланған турбуленттік қозғалыстың Рейнольдс теңдеуі. Буссинеск формуласы. Прандтль гипотезасы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – студенттерге плазма физикасы пәні, мақсаттары мен мәселелері туралы түсінік ой қалыптастыру; студенттерге плазма физикасының іргелі сұрақтарын дамуы бойынша ішкі логикасымен және плазма физикасы бойынша зерттеу жұмыстарының диэлектрикалық тұрпаты жағынан таныстыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1.ионосфералық пен тәжірибелік плазмаларды сипаттау негіздерін; спутниктік және ракеталық әдістері туралы негізгі мәліметтерді біртекті емес плазма толқындарының дисперциясын;
2.ионосфералық пен тәжірибелік плазмаларды талдауларын;
3. ионосфералық плазманың құрылымы мен қасиеттері туралы ақпаратты;
4.плазма физикаcы саласындағы ғылыми зерттеулердің нақты міндеттерін белгілеп, оларды қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен шешу;
5.плазма физикаcы саласындағы әртүрлі құбылыстарды модельдеу және алынған нәтижелерді бағалаудың заманауи тәсілдерін қарастыру.
Пән ионосфералық пен тәжірибелік плазмаларды сипаттау негіздері және талдауларын оқытып. Ионосфералық плазманың құрылымы мен қасиеттері, спутниктік және ракеталық әдістері туралы негізгі мәліметтерге бағытталады. Біртекті емес плазма толқындарының дисперциясын оқытады. Тығыз плазма негіздері. Бөлшектердің әсерлесу эффектілері – коллективті және квантты-механикалық дифракция және симметрия эффектілері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттарға газ тәрізді, қатты және сұйық отындардың жануы барысында өтетін конвективті жылумасса тасымалы процестерін түсіндіру, жану процесінің негізгі параметрлері мен жану өнімдерінің құрамын есептеуге баулу, нақты энергетикалық нысанның жану камерасының геометриясы мен ондағы процестердің химиялық кинетикасын айту, әр түрлі отындарды жағу кезінде жүзеге асатын физикалық және химиялық процестердің 3D моделін заманауи бағдарлама құралдарымен өрнектеуге баулу.
Пән аясында магистрантта төмендегі мәселелерді қарастырады:
Дифференциалдық теңдеулердің физикалық және математикалық жіктелуі; дифференциалдық теңдеулерді соңғы айырмашылықтарда ұсыну әдістері; аппроксимация, тұрақтылық және айырымдық схемалардың жинақтылығы ұғымдары; оларды тұрақтылыққа зерттеу әдістері; жеке туынды теңдеулерді шешудің айқын және айқын емес әдістері; айқын және айқын емес схемалар бойынша есептеу алгоритмдері; айқын және айқын емес схемалар мысалдары; "аппроксимациялық" немесе "схемалық" тұтқырлығы; айқын және айқын емес схемалардың артықшылықтары мен кемшіліктері; құрамдастырылған схемалар; ; мұндай ағыстарды өнеркәсіптің түрлі салалары үшін, оның ішінде жылу энергетикасы мен экологияда зерттеудің маңыздылығын көрсету.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты- магистранттарға әлемнің құрылымы және эволюциясы жайлы мағлұматтарды және макро дүниенің зандылықтары жайлы
Пән аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады:
Астрофизикада экзотикалық компакт объектердің, қараңғы материя мен қараңғы энергияның ашылуымен байланысты соңғы ғылыми жетістіктерді қарастырады. Релятивтик астрофизиканың пәні мен объекті. Астрофизикадағы соңғы ғылыми жаңалықтар. Әлемнің физикалық құрылымы. Кеңейіп бара жатқан Әлемнің теориясы. Космологияның заманауи мәселелері. Әлемнің құрылымын және эволюциясын зерттеу әдістерін оқыту.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты суперсиметриялық физикалық теориялардың негізгі принциптері мен әдістерін ескере отырып, суперсиметрия теориясын қолдану қабілетін қалыптастыру суперсиметриялық өріс теорияларының дамуындағы қазіргі тенденциялар.
Пән суперкеңістік пен суперпольді, суперсимметриялық калибрлеу теорияларын, Суперсимметрия мен супергравитацияны, Лидің супертоптарын, МССМ – минималды суперсимметриялық стандартты модельді, Зайберг-Виттен теориясын, суперсимметрияның бұзылуын зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – төмен температуралы зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін, криогенді температураны, криогендік жүйелерді термодинамикалық принциптерінің құрылуын, және олардың классикалық сызбасын,олардың сипаттамаларын есептеу әдістерін, жұмыстың физикалық негізін, криогенді машиналарды,техникалық газ құрылғыларды, сонымен қатар микрокриогенді жүйелерді пайдалануды үйрету.
Пәнді оқу нәтижесінде магистрантта келесі мәселелерді қарастырады: Төмен және өте төмен температураларды алу негіздері. Төмен температуралы термометрия негіздері. Төмен температураны өлшеу әдістері. Төмен және өте төмен температураларды алу әдістері. Вакуумдық техника негіздері. Төмен температурадағы заттардың қасиеттері. Төмен және аса төмен температуралар диапазонында зерттеудің экспериментальды әдістері, зат күйінің термодинамикалық параметрлерінің кең интервалында жүзеге асырылатын термодинамиканың физикалық негіздері, процестері мен құбылыстары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты - магистранттарға тығыз және сиретілген газдардағы разрядтар физикасының мақсаты мен міндеттері туралы ой қалыптастыру; оларды газдық разряд физикасының негізгі бөлімдерімен таныстыру, аталмыш салада қолданылатын принциптер, әдістер мен формализмдерін үйрету;
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
1. газдық разряд процестердің физикасының негізгі заңдарын және есептердің шешуді; бөлімнің негізгі түсініктерін тұжырымдау, физикалық есептерді шешу және физикалық шамалардың дәрежелерін бағалай алады;
2. газдық разряд процесстердің физикасын нақты есептердің мазмұнын жалпы физикалық заңдармен интегралдау; физика саласында және білімнің басқа салаларында пәндер арасындағы шектерінде нақты есептерді шешу үшін газдық разряд физикасының заңдарын қолдану;
3. электрлік шамаларды өлшеу үшін негізгі физикалық құралдарды қолдана алады, газдық разряд физикасының оңай экспериментті есептерді қоя және шеше, алынған нәтижелерді өңдей, талдай және бағалау дағдыларын.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Газдық разряд процесстер физикасының негіздері. Плазманы алу әдістері, солғын разряд, доғалық разряд, фотоионизациялық процестер, стримерлі ойылу, идеал емес плазма физикасының негізгі іргелі қасиеттері, идеал емес (тығыз) плазманы алу әдістері, диагностикалары, оның қасиеттерін теориялық және компьютерлік тұрғыдан талдау. Газдық разряд процессі даму барысындағы иондалған газдардың негізгі сипаттамалары, тығыз және сиретілген табиғи, тәжірибелік плазмалардағы газды разряд процесінің дамуы, бақылау, практикалық тәжірибе және эксперименттерді топтамасы ретінде газдық разрядтар физикасы негіздері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ішінара ионизацияланған плазмадағы қарапайым процестерді және оларды газ лазерлерін және басқа қондырғыларды құрудағы практикалық маңыздылығын зерттеу;
Пән аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады:
- тығыз плазмасындағы соқтығысу процесстердiң физикасы туралы түсініктер; соқтығысатын бөлшектердiң кулондық алыстан әсерлесу кезіндегі соқтығысуларды сипаттау ерекшелiктері;
- ұсынылған курстағы оқытылатын әдістері арқылы соқтығысу процестерін зерттей алады; серпiмдi және серпiмсiз шашыраулар қималарын табу үшін теңдеулерді интегралдай алады; шашырау қималарын график түрiнде тұрғызу үшiн компьютерлік бағдарламаларын қолдана алады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқыту мақсаты компьютерлік физиканың әртүрлі әдістерін қолдана отырып тығыз плазманың динамикалық қасиеттерін моделдеу бойынша жүйеленген білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің тағайындалуы: компьютерлік физиканың әртүрлі әдістерін қолдана отырып тығыз плазманың қасиеттерін моделдеудің заманауи әдістері туралы білімді қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қазіргі физика бағыты ретінде қарастырылатын плазма материяның күйінің негізгі қасиеттерін сипаттайтын тығыз плазма мен физикалық моделдерді сипаттау үшін математикалық әдістерді игеру;
Оқу курсы барысында магистранттар плазмалық күйдегі ортаның қасиеттерін негізгі физикалық модельдер мен математикалық әдістерді оқып үйренеді және оларды нақты есептер шығаруда қолдануды қарастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттарға суперсимметрия тақырыбына кіріспе, физикаға бозондар мен фермиалар арасындағы симметрия идеясы негізінде енгізу.
Астрофизикада экзотикалық компакт объектердің, қараңғы материя мен қараңғы энергияның ашылуымен байланысты соңғы ғылыми жетістіктерді қарастырады. Релятивтик астрофизиканың пәні мен объекті. Астрофизикадағы соңғы ғылыми жаңалықтар. Әлемнің физикалық құрылымы. Кеңейіп бара жатқан Әлемнің теориясы. Космологияның заманауи мәселелері. Әлемнің құрылымын және эволюциясын зерттеу әдістерін оқыту.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты - Материяның іргелі құрамдастарын және олардың өзара әрекеттесуін түсіну.
Осы пән шеңберінде: кванттық механикамен, кванттық электродинамикамен терең ішкі байланысты қамтитын элементар бөлшектер теориясының негізгі теориялары мен принциптері; элементар бөлшектер теориясындағы іргелес мәселелерді модельдеу және шешу үшін сыни ойлау дағдылары; жоғары энергетикалық физика деректеріндегі элементар бөлшектердің өзара әрекеттесуін талдау және түсіндіру мәсеелелері қарастырылады.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.