Бағдарлама мұнайхимия және мұнай өңдеу технологиялары саласында тереңдетілген арнаулы және іргелі білімді игерген, көмірсутек шикізатын өңдеудің жаңа заманауи технологияларын әзірлеуге және енгізуге қабілетті жаңа буынның кәсіби кадрларын қалыптастыруға бағытталған.
Мұнайхимия
7M07101
Химия және химиялық технология
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: дайындаудың әртүрлі кезеңдерінде катализаторларды синтездеуде өтетін физикалық-химиялық процестерді бағалау, сипаттау қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы алынған материалдардың функционалдық қасиеттерін анықтайтын, берілген текстуралық сипаттамалары, химиялық және фазалық құрамы бар катализаторларды синтездеу тәсілдерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады.
Пән беттердегі белсенді орталықтарды қалыптастыруды оқып-үйренуге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мұнай көмірсутегі шикізаты негізіндегі гетеролитикалық және гомолитикалық үдерістерді сипаттау және талдау қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы мұнай көмірсутегі шикізатының қатысуымен гетеролитикалық және гомолитикалық процестердің физика-химиясын түсінудің теориялық негізін қалыптастырады. Пән каталитикалық процестердің материалдық балансына, мұнай өңдеудің экологиялық мәселелеріне технологиялық параметрлердің әсерін оқып-үйренуге бағытталған.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік каталитикалық процестерді бағалау және сипаттау қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы өнеркәсіптік жағдайларда химиялық реакциялардың жүру ерекшеліктерін түсінудің теориялық негізін қалыптастырады.
Пән катализатор жұмысының жылдамдығына, белсенділігіне, селективтілігіне және ұзақтығына әсер ететін факторларды, өнеркәсіпті кхимиялық процестердің теориялық және қолданбалы макрокинетикасын және реакциялық жүйенің гидродинамикасын зерттеуге бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мұнайды, мұнай қалдықтарын қайта өңдеудің энергия үнемдейтін технологияларын әзірлеу, салыстыру қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы энергия үнемдеуші технологияларды пайдалана отырып көмірсутек шикізатын өңдеу әдістерін түсінудің практикалық негізін қалыптастырады. Пән технологиялық сұлбаларды оңтайландыру жолдарын, процесті жүргізуге энергия ресурстарының шығынын азайтуды, көмірсутек шикізатын бөлу технологиясын, қолданылатын жабдықтың техникалық сипаттамаларын зерделеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қатты фазаның қатысуымен жүйелердегі массаны тасымалдау процестерінің негізгі теңдеулерін құру және оларды шешу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы кеуекті денелерде массаны тасымалдау заңдылықтарын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қатты фазалы жүйелердегі массалық тарату негіздері, сорбция динамикасының негізгі теңдеулері және ион алмасуды оқып-үйренуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: көмірсутек шикізатын өңдеудің бейдәстүрлі әдістерін пайдалана отырып, мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу технологиясын сипаттау және негіздеу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы битумды өңдеудің бейдәстүрлі әдістерінің физикасы мен химиясын түсінуге арналған практикалық негізді қалыптастырады. Пән битум тотығуының технологиялық сұлбаларын, битумның физикалық-механикалық сипаттамаларына технологиялық параметрлердің әсерін оқып-үйренуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мұнай көмірсутегі шикізатының негізінде мұнай-химия синтездерінің әдістерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мұнай өңдеу өнімдерінің базасында маңызды органикалық қосылыстарды алуға мүмкіндік беретін технологиялық процестерді қолданудың теориялық негізін қалыптастырады. Пән мұнай тектес сұйық және қатты көмірсутектерді өңдеу процестерінің негізгі реакцияларының механизмдерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мұнайхимиясы және мұнайөңдеу саласында нанотехнология әдістерін қолдану және талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мұнайхимиясы мен мұнайөңдеудегі наноөлшемді материалдар физикасы мен химиясын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән наноқұрылымды күйдегі материалдардың қасиеттері, наноқұрылымды катализаторлардың құрылымы мен қасиеттері, оларды алу әдістері, нанохимияның негізгі принциптерін оқуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мұнай және газ көмірсутектерін қайта өңдеу процестерінің заманауи технологияларын сипаттаумен бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы заманауи маңызды өнеркәсіптік мұнайхимия процестерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады.
Пән: мұнай, газ жәнекөміркөмірсутектерінқайта өңдеу процестерін, мұнай, газ және көміркөмірсутектерін қайта өңдеу процестерінің технологиялық сызба-нұсқаларын оқып білуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Осы пәннің мақсаты: мұнай өңдеу, мұнай-химия кәсіпорындарын жобалау, салу процесін сипаттау және талдай білу қабілетін қалыптастыру.
Оқу курсы технологиялық және техникалық есептеулер жүргізуді түсінудің практикалық негізін, жобаның тиімділігіне техникалық-экономикалық және функционалдық-құндық талдау жүргізуді қалыптастырады. Пән келесі пәндерді: жобалауға арналған бастапқы деректердің құрылымы мен құрамын, технологиялық құрал-саймандарды есептеу әдістемесін оқуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: мұнай химиясы мен мұнай өңдеудегі химиялық-технологиялық процестерді оңтайландыру тәсілдерін қолдану және талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мұнай-химия және мұнай өңдеу үдерістерінің оңтайландыру құрылымы мен параметрлерін түсінуге арналған практикалық негізді қалыптастырады. Пән мұнай химиясы мен мұнай өңдеудің химиялық-технологиялық процестерді оңтайландырудың теориялық және технологиялық ерекшеліктері мен әдістерін меңгеруге бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.