Экономика саласындағы келесі қабілеттерге ие жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау:
- қазіргі заманғы экономиканың негізгі принциптерін, әдіснамасын, әдістерін түсіндіру;
- экономикадағы және мемлекеттің экономикалық саясатындағы ғылыми теориялар, тұжырымдамалар, себеп-салдар байланыстарын жүйелеуге және интерпретациялауға;
- ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерді жетілдірудің негізгі тәсілдерін, басқару әдістерін, жаһандану жағдайында тәуекелдерді басқару негізінде түрлі салалардағы кәсіпорындардың қызмет стратегияларын әзірлеуді негіздеу;
- әртүрлі деңгейдегі дамушы елдерде және тұтастай әлемде экономикалық, экологиялық, демографиялық және саяси үдерістерді талдау мен түсінудегі жүйелі тәсіл негізінде жаһандық үрдістерде тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу;
- ел экономикасындағы ағымдағы жағдайды макроэкономикалық талдау тұрғысынан бағалау, дағдарыстық құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау және оларды экономикалық және математикалық модельдер негізінде жоюдың мүмкін жолдарын көрсету;
- семинарларда және конференцияларда, оның ішінде халықаралық тілде сөйлегенде талқылау барысында өздерінің ғылыми пікірін қорғап, негізді түрде қорғай алады.
Экономика
8D04102
Экономика және бизнес жоғары мектебі
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – докторанттардың жазбаша ғылыми коммуникация саласындағы кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында академиялық жазудың концепциялары мен модельдері, ғылыми мәтінді құрылымдау және жазу технологиясы, академиялық және ғылыми мәтінді баяндау мәселелері, аннотациялау, ғылыми рецензиялау және ғылыми хабарлама жасау ерекшеліктері қарастырылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – докторанттардың қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді сыни талдау мен бағалау, экономикалық мәселелерді зерттеу кезінде жаңа идеялар генерациялау үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән зерттеу жұмысына дайындыққа, экономикалық деректерді талдау және эмпирикалық зерттеулер жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ұйымдардың, салалық кешендердің өсу стратегиясын әзірлеу, бизнес модельдерді оңтайландыру, мемлекеттің макроэкономикалық саясатын бағалау үшін статистикалық және эконометрикалық зерттеу әдістері саласында жүйелі түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән статистикалық және эконометрикалық талдау әдістерін оқытуға, жүйелі зерттеу тәсілдерін дамытуға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жаһандық өзгерістер жағдайында тұрақты экономикалық дамудың ерекшеліктерін терең түсіну, елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуына әсер ететін факторларды сыни талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән экономикалық дамудың негізгі концепцияларын көпсалалы контексте жүйелі зерттеуге, мемлекеттік экономикалық саясатты талдау әдістеріне бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – шаруашылық жүргізуші ұйымдардың тәуекелді басқару стратегиясы мен тақтикасын әзірлеу үшін жаһандану жағдайындағы экономикалық дамудың негізгі заңдылықтарын терең зерделеу қабілетін қалыптастыру. Пән тәуекелді басқару бойынша ғылыми концепцияларды, зерттеу, жаһандық сын -қатерлердің күшеюі жағдайында компаниялардың бизнес модельдерін оңтайластыру әдістемесін жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – докторанттардың ұлттық экономика, салалар мен секторлар, нарықтар мен кәсіпорындардың тұрақты даму механизмдерін негіздеу және бағалау үшін экономикалық үдерістерді математикалық модельдеу әдістемесін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән тұрақты динамикалық тепе-теңдікті зерттеу әдістемесін, бизнес-циклдың негізгі моделін құру және шешуді оқытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - орнықты даму міндеттерін ескере отырып, кеңістіктік және аймақтық жүйелерді талдаудың заманауи әдіснамасын және модельдерін зерттеу.
Оқу нәтижелері - бұл қабілеттер:
- аймақтарды, кеңістікті және аумақтарды талдаудың ғылыми әдістерін және құралдарын иелену, кластерлік талдау әдіснамасын қолдану;
- аймақтардың нақты зерттеу мақсаттары мен түрлерін ескере отырып кеңістіктік талдау модельдерін әзірлеу;
- өңірлік тұрақты даму саясатын қалыптастыру қағидаттарын әзірлеу, - тұрақты дамудың өңірлік саясатын іске асырудың басымдықтарын тұжырымдау және тетіктерін әзірлеу; - аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін және оның тұрақтылығы деңгейін талдау және бағалау.
Пәндерді зерделеу кезінде келесі тақырыптар қаралады: Аймақтық даму парадигмалары. Кеңістіктік экономиканың теориясы. Географиялық концентрацияның модельдері және кеңістіктік экономика. Салыстырмалы кеңістіктік зерттеу әдістері. Кластерлік талдау. Аймақтардың типологиясы. Аймақтық мәселелерді зерттеу әдістемесі, аймақтық жүйелерді тұрақты дамытудың көрсеткіштері Урбанизация. Қалалардың экономикасы. Қаланың тұрақты даму модельдері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – докторанттардың ұлттық және әлемдік экономика деңгейінде даму тенденцияларын жүйелі түсіну, сыни талдау, бағалау және болжау қабілетін қалыптастыру. Пән макроэкономикалық тереңдетілген деңгейдегі модельдерді, макроэкономикалық талдау әдістерін, экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың себептерін зерттеу, оларды жою жолдарын іздеуге, бағалау және болжау дағдыларын дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – өсу және тұрақты дамуға қол жеткізу факторларын негіздеу үшін докторанттардың экономикалық өсу мүмкіндіктерін сыни тұрғыдан талдау және бағалау қабілетін дамыту.
Пән экономикалық өсудің теориялары мен модельдерін, Қазақстандағы экономикалық өсу факторлары мен перспективаларын тереңдетіп оқытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.