философия докторы (PhD)
Құқықтану
8D04203
Заң
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: белгілі бір ғылыми бағыттағы өзекті мәселелердің ұсынылатын шешімдері бойынша ғылыми жарияланымдар мен жобаларды жазуда іргелі білімдерді қолдану. Қарастырылады: ғылыми мәтіндерді жасау және редакциялау ерекшеліктері; ресми, бейтарап және бейресми қарым-қатынас тіркелімдері; қазіргі ақпараттық және библиографиялық мәдениет; ғылыми құжаттаманы жасау және ресімдеу әдістері.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби саладағы зерттеу міндеттерін алдыға қою мен шешу үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білімді қолдануды қамтамасыз ететін құзіреттерді қалыптастыру. <br/> Қарастырылады: дербес және ұжымдық жоспарлау әдістері; зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыруды және өткізу; зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау; нәтижелерді апробациялау және ғылыми рәсімдеу; ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қызметке енгізуді және коммерциализациялау.
5
Защита практики
Пәннің мақсаты: магистрлік диссертация тақырыбы форматында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін теориялық, әдістемелік және практикалық қабілеттерді қалыптастыру. Нәтижелер: ғылыми жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің теориялық ережелерін, принциптерін, әдістерін қолдану, өзіндік мәліметтер алу әдістерін жаңарту, өз бетінше зерттеу жүргізу, нәтижелерді түсіндіру, диссертация тақырыбының ғылыми жұмысының көлемін жоспарлау; ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалану; мақала жазуға қажетті әдебиеттерді жүйелеу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - құқықтың мағынасын, мәні мен ұғымын зерттеу, құқықтың адам, қоғам және мемлекет үшін маңыздылығын бағалау қабілетін қалыптастыру. <br/> Қаралатын болады: құқықтың онтологиялық, гносеологиялық және аксиологиялық мәселелері ерекше рухани құбылыс және қоғамдық қатынастардың ерекше нысаны ретінде; құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастырудағы құқықтың рөлі; құқықтық онтология, құқықтық аксиология, құқықтық герменевтика, құқықтық логика.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - қылмыстылықтың виктимологиялық алдын алудың ерекшеліктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру; қылмыстылыққа әсер ететін криминогендік факторларды талдау, қазіргі қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы реформалау үшін ұсыныстар әзірлеу.<br/> Қаралатын болады: профилактиканың негізгі мәселелері және қылмыс құрбандарын қорғау; қазіргі қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - азаматтық процестік құқыққа қатысты ғылыми тұжырымдамаларды жүйелеу және түсіндіру қабілетін қалыптастыру; ұлттық және шетелдік азаматтық процестік заңнаманы салыстыру;
Қаралатын болады: азаматтық процестің негізгі мәселелері; азаматтық процестік заңнаманы қолдану; азаматтық процестік құқықтық қатынастардың субъектілерін жіктеу, соттың азаматтық процестік құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі ретіндегі рөлі; дәлелдеу құралдарына қатысты жаңа идеялар; дәлелдемелерді жіктеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін талдау қабілетін қалыптастыру; заңнамадағы құқықтық олқылықтарды анықтау; дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің бағытын айқындау.
Қаралатын болады: адамның дербес деректерді қорғау құқығын қамтамасыз ету тетігі; мемлекеттік органдардың дербес деректерді қорғау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі; дербес деректерді қорғау жөніндегі шетелдік тәжірибе.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қаржы және кеден заңнамасының дамуын жүйелі бағалау қабілетін қалыптастыру; проблемаларды анықтап, қаржы және кеден заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
Қаралатын болады: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қолданылатын қаржы және кеден заңнамасының негіздері; Қазақстан Республикасының қаржы және кеден заңнамасын іске асыру тәртібі мен ерекшеліктері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жаһандану жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы модернизациялау процестерін бағалау қабілетін қалыптастыру.
Қаралатын болады: әлеуметтік қамсыздандыру ғылымын дамытудың негізгі кезеңдері; жаһандану жағдайындағы әлеуметтік - қамсыздандыру қатынастары саласындағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары; әлеуметтік-қамсыздандыру заңнамасын қолданудың құқықтық практикасы; әлеуметтік-қамсыздандыру заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - әлеуметтік қақтығыстарды анықтау және жіктеу қабілетін қалыптастыру; әлеуметтік қақтығыстарды шешудің құқықтық құралдарына баға беру; әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу бағыттарын дәлелдеу.
Қаралатын болады: заңдық конфликтологияның негізгі санаттары мен институттары; әлеуметтік қақтығыстардың себептері мен түрлері; әлеуметтік қақтығыстардың алдын алудың құқықтық құралдары; медиация институты, татуластыру рәсімдері; құқықтық қақтығыстардың түрлері және олардың жіктелуі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - криминопенология мәселелерін жүйелі түрде талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру; қылмыстылықтың себептері мен түрлерін бағалау; қылмыстылықтың алдын алу мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулер әзірлеу.
Қаралатын болады: Криминопенологияның өзекті мәселелері; қылмыстық жазаларды атқару кезінде криминалдық құбылыстардың алдын алу; пенальды қылмыстылықтың себептері мен шарттары; жазалардың криминопенологиялық параметрлері; қылмыстардың заңдылықтары; қылмыстылықтың алдын алу әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - латенттік қылмыстылықтың ерекшеліктерін жүйелі түрде талдау қабілетін қалыптастыру; латенттік қылмыстылықтың қазіргі жағдайын бағалау; латенттік қылмыстылықтың мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулер әзірлеу.
Қаралатын болады: латенттік қылмыстылықтың жіктелуі мен дифференциациясы; латенттік қылмыстылыққа қатысты криминологиялық тұжырымдамалар; латенттік қылмыстылықтың себептері мен салдары; қылмыстылықтың сандық-сапалық параметрлері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - табиғат пайдалануды құқықтық реттеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекет қызметінің бағыттарын жүйелі түрде түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру; заңнамадағы олқылықтарды анықтау; құқықтық практиканы жетілдіру үшін ұсынымдар әзірлеу.
Қаралатын болады: қазіргі жағдайда табиғатты қорғау қызметін жетілдіру мәселелері; табиғат қорғау қызметінің құқықтық тәжірибесі; табиғат қорғау қызметінің объектілері мен субъектілері; экологиялық жауапкершілік мәселелері.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.