Мақсаты- құжаттану және архивтану саласында IT-ны қолдану дағдыларын меңгерген, цифрландыру жағдайында электрондық құжат айналымы жүйесі мен архивтерді басқару саласындағы қызметті жүзеге асыруға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
IT Архивтану және құжаттану
7M03207
Тарих
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - магистранттардың археографиялық қызметтің түрлі салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, жарияланған архив құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі заңдылықтарын жүйелі тұрғыда талдау қабілетін қалыптастыру. Археографиялық теориялар, құжаттық басылымдағы құжаттарды жүйелеу, құжаттық басылымдардың типологиясы, құжаттық басылымның моделі, оны дайындау, құжаттық басылым тарихи және археографиялық түсінік ретінде және т.б. қарастырылады.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Құжат теориясының архивтанулық аспектісі. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері және т.б. қарастырылады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - магистранттардың құжаттанудың теориялық және методологиялық мәселелерін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттанудың ғылым ретінде дамуы. Құжаттау және құжаттың пайда болуы үдерістерін құқықтық және нормативтік реттеудің теориялық аспектілері. Құжаттанулық зерттеулердегі басқару құжаттамасын жіктеу мәселелері. Қолданбалы құжаттық әзірлемелерде жүйелік тәсілді қолдану және т.б.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: архив ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз етудің заманауи нысандары мен жолдары, ғылыми айналымға архив құжаттарын енгізу, Қазақстан архивтерінің ақпараттық қызметі, «Архив 2025» бағдарламасы және оның құжаттық мұраны насихаттаудағы рөлі туралы кешенді түсінік беру. Курсты оқыту барысында архив ісі үрдісінде нормативтік-методикалық базаны қолдану, компьютерлендіру формасы, әдісі және әдістемесі қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттардың архив ісін басқару және архив жұмысын жобалау саласында теориялық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Архив ісін басқару. Қазақстанның арив мекемелерін басқарудың әдістері мен формалары. Шет елдердегі архив ісінің экономикасы. Архив ісін басқарудың нормативтік-құқықтық және әдістемелік негізі және т.б. қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - басқарудың ақпараттық жүйелерін пайдаланудың практикалық мәселелерін шешуде теориялық білім мен оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық жүйе түсінігі. Басқарудың ақпараттық жүйелерінің құрамы, құрылымы, жіктелуі, сипаттамалары. ҚБҚ АЖ автоматтандырудың негізгі кезеңдері. ЭҚЖ негізгі бағдарламалық өнімдері. Құжатталған ақпаратты басқарудың автоматтандыру теориясы мен тәжірибесі қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: компьютерлік ортадағы құжаттық мәліметтер базасын жобалау және жасау, каталогтық ДҚ мен электрондық ДҚ айырмашылықтары, ерекшеліктері, кемшіліктері мен артықшылықтарын ажырата білу. Мәліметтер банкі, құжаттық ақпараттар мәліметтер базасының типологиясы, ақпараттық сақтау қоймалары, нысанға негізделген деректер базалары, құжаттық деректер базасының ерекшеліктері, мазмұнды басқару, танымал құжаттық мәліметтер базалары қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - магистранттардың архивтерде жұмыс жасау үшін «бұлтты сервистер» туралы түсініктерін қалыптастыру, электрондық мемлекеттік басқару саласында білім беру және оларды ЭҮ құжаттық коммуникацияларды басқарудың практикалық міндеттерін шешуде қолдану. Деректерді «бұлтты» сақтау мәліметтерінің сипаттамасы. Бұлтты технологиялардың пайда болуы. Бұлтты сақтау қоймаларына шолу. «Бұлтта» файлдарды сақтау қауіпсіздігі. Қолжетімді сервистерді салыстырмалы талдау қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттардың экономика тұрғысынан тарихи құжат тарихи мүлік объектісі ретінде, тарихи мүліктің нарықтық құны туралык, сақтандыру, сатып алу, сату мақсаттары үшін мүлік объектісі ретінде бағалау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру. Тарихи құжатты бағалаудың теориялық және пракикалық негіздері. Бағалау әдіснамасы және әдістері. Құжаттардың физикалық жай-күйіне бағалау жүргізу қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттардың базалық (желілік / компьютерлік) құжаттарды басқару технологияларын модельдеудің негізгі принциптерін сипаттау және бағалау мүмкіндігін, сондай-ақ оларды қазіргі заманғы ҚБҚ-да сұранысқа ие ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуде қолдануға қабілетін қалыптастыру. Ұйымда құжаттарды басқару әдістері мен технологиялары, құжаттардың құрамын ретке келтіру қағидалары; басқарудың ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз етудің даму үрдісі және т.б. қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты магистранттардың электрондық құжаттарды сараптау және оларды мемлекеттік сақтауға іріктеу кезінде жұмыс істеу дағдылары мен теориялық білімін қалыптастыру. ЭҚ сараптау ерекшеліктер. Ақпараттық жүйелердегі сараптамалық жұмыстарды автоматтандыру үдерістері, мүмкіндіктері, кемшіліктері, перспективалары. Архивердегі электрондық құжаттардың құндылығын сараптау принциптері мен өлшемдері. Сараптамалық қорытынды және т.б. қарастырылады.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.