Бағдарлама кәсіби және жеке құзыреттілікке, зерттеу және аналитикалық дағдыларға ие жоғары білікті биолог-мамандарды даярлауға бағытталған. Жалпы биология, экология, биомедицина, биотехнология салаларында ғылыми-зерттеу, экологиялық, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық, ауылшаруашылық, білім беру мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда базалық білімдерін тиімді жүзеге асыра алатын, білімдерін және дағдыларын тиімді пайдалана алатын мамандар даярлауға бағытталған.
Биология
7M05101
Биология және биотехнология
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағдарланған. Оқу курсы ғылыми зерттеу процесінің теориялық және әдіснамалық негізін, олардың мақсаттарын, міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, сондай-ақ нәтижелерді қолдану салаларын қалыптастырады. Пән ғылыми әдістеменің негіздерін, әдеби-эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістемесін, ғылыми жарияланымдар мен жобаларды дайындау және рецензиялау ережелерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты – клетка биологиясының қазіргі заманғы мәселелері мен жетістіктері, клетканы зерттеудің қазіргі заманғы молекулалық-генетикалық, биотехнологиялық әдістері, соңғы ғылыми жағынан маңызды ретроспективті және клеткалар мен клеткаішілік құрылымдардың ашылуын меңгеру; сондай-ақ баған клеткаларының бағытталған дифференциациясын кәсіби зерттеу мақсатында клетка биологиясы және биомедицина саласындағы магистрлердің білімін тереңдету және олардың клеткалық терапияда, ұлпа инженериясында қолданылуын түсіндіру.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курстың мақсаты: тірі және тіршілік туралы білімнің биологиялық тұжырымдамаларының негізінде жатқан теориялар туралы түсінік қалыптастыру: теориялық биология заңдарының тірі жүйелерге қолданылуын жүйелеу; биологиялық құбылыстар мен процестердің, олардың физикалық және химиялық негіздерінің тұтас көрінісін дәлелдеу, тапсырмаларды тұжырымдауға және зерттеу жоспарын құруға мүмкіндік беретін эволюцияның болмай қоймайтындығын негіздеу.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Оқыту курсы өсімдіктер бірлестігінің динамикасының әртүрлі формаларын – маусымдық, флуктуациялық, сукцессиялық және эволюциялық және өсімдік жамылғысының тарихи динамикасының факторларын зерттеуге арналған, өсімдіктер арасындағы байланыс түрлерін, құрамы мен құрылымының қалыптасу механизмдерін, өсімдіктер қауымдастығы, өсімдіктердің популяциялық биологиясы, өсімдік жамылғысының өндірісі мәселелері қарастырылады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - магистранттарда адам және жануарлардың эмбриональдық жалпы даму заңдылықтары жайлы білімін қалыптастыру, адам эмбриогенезінің басқа сүтқоректілермен салыстырғандағы ерекшеліктерін, ағзалардың дифференцировкасы және өсу хронологиясы, қоршаған орта факторларының дамуға әсерін қалыптастыру;қолданбалы эволюциялық биологияның заманауи әдістерін: балық шаруашылығы және мал шаруашылығында жасанды ұрықтандыруды енгізу, эмбриондарды трансплантациялау, криоконсервация, клондау, трансгенді жануарлар мен өсімдіктерді жарыққа шығару болып табылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарға гендердің экспрессиясын реттеу және гормондар биохимиясы саласындағы білімнің тұтас жүйесін қалыптастыру, биохимиялық процестердің механизмдерін жүзеге асыруда молекулалық, субклеткалық деңгейде гормондардың реттеуші рөлі туралы физиологиялық, генетикалық және иммунологиялық процестер жайында түсініктер қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттардың молекулалық клондау стратегиялары, рекомбинантты ДНҚ алу әдістері, амплификация және секвенирлеу, селекциялық технологияларды қолданудың іргелі ережелері және олардың генетикалық заңдылықтарға сәйкестігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Гендік инженерия мен селекцияны вакциналарды алуда, трансгенді және қоршаған ортаға төзімді өсімдіктерді, гендік терапияда және регенеративті медицинада практикалық қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Омыртқалы жануарлардың әртүрлі жүйелеріндегі морфологияның ерекшеліктерін салыстырмалы түрде ашу, омыртқалы жануарлардың шығу тегі мен филогениясын зерттеу. Омыртқалылар қатарындағы жүйелердің эволюциялық өзгеруін, даму мен эволюцияның өзара байланысын көрсету. Эмбриогенездің ерекшеліктерін зерттеу, омыртқасыз жануарлардың әртүрлі таксондарындағы жалпы заңдылықтарды анықтау. Құрсақішілік даму кезінде тірі тууды және эмбриональды бейімделуді қарастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Ағза қызметін реттеудің молекулалық механизмдері туралы түсініктерді қалыптастыру және қан айналымы физиологиясы туралы білімдерін көрсете білу, жүрек пен қан тамырларының физиологиялық ерекшеліктерін, қанның қозғалысын қамтамасыз ету механизмдерін түсіндіру. қан тамырларының тұйық жүйесі арқылы ағзадағы реттеу процестері мен құбылыстарын және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық механизмдерін, сыртқы орта факторларының әсерін талдай білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттарда қазіргі биологияның іргелі биологиялық концепциялары, зерттеу әдістері туралы білімдерін қолдану құзіреттілігін және алған дағдылары мен білімдерін ғылыми, өндірістік қызметті ұйымдастыруда қолдана білу дағдыларын және әртүрлі деңгейдегі биологиялық жүйелердің тұрақтылығын анықтайтын механизмдер туралы, организм мен қоршаған ортаның өзара байланысының механизмдері туралы білімін қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: эксперименттік зерттеулерді жүргізу және жоспарлау әдістерін ашу, этиканы сақтай отырып, эксперименттік зертханалық жануарларды өңдеу, алынған эксперименттік деректерді талдай білу. Клиникаға дейінгі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі ережелерін зерттеу. Зоотехникалық және биологиялық зерттеулер әдістері, эксперименттерді жоспарлау және жүргізу, статистикалық өңдеу және зерттеу нәтижелерін бағалау бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: клеткалық, организмдік, молекулалық деңгейде қартаю және қартаюға қарсы механизмдерді зерделеу арқылы геронтология және биомедицина саласындағы молекулалық және клеткалық биологияның маңызды мәселелерін шешу үшін магистранттардың қабілетін дамыту, алған білімдері мен дағдыларын болашақ кәсіби қызметінде қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Оқыту курсы қала флорасының қазіргі тұжырымдамасына, елді мекендер флорасының генезисіне және қала флорасының құрамы мен фракциясына талдау жасау ерекшеліктеріне қатысты мәселелер кешенін қамтиды. Интерьер мен ландшафттардың фитокомпозицияларын құру, пайдалану және сақтауда кешенді экологиялық тәсілді қолдану дағдыларын меңгеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - ДНҚ, РНҚ және ақуызды талдаудың нақты әдістеріне негізделген тиімді диагностиканың принциптері мен мүмкіндіктері жайлы түсініктерді қалыптастыру. Молекулалық диагностика жеке даму тәуекелін бағалап көптеген патологияларды, тұқым қуалайтын және онкологиялық ауруларды анықтайды, қылмыстық және сот-медициналық ДНҚ дактилоскопия жүргізу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты:биологиялық әртүрліліктің құрылымын, мазмұны мен шежіресін ашатын таксономиялық ақпараттық база ретінде филогенетикалық жүйелеу түсінігін қалыптастыру. Жүйені құрудың ежелгі, классикалық және заманауи әдістемелік тәсілдері, омыртқалы жануарлардың әртүрлі таксондар арасында туыстық қарым-қатынас орнату туралы ұғымды ашу.Шығу тегі-ұрпақ байланыстарының нақты көрінісі қайта құрылған генеалогиялық бұтақты құру әдістерімен таныстыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: гистогенездің қазіргі өзекті проблемаларымен, клеткалардың ұйымдасуы және ұлпалардың регенерациясы, бағаналы клеткалардың регенерациядағы рөлі, біртекті клеткалардағы айырмашылықтардың пайда болу мәнін түсіндіру, нәтижесінде организмде белгілі қызмет атқаруға қабілетті маманданған клеткалар, ұлпалар мен мүшелерді және басқа да клеткалармен байланысы жайлы білімді қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Оқыту курсында биологиялық мониторинг түсінігі және оны ұйымдастыру принциптері, тірі және өлі табиғат арасындағы байланыстары, ортаны биотестілеу және қалалық аумақтың биомониторингі қарастырылады, сондай-ақ өсімдікті шаруашылықтың әр саласында және қоршаған ортаның ластану дәрежесінде анықтауда көрсеткіш (индикатор) ретінде пайдаланудың ғылыми бағыттары меңгеріледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ісік клеткаларының түзілу механизмдерін, олардың бөлінуін, өсуін, жетілуін, идентификациясын және диагностикасын зерттеу арқылы клетка биологиясы және биомедицина саласындағы маңызды мәселелерді шешуге магистранттардың қабілетін дамыту және болашақ кәсіби қызметінде алған білімдері мен дағдыларын өз мақсаттарында пайдалана білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жануарлар дүниесіндегі ырғақтық процестердің заңдылықтары, олардың қоршаған орта циклдерімен байланысы, тірі организмдер ішіндегі процестердің ішкі синхронизациясының принциптері, сонымен қатар, сондай-ақ организмдердің аса маңызды функционалдық жүйелерінің жағдайын бақылау үшін люминесценттік және флюориметриялық әдістерді пайдалана отырып, биофизикалық процестердің бұзылуын аспаптық анықтауға негізделген экожүйелердің биофизикалық мониторингінің принциптері жайында түсініктерді қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – организмнің дамуы немесе жасушаның бөлінуі кезіндегі гендік белсенділіктің тұқым қуалайтын өзгерістерін зерттейтін эпигенетика туралы және организмнің сұйық орталары (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) арқылы гормондардың, мүшелер мен ұлпалардың тіршілік әрекеті барысында жүзеге асырылатын физиологиялық және биохимиялық процестерді үйлестіруден тұратын гуморальды реттелу процестері жайында түсініктерді қалыптастыру.
Защита практики
Тәжірибенің мақсаты - зерттеуді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Тәжірибе жеке, сонымен қатар ғылыми ұжымдар мен ғылыми мекемелердің құрылымдық бөлімшелері құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау мен жүргізуді қоса, академиялық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу практикасы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, үлкен көлемдегі мәліметтерді (нақты материал) жинауға және өңдеуге бағытталған.
Зерттеу практикасы барысында магистранттардың төмендегідей қабілеттері қалыптасады :
- ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау;
- ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу: ғылыми дереккөздерді аннотациялау, рефераттар жасау-шолулар;
- тіл жүйесі және әдебиет дамуының негізгі заңдылықтары саласында өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу;
- ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану;
- ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу;
- отандық және шетелдік филология мектептерінің жаңашыл әдістерін қолдану;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін дәлелді баяндау;
- ғылыми басылымды дайындау және редакциялау: тезистер, мақала.
Зерттеу практикасын өту кезінде магистранттар келесі аспектілерді қарастырады:
Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Филологиялық зерттеулердегі заманауи әдістер мен әдістер. Лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми және қолданбалы жобалардың тәуелсіз дамуы. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді қалыптастыру ережесі. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.