философия докторы (PhD)
Шеттілді білім беру саласында жоғары білікті тереңдетілген теориялық және практикалық жеке даярлығы бар, бірнеше шет тілдерін кәсіби дәрежеде меңгерген, инновациялық әрекеттерге қабілетті, шеттілді білім беру саласында өз бетінше жұмыс жасай алатын, шет тілінде білім беру мәселелеріне білікті баға беріп сыни талдай алатын, әлеуметтік мәселелер, жаңа концептуалды білім бойынша жобалар жасай алатын, ғылыми талқы аясында мамандарға ұсына алатын, командада жұмыс істей білетін ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Шетел тілі: екі шетел тілі
8D01705
Филология
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2000000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: өз идеяларын, ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын құрылымдау. Ғылыми жұмысты жазудың негізгі әдіснамалық тәсілдерін қарау, идеяларды жазбаша түрде дәлелдеу, академиялық жұмыстарды құрылымдау тәсілдерін пайдалану, сілтемелерді, библиографияны шет тілінде ресімдеу, ғылыми мақалаларды Q1-Q4 көрсеткіштері бар журналдарда және импакт-факторы жоғары немесе JCR-дәйексөзді басылымдарда жариялау құралдары көрсетіледі.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: кәсіби саладағы зерттеу міндеттерін алдыға қою мен шешу үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білімді қолдануды қамтамасыз ететін құзіреттерді қалыптастыру. <br/> Қарастырылады: дербес және ұжымдық жоспарлау әдістері; зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыруды және өткізу; зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау; нәтижелерді апробациялау және ғылыми рәсімдеу; ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қызметке енгізуді және коммерциализациялау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: кәсіби ағылшын тілі саласындағы коммуникативті және мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру және оны одан әрі жетілдіруге үлес қосу, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникацияға түсе алатын студенттің «екінші тілдік тұлғасын» дамытуға ықпал ету. Пәнді оқу үдерісінде келесі мәселелер қарастырылады: мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасу тарихы; мәдени код, мәдениеттердің айырмашылықтары мен ерекшеліктері, әртүрлі ұлттардың, нәсілдік және этностық топтар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері; әлемнің лингвистикалық суреті; коммуникативті құзыреттілік және т.б.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: шет тіліндегі білім беру әдістемесін жүйелі сипаттау, бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Пән қазіргі заманғы шет тілді білім беру парадигмасының әдіснамасын, қазіргі жағдайда шет тілді білім берудің ұлттық жүйесінің жай-күйін, даму перспективаларын, шет тілді білім берудің отандық/ халықаралық-стандартты моделін, таным теориясының принциптерін, ерекшеліктерін, әдіснамалық принциптердің сипаттамаларын, ұғымдарды, категорияларды, шет тілді білім беруді қалыптастырудағы педагогикалық парадигмалардың түрлерін зерттеуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: білім беру зерттеулеріндегі дискурс талдаудың пайда болуы жайлы кейбір тарихи контекстіні қамтиды, дискурс талдаудың білім беру зерттеулерінде тиімді қолданылуын және оның білім беру зерттеулерінде ауқымы кеңейгеніне әсер еткен ғылыми деректерді қарастырады. Пән дискурстық талдаудың білім беру зерттеулерін қалай кеңейтуіне әсер еткен ғылыми білімді жалпылауға бағытталған. Пән дискурс талдаудың негізгі төрт тәсілін қарастыруға бағытталған – антропологиялық, нарративті, сабаққа бағытталған (classroom-based) және сыни.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: оқытылатын тілдерді меңгеру теориясы мен тәжірибесі негіздерін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән шет тілдерін меңгерудің әдіснамалық негіздерін зерттеуге, оларды оқыту қағидаларын жүйе ретінде, фонетикалық-фонологиялық, морфемалық, синтаксистік деңгейлердің бірліктерін дифференциациялау, оларды оқыту технологиясын, ауызша/ жазбаша мәтіндерді сәйкестендіру әдістерін, шет тілдерін оқыту практикасында және инклюзивті білім беруде олардың жұмыс істеу заңдылықтарын саралау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: тілдің әлеуметтік-мәдени аспектілері, сондай-ақ зерттелетін тілге және оны белгілі бір мәдени ортада қолдануға әсер ететін мәдени контексттер, әдет-ғұрыптар, құндылықтар, тарихи факторлар мен әлеуметтік нормалар туралы терең түсінік қалыптастыру. Пән мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға, тілдің мәдени нюанстарын түсінуге, әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға бейімделуге, оқытылатын тілдің әртүрлі әлеуметтік-мәдени аспектілерінде тиімді қарым-қатынас пен табысты өзара әрекеттесу үшін коммуникативтік құзыреттілікке бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: шетел лингвистикасының шет тілдерін оқыту проблемаларын зерделеу тарихы туралы білімді жүйелеу. Пән гипотезаларды, тенденцияларды, даму кезеңдерін, жаңа тұжырымдамаларды, шетелдік Лингвистикада шет тілдерін оқыту әдістемелерін, сөйлеу актілері теориясы бойынша шетелдік ғалымдардың негізгі ережелерін, Әлеуметтік лингвистика, лексикостатистика, қолданбалы лингвистика, инклюзивті білім беру параметрлерін, шет тілдерін оқыту әдістемесін салыстырмалы зерделеуді зерттеуге бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.