Білім беру бағдарламасының мақсаты-ғылым, энергетика саласында жоғары білікті кадрлар даярлау, жүйелік менеджмент, заманауи әдіснамалар, стратегиялық инновациялар, энергетика саласындағы жобалар мен менеджментті меңгерген білім беру.
Энергетикадағы менеджмент (Исключена из Реестра)
7M07129
Физика-техникалық
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-электр энергетикалық объектілерді жобалауды ұйымдастыру және басқару саласында базалық біліктерді қалыптастыру.<br/> Пәннің мазмұны: жобаның кезеңдерін жоспарлау; жобаның ұйымдық құрылымы; қаржылық-экономикалық есептеулер, бюджет; жобалаудың жобаны қаржыландыру ерекшеліктерімен байланысы; жобаны іске асыру (жабдықтарды сатып алу, салу, пайдалануға беру), коммерциялық пайдалану кезеңдерінде және инвестицияларды қайтару кезеңінде жобалауды басқару.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-электр энергетикасы саласының ерекшелігін ескере отырып, жоспарлау және басқару саласында базалық біліктерді қалыптастыру.<br/> Пәннің мазмұны: ұйым қызметіне үдерістік тәсіл; өкілеттіктерді тиімді беру; шешімдер қабылдау техникасы мен құралдары; жұмыстарды талдау және персоналға қажеттілікті жоспарлау; жұмысты жобалау; персоналды іздеу және іріктеу; қаржылық талдау негізінде шешімдер қабылдау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: болашақ кәсіби қызмет шеңберінде өз бетінше жұмыс істеу және шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру<br/> Пәннің мазмұны: энергетикадағы инновациялар; ғылымды қажетсінетін технологиялар және олардың энергетикадағы рөлі; ғылымды қажетсінетін бизнес; классикалық менеджмент құрылымындағы инновациялық менеджменттің орны мен рөлі; жобаларды басқару; жоба мен жағдайды көпжақты талдау; бизнес-жоспарды жасау; бизнес-жоспардың құрылымы; тәуекелдерді талдау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: Қазақстанның электр энергетикасы саласының қазіргі жай-күйі, жұмыс істеу негіздері және даму перспективалары мәселелерін зерделеу.<br/> Пәннің негізгі аспектілері: қызметті басқарудың акционерлік нысаны; Қазақстан электр энергетикасының қазіргі жай-күйі: даму кезеңдері, қазіргі құрылымы; электр энергиясының көтерме және бөлшек нарығы; даму перспективалары; электр энергиясы нарығындағы мемлекеттің мақсаттары; мемлекеттің қатысу дәрежесі әртүрлі электр энергиясы нарығының модельдері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-магистранттардың электр желілеріндегі электр энергиясының сапасын басқару саласындағы заманауи дүниетанымын қалыптастыру, мониторинг проблемаларын шешу және нормаланған шектерде электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету бойынша білім, білік және дағдыға ие болу.<br/> Пәннің негізгі аспектілері: электр энергиясы сапасының көрсеткіштері; электр энергиясының сапасын бақылау және талдау; электр энергиясының сапасын қамтамасыз етудің тәсілдері мен техникалық құралдары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-электр өрістерін есептеу, жоғары вольтты оқшаулаудың құрылымдық ерекшеліктерін саралау қабілетін қалыптастыру
Пәннің негізгі аспектілері: оқшаулаудағы ақаулардың пайда болу механизмдері және оны бақылау, асқын кернеулер және олардан қорғану әдістері, жоғары кернеулерді алу және өлшеу әдістері, асқын кернеулердің пайда болу табиғаты және олардан қорғану әдістері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқытудың мақсаты магистранттарда оқшаулауды үйлестіру және оны жобалау, сынау және оқшаулау жағдайын бақылау әдістері туралы білімді қалыптастыру болып табылады.
Пәннің мазмұны: Электр жабдығының сыртқы және ішкі оқшаулауын үйлестіру; электр жабдығы оқшаулауының электр беріктігін сынау әдістері; жоғары кернеулі жабдықтың оқшаулау конструкциялары; оқшаулауды үйлестіру проблемасы; оқшаулауды "нормаға" келтіру; қорғау разрядтаушылары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: күштік электр өрістерінің әсер етуі кезінде газдардағы, сұйық және қатты диэлектриктердегі электрофизикалық процестер саласында жүйеленген білімді қалыптастыру.
Пәннің негізгі мазмұны: газ тәрізді диэлектриктердің электрлік беріктігі (ауа, вакуум, элегаз) әр түрлі әсер ететін кернеуде; сұйық, қатты және аралас диэлектриктердің электрлік беріктігі; доғалық разряд; негізгі сипаттамалары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-жоғары вольтты электр жабдықтарының түрлері мен құрылғыларын жіктеу қабілетін қалыптастыру, оны пайдаланудың әртүрлі аспектілері: тексерулер, зақымданулар, жоспарлы жұмыс, диагностика және жөндеу.
Пәннің негізгі аспектілері: техникалық құрылғылар, пайдалану негіздері және жай-күйін бағалау; күштік трансформаторларды, жоғары вольтты электр жабдықтарын, тарату құрылғыларын, жерге тұйықтау құрылғыларын, сақтандырғыштар мен разрядтағыштарды жіктеу, пайдалану және жөндеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ақылды электр желілерін қоса алғанда, энергетикалық жүйелердің барлық алуан түрлілігін басқару үшін қажетті құзыреттерді, сондай-ақ энергия мен инновациялық энергетикалық жабдықтың әртүрлі түрлерін зерделеумен байланысты міндеттерді шешу үшін құзыретті кәсіби білімді қалыптастыру.
Пәннің негізгі мазмұны: инновациялық энергетикалық менеджмент; энергетикадағы зияткерлік ақпараттық жүйелер; электрмен жабдықтау жүйелеріндегі Smart Grid тұжырымдамасы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: асқын кернеулердің пайда болу табиғаты туралы, олардың электр жабдықтары мен электр беру желілерін оқшаулауға электрлік әсері және олардан қорғану тәсілдері туралы, желілер мен электр қондырғыларының оқшаулауын сынау нысандары, әдістері туралы жүйеленген білімді қалыптастыру.
Пәннің негізгі аспектілері: найзағай және ішкі кернеулер, электр энергетикалық жабдықты оқшаулау жағдайын диагностикалау әдістері мен құралдары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: станциялар мен қосалқы станциялардағы электромагниттік жағдай туралы және оған әсер ететін факторлар туралы жүйелі білімді қалыптастыру.
Пәннің негізгі мазмұны: орта және жоғары класты кернеулі электр желілеріндегі техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етудің жүйелік тәсілдері; электромагниттік кедергілердің көздері мен түрлері, олардың сипаттамалары, таралу арналары және олардан қорғану тәсілдері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-пайдалану, қайта құру немесе ауыстыру туралы шешім қабылдау үшін пайдаланылатын электр жабдықтарының техникалық жағдайын бағалау саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру
Пәннің мазмұны: Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы; электр жабдықтарын техникалық диагностикалаудың әдістемелік және ақпараттық негіздері; электр жабдықтарын жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау; жөндеуді ұйымдастыру жүйелері; қосалқы станциялардың, тарату құрылғыларының және ӘЖ/КЖ жабдықтарын жөндеу, жедел-техникалық құжаттама
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: математикалық модельдер мен оңтайландыру және болжау әдістерін қолдана отырып, ақпаратты өңдеуді автоматтандыру және электр энергетикасы объектілерін зерттеу, Электр энергетикасы және электр техникасы саласындағы ұйымдастыру-басқару қызметінде шешімдерді әзірлеу және негіздеу бойынша қазіргі заманғы технологиялар мен құралдар туралы білімді қалыптастыру. Пәннің негізгі аспектілері:. деректер базасын жобалау принциптері; кәсіпорын жобасының қаржылық моделі; жобаны талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: математикалық бағдарламалау міндеттерімен электр энергетикасы мен электротехникада болжау міндеттерін реттеу және саралау қабілеттерін қалыптастыру.
Пәннің негізгі аспектілері: математикалық бағдарламалау есептерін жіктеу; кестелік берілген функцияның интерполяциясы және экстраполяциясы ұғымдары; жоғары кернеулі қондырғылардың оқшаулау аралықтарының разрядтық кернеулері туралы деректерді экстраполяциялау мысалы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: электр энергетикасы жүйесіндегі техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі туралы жүйелі білімді қалыптастыру, электр энергиясын ұтымды, үнемді пайдалануға, сондай-ақ жұмыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қызмет түрі ретінде электромагниттік үйлесімділікті зерттеу.
Пәннің негізгі мазмұны: Электр энергетикасы жүйесіндегі электромагниттік жағдай; электромагниттік кедергі көздері; кедергіні басу жөніндегі іс-шаралар.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ЭЭ жүйесінің элементтерін модельдеу үшін осы дағдыларды қолдану және бағдарламалық қамтамасыз ету негіздерін меңгеру қабілетін қалыптастыру;
Пәннің негізгі аспектілері: бағдарламалық пакеттер және оның компоненттері, кітапханалар және осы кітапханалардың компоненттері; электр энергетикасындағы ақпараттық компьютерлік технологиялар; электр энергетикасындағы ақпараттық технологияның функционалдық құрылымы.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдану арқылы кәсіби қызметке қабілеттілікті қалыптастыру
Пәннің негізгі аспектілері: жалпы ережелер, математикалық бағдарламалау міндеттерінің құрамы мен мазмұны; алынған деректерді интерполяциялау әдістері; ЭЭ жүйелерін жобалаудың перспективалық ақпараттық технологиялары; электр энергетикасы жүйелеріндегі процестерді қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен модельдеу
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-жоғары кернеулі электрофизика мен техниканың электрофизикалық есептерін шешудің математикалық әдістері туралы білімді қалыптастыру.
Пәннің негізгі мазмұны: жоғары кернеулер техникасындағы электрофизикалық құбылыстарды математикалық модельдеу бойынша ғылыми-техникалық ақпараттың негізгі көздері, электр энергетикасындағы электр және магнит өрістерін есептеу әдістері; негізгі ақпараттық технологиялар, ақпаратты компьютерлік өңдеу әдістері, тәсілдері мен құралдары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-оларды кейіннен жұмыста пайдалану үшін менеджмент негіздерін қалыптастыру.
Пәннің негізгі аспектілері: басқару функциялары; жұмысты ұйымдастыру; жұмыс және даму ресурстары; кәсіпорынды басқарудың заманауи тұжырымдамалары; баға белгілеу бойынша басқарушылық шешімдер; коммуникациялық саясат, кәсіпорынды басқару құрылымындағы энергия менеджменті қызметі.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.