Лингвистикалық білім беру саласындағы кәсіби мәселелерді шешуде ғылыми және ғылыми-педагогикалық құзыреттілігіне ие PhD докторанттарын даярлау, кәсіби тәжірибелік қызмет саласындағы тәжірибелік дағдылар мен құзыреттер қалыптастыру
Лингвистика
8D02309
Филология
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Лингвистика саласы бойынша докторанттардың ғылыми жазылым құзіреттілігін дамыту. Курсты оқыту академиялық ортада эффективті қатынас жасай білу дағдысы қалыптасқан жоғары білікті докторанттар дайындау үшін жазба ғылыми коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамытуға бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: лингвистикалық зерттеу жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өзіне тән анализ принциптері, теориялық негіздері, процедуралары мен тәсілдеріне негізделген лингвистикалық зерттеу әдіснамасын түсінудің негізін қалыптастырады. Пән интернет-ресурстардың, мультимедиялық құралдардың, ғылыми сайттардың, деректер қорының көмегімен зерттеу тәсілдерін интенсификациялауға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән мақсаты: тіл туралы ғылым белгілерінің ежелгі дәуірлерде пайда болуы мен кейінгі кезеңдердегі дамуы туралы және түрлі тарихи кезеңдердегі лингвистикалық мектептер мен ағымдар, бағыттар, сондай-ақ түрлі елдердегі ойшылдар мен лингвист ғалымдардың ғылыми концепциялары және олардың лингвистика ғылымындағы орны туралы терең білім мен лингвистикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Пән тіл философиясының дамуының негізгі тарихи кезеңдерін, тіл білімінің философиялық мәселелері мен тіл білімінің философиялық-методологиялық базасының ерекшеліктерін, аналитикалық философияның негізгі концепцияларын, герменевтиканы, структурализмді зерттеуге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты когнитивизм ғылымы аясында тіл мен ойлау дамуының философиялық негізін зерттеу, әр дәуір кезеңіндегі отандық және шетелдік философ, лингвистердің осы мәселеге қатысты тұжырымдарын жүйелеу, когнитивизм тұрғысынан тіл мен ойлау қатынасын талдау қабілетін қалыптастыру, тілді өзгенің ғана емес, өз ойын жеткізудің құралы ретінде қарастыру. Пән когнитивтік құрылымды, тілдік рефлексті, тіл мен ойлаудың қатынасын, есте сақтау операцияларын және т.б. мәселелерді меңгеруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – лингвоелтанудың негізгі теориялық және әдістемелік ереже-ұстанымдарын меңгерту; қазақ тіліндегі реалийлер мен лакуналардың ұлттық-мәдени сипатын айшықтап, қазақ халқының мәдени ассоциациялары мен ұлттық құндылықтарын бейнелейтін тілдік құралдар ерекшеліктерімен таныстыру, сондай-ақ лингвоелтанымдық зерттеу жүргізу құзыреттілігін қалыптастыру.
Пән негізгі лингвоелтанымдық тұжырымдар мен анықтамаларды, лингвомәдениеттанымдық бірліктер мен лингвоелтанымдық бірліктердің айырмашылықтарын,лингвоелтану саласына қатысты ұғымдар мен терминдерді,лингвоелтанымдық талдаудың өзіндік жүйесін меңгертуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты - докторанттарды мәдениаралық коммуникацияның қазақи үлгісі бойынша зерттеулер жүргізудің әдіс тәсілдерін меңгерту. Дәрістер мәдениаралық коммуникация теориясының негізгі ұғымдарын, лингвомәдени бірлік типологиясы, мәдени шок ұғымы, мәдениаралық коммуникация процесінің этаптарын, этникалық топты сипаттайтын лингвомәдени бірліктерді, ҚР дағы мәдениаралық коммуникация процесінің тенденцияларды меңгертуге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің негізгі мақсаты – когнитивті лингвистика құрылымында ономастикалық концептілер мен категорияларды анықтау қабілеттерін қалыптастыру. Пән ономастикалық зерттеулердің когнитивтік әдістерін; ономастикалық атаулардың когнитивтік семантикаларын; ономатсикалық тұрғыдан тіл мен танымның, тіл мен мен мәдениеттің сабақтастығын меңгертуге бағытталған. Пәнді оқытуда: ономастикалық атаулардың лингвокогнитивтік ерекшеліктері; жалқы есімдердің қызметі, оның түрлері; ұлттық ономастика ғылымындағы дәстүрлі құрылымдық зерттеу бағыты мен жаңа лингвокогнитивтік бағыттың өзара айырмашылығы т.б. қарастырылады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: сөз ағымындағы интонация мен просодиканың мазмұндық ерекшелігі мен оның коммуникативтік қызметі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Курс интонация бірліктерін, өзіндік ерекшелігі мен ішкі заңдылықтарын игере отырып, интонация мен просодиканы өзара ажыратуға, олардың қызметі туралы теориялық білімдер жүйесін ғылыми деректер негізінде меңгертуге, сөз ағымындағы әртүрлі мағыналық реңктерді, ерекшеліктер мен өзгерістерді ажырату үшін интонациялық компоненттер (әуен, әуез, ұзақтылық пен қарқын, дауыс қаттылығы) туралы түсінік қалыптастуруға, интонациялық компоненттерді талдау барысында оны практикада жүзеге асыруға бағытталған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.