Филология саласында жоғары білікті, ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық құзыреттілікке ие, әлемдік филологияның талаптарына сәйкес келетін, заманауи әдіснаманың, цифрлық ресурстардың негізінде зерттеу жүргізуге қабілетті ғылыми кадрларды даярлау
Филология
8D02311
Филология
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Лингвистика саласы бойынша докторанттардың ғылыми жазылым құзіреттілігін дамыту. Курсты оқыту академиялық ортада эффективті қатынас жасай білу дағдысы қалыптасқан жоғары білікті докторанттар дайындау үшін жазба ғылыми коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамытуға бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: лингвистикалық зерттеу жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өзіне тән анализ принциптері, теориялық негіздері, процедуралары мен тәсілдеріне негізделген лингвистикалық зерттеу әдіснамасын түсінудің негізін қалыптастырады. Пән интернет-ресурстардың, мультимедиялық құралдардың, ғылыми сайттардың, деректер қорының көмегімен зерттеу тәсілдерін интенсификациялауға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ескі қазақ жазба ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктерін талдаудың қабілеттерін қалыптастыру.<br/> Келесі мәселелер қарастырылады: ескі қазақ жазба ескерткіштері мәтіндеріндегі түркі сөздерінің лексика-семантикалық, фразеологиялық, грамматикалық қолданысын талдау; кірме сөздердің қолдану ерекшелігін анықтау; лексикалық тілдік бірліктердің қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын анықтау; ҚТҰК-ның «Тарихи ішкорпустағы» https://qazcorpus.kz/ ескі қазақ жазба мәтіндеріне тілдік талдау жасау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ тіл білімі тарихындағы ұлттық терминологияның қалыптасу тарихы мен тәжірибесін тереңдетіп меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ тілі деңгейлері мен тіл білімі салалары бойынша қалыптасқан терминдердің тарихы, уәжділігі мен ғылыми негізі, қазақ тіл білімін одан әрі дамытудағы рөлі және бүгінгі қазақ тіл біліміндегі орны туралы жан-жақты, терең білімдер жүйесін меңгерту; түпнұсқада жазылған (http://ahmettanu.kz/) терминдерді талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ХХ ғасырдың басындағы қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы білімді жүйелеу, тереңдету. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңі және ондағы өзекті лингвистикалық мәселелер бойынша білімдерін жүйелеу; қалыптастыру; алғашқы әліппелер мен оқу құралдарында, терминология, емле, т.б. тақырыптарға арналған зерттеулерде қорытындыланған ғылыми тұжырымдарды меңгеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін түзудің негізгі теориялық және практикалық ереже-ұстанымдарын меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін түзудің негізгі ұстанымдары; макроқұрылымы мен микроқұрылымы; тілдік бірліктерді лексика-семантикалық және мәдени-семантикалық талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қазақ лексикасының функционалдық, тарихи-семантикалық даму заңдылығының өзектілігін, тарихи-этимологиялық негізін анықтайтын байырғы түбірлердің этимологиялық реконструкциясын қолданудың дағдыларын қалыптастыру.
Келесі мәселелер қарастырылады: салыстырмалы-тарихи, ішкі, сыртқы реконструкция, сөзжасамлық модельдеу, морфемалық талдау әдістерін игеру; түбір морфеманың варианттылығын, фузиялық сипатын, морфологиялық, реликтілік құбылыстарын т.б. агглютинативтік үдерістің тарихи сипаттарын түсіндіріп беру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі тарихын қалыптастырған жазба мұралардың тілін талдауды игерту. Келесі мәселелер қарастырылады: ХХ ғасыр басындағы әдеби тіл ерекшелігін ғылыми негіздеуді игеру; Шәкәрім шығармаларының әдеби тілдің функционалдық стильдерінің дамуына әсерін талдау; зертханалық жұмыстардың көмегімен жазбаша үлгілерді қалыптастырудағы «Қазақ» газетінің рөлін анықтау.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.