Халықаралық академиялық стандарттарға, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар, дипломатия, сыртқы саясат және сабақтас ғылыми салалар мәселелері бойынша ғылымның жаңа жетістіктеріне сәйкес әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар, жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ет
Әлемдік саясат
7M03129
Философия және саясаттану
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән әлемдік саясат саласында теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ғылыми теориялар мен заңдарды таңдауды жүзеге асыру, тәжірибе сұраныстарына сәйкес халықаралық зерттеулер жүргізуде сапалық және сандық әдістер мен индекстерді, саяси жағдайларды модельдеудің және халықаралық қатынастар мен әлемдік саясат жағдайындағы өзгерістерді анықтаудың негізгі әдістерін қолдану қабілетін қалыптастырады.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән басқару мен көшбасшылықтың психологиялық теорияларын оқытып, сонымен қатар топтық даму және ұжымдық қалыптасу динамикасын көрсетіп, және көпшілік пен тобыр психологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ қарым-қатынастың психологиялық теорияларын және басқарушылық қарым-қатынас шеңберінде өзінің кәсіби қызметі үшін қажетті жанжалды шешудің стратегияларын объективті бағалау бойынша әлеуметтік-психологиялық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән ғылым философиясының зерттеу әдістемесін, әдістерін, принциптерін қазіргі заман ғылымындағы дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді өзіндік кәсіби қызмет саласындағы шешудегі қабілетін, жетістіктерді сыни талдау мен бағалау, зерттеу және практикалық тұрғыдағы мәселелердің шешімін табуда жаңа идеяларды жарату қабілетін қалыптастырады
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән ғылыми-зерттеу қызметінде әлеуметтік ғылымдар саласындағы негізгі және арнайы білімді қолдану, эксперименталды зерттеудің нәтижесін жүргізу және өңдеу, жоспарлау әдісін меңгеру, теориялық және практикалық ғылыми зерттеулер нәтижесінде алынған дәлелдемелерді пайдалана отырып, ғылыми пікірталас жүргізу, баяндамада, ақпараттық шолуда, аналитикалық баяндамада, мақалада зерттеу жұмысының нәтижелерін көрсету қабілеттерін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән көші-қон ағындарын халықаралық-құқықтық реттеуді талдау, көші-қон процестерін талдау әдістерін қолдану және интеграциялық процестер контексінде көші-қонның қазіргі заманғы үрдістері мен әлеуметтік, экономикалық салдарын бағалау, Қазақстан Республикасындағы олардың ерекшеліктерін анықтай отырып, жаһандық көші-қон процестеріне ғылыми негізделген болжамдар беру қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән жоғары оқу орындарындағы педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін жоғары мектеп дидактикасы, тәрбие теориясы, оқытуды талдау және өзін-өзі бағалау, болашақ оқытушының білім беру қызметін оқытудың кредиттік технологиясын қолдана отырып жобалау, Болон үдерісін жүзеге асыру, өз кәсіби саласында оқыту / тәрбиелеу және бағалау (TLA-стратегиялары) стратегиялары мен әдістерін қолдану арқылы лекторлық, кураторлық дағдыларды игеруді қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән қазіргі әлемдік саясаттың мегатрендтерінің теориялық аспектілерін түсіндіру, жаңа мегатрендтердің мазмұнын талдау, мемлекетаралық қатынастар саласындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени, идеологиялық қатынастардың жұмыс істеу заңдылықтарын анықтау және өзінің кәсіби қызметінде әлемдік саясаттың қазіргі тенденцияларын бағдарлау қабілеттерін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән соғыстарды талдау, жіктеу және салыстыру, жекелеген елдің, елдер тобының, әлемдік қоғамдастықтың дамуы үшін соғыстардың анықталған ерекшеліктері мен салдарын сыни бағалау, жанжалды ортада сындарлы шешімдер әзірлеу және халықаралық қатынастарда бейбітшілікке мәжбүрлеу туралы пікірлер мен әрекеттерді дәлелді түрде қорғау қабілеттерін қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән шетел тілінде білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өзінің кәсіби қызметінде шетел тілінде қарым-қатынас жасау үшін тілдік, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға, мәдениетаралық, ғылыми коммуникация контексінде кәсіби қарым-қатынас орнатуға, жаңа ақпараттық ресурстарды, технологияларды игеру негізінде ғылыми байланыстарды кеңейтуге және зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән АҚШ пен ЕО сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарын түсіндіру, АҚШ пен ЕО елдерінің сыртқы саяси бағытын қалыптастыруға әсер ететін негізгі саяси процестерді талдау, ғылыми модельдерді құру үшін дамыған елдердің сыртқы саясатының негізгі детерминанттарын жіктеу және Қазақстан саясатында есепке алу үшін АҚШ пен ЕО сыртқы саяси қызметінің жеке зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну қабілетін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән халықаралық қақтығыстардың негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын түсіндіру, факторлары мен олардың түрлерін жіктеу, халықаралық қақтығыстардың қақтығыстық талдауы мен сараптамасын жүргізу, халықаралық қақтығыстың картасын жасау, шиеленіс деңгейі мен оның динамикасын бағалау, қақтығыстардың алдын алу мен реттеудің сындарлы технологияларын қолдану қабілеттерін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән қазіргі заманғы терроризмнің табиғатын және оның даму үрдістерін, Қазақстанның қатысуымен терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық жүйесін білуді ескере отырып, терроризмді ғылыми зерттеу, оған қарсы күрес және қазіргі заманғы құралдармен қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдіснамасын негізделген таңдауды жүзеге асыру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының тиімділігін және террористік актілердің алдын алу модельдерін бағалау қабілетін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән халықаралық процестер мен халықаралық жағдайларды қолданбалы саяси талдау әдістерін қолдана отырып, өзінің кәсіби қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, нақты жағдайлардың дамуына ситуациялық талдау жүргізу және әлемдік саясаттағы халықаралық жағдайлардың өзгеруінің ғылыми негізделген болжамды сценарийлерін әзірлеу қабілеттерін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән Еуразия мемлекеттерінің саяси, экономикалық, интеграциялық байланыстарының ерекшелігін, еуразиялық идеяны, еуразияшылдық теориясы мен идеологиясын, еуразиялық өркениеттің өзіндік мәдени-өркениеттік тип ретіндегі заңдарын, заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, мәдениеттердің өзара іс-қимылын Еуразиялық жобаны іске асыруда мемлекетаралық қатынастарды дамыту үшін қолайлы негіз ретінде пайдалану қабілетін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән "Орталық Азия ерекше геосаяси аймағының" саяси тарихының негізгі кезеңдерін талдау, Орталық Азияның посткеңестік және басқа мемлекеттерінің саяси, экономикалық, интеграциялық байланыстарының ерекшеліктерін анықтай отырып, Орталық Азия өңіріндегі мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидаттарын жіктеу және Қазақстанның Орталық Азиядағы ұлттық мүдделерін іске асырудағы өз зерттеулерінің нәтижелерін таныстыру қабілеттерін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән шет елдер дипломатиясының модельдерін және үздік тәжірибені Қазақстан жағдайларына бейімдеу жолдарын талдау, әлемдік процестің және Қазақстан үшін ұлттық қауіпсіздіктің сын-қатерлерін анықтау, сыртқы саяси басымдықтарды тұжырымдау және негіздеу, сыртқы саяси ведомство қызметінің тиімділігіне баға беру, екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың және Қазақстанның интеграциялық жобаларға қатысуының бағдарламалық-нысаналы құжаттарын әзірлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән теориялық тәсілдерді, саяси және экономикалық интеграциялық процестердің деңгейлерін талдау және олардың базалық қағидаттарын, саяси детерминанттарын жіктеу, өңірлік, континенттік және жаһандық өлшемдердегі интеграциялық процестердің ерекшеліктерін, сондай-ақ посткеңестік мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын анықтау, зерттеулер жүргізу және интеграциялық жобаларға қатысушы ретінде Қазақстанның ұлттық мүдделерін іске асыру нәтижелерін таныстыру қабілеттерін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән "Шығыс-Батыс" дихотомиясының пайда болу динамикасын талдау, жаңа әлемдік және аймақтық орталықтар жағдайында Шығыс елдеріндегі саяси процесті зерттеу үшін әлеуметтік ғылымдар әдістерін қолдану, саяси жүйелерге салыстырмалы талдау жасау және қазіргі кезеңдегі шығыс елдеріндегі саяси процестерді сараптамалық бағалау және болжау қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән әлемдік саясат саласындағы ойындар теориясы мен ойын модельдерін сыни талдау және бағалау қабілетін қалыптастыруға, ғылымның озық трендтері мен практика сұраныстарына сәйкес халықаралық проблемаларды талдау үшін ойындар теориясының әдіснамасы мен құралдарын қолдануға, кәсіби мәселелерді шешу үшін әлемдік саясаттың теориялық және ойын өлшемдерін қолдануға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән халықаралық-құқықтық құжаттарды және әлемдік саясат саласында туындайтын құқықтық қатынастарды талдау, кәсіби қызметтің фактілері мен құбылыстарын этикалық тұрғыдан бағалау және нақты халықаралық жағдайларда адамгершілік нормаларын қолдану, мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынас ережелерін әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде сезіну үшін қажетті мәдениеттің бір бөлігі ретінде негіздеу қабілетін қалыптастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пән халықаралық ұйымдардың қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлін, олардың қызмет ету әдістері мен тәжірибесін, жаһандану контекстіндегі халықаралық-саяси өзгерістердің динамикасын, Еуропа мен Азия елдерінің серіктестік қатынастарын орнату, халықаралық құрылымдарда ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды орнату үшін қазіргі дипломатия әдістерін қолдану дағдыларын сыни талдау және бағалау қабілеттерін қалыптастырады.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.