экономика ғылымдары магистрі
Экономика, ғылым және білім саласында кәсіби құзыреттіліктері, әлемдік экономика талаптарына жауап беретін көшбасшылық қасиеттері бар, цифрлық технологияларды қабылдайтын және қазіргі заманғы бизнес-талдау әдістемесін қолдана отырып экономикалық зерттеулер жүргізе алатын білікті кадрларды даярлау.
Экономика
7M04141
Экономика және бизнес жоғары мектебі
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
2000000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина экономикалық теорияның негізгі мәселелерін анықтау үшін экономикалық талдау теориялары мен әдіснамаларын қолдану қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама әлеуметтік-экономикалық жүйелердің негізгі тұжырымдамаларын түсіндіруді, әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қалыптасуы мен дамуын өздігінен талдауды және экономикалық терминология мен лексиканы интерпретациялауды қамтиды.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина инвестицияларды экономикалық бағалау әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыруға, сондай-ақ экономикалық өсудің қазіргі заманғы мәселелерін талдау саласында терең дайындыққа бағытталған. Бағдарлама инвестициялық жобаларды талдаудың негізгі санаттарын қолдануды, жобалардың тиімділігін бағалауды және белгісіздіктің сандық сипаттамаларын ескере отырып, жобаның күтілетін әсерін бағалауды қамтиды.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: макроэкономиканың негізгі көрсеткіштерін талдау, халық шаруашылығындағы экономика салаларының өзара байланысын негіздеу қабілетін қалыптастыру. Пән мыналарды зерттейді: ашық экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштері; экономика салаларының өзара байланыстары; валюта бағамының төлем балансына және ел экономикасына әсері; жаһандық экономиканың негізгі тенденциялары.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина зерттеулердің теориялық талдауын жүргізу, қағидаттар мен мақсаттарды тұжырымдау қабілетін қалыптастырады. Бағдарлама экономикалық үдерістерді зерттеудегі тұжырымдамалар мен теорияларды талдау, әдіснамалық мәселелерді сипаттау және дерекқорларды пайдалана отырып сапалы библиографиялық шолу жүргізуді қамтиды.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат - экономикалық болжаудың ғылыми әдістері, құралдары мен әдістеріне сүйене отырып экономикалық болжам жасау процесінің біліктілігін қалыптастыру.<br/> Болжау мен жоспарлауды үйлестіру үшін сапалы және сандық әдістерді қолдану;<br/> Болжамдарды қалыптастыру құрылымының әдістемесін бағалау;<br/> Жобалар мен бағдарламаларды басқарудың болжау тетіктерін қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина аймақтық зерттеулер мен кластерлік талдау теориялары мен әдістерін және олардың практикалық қолданылуын зерттейді. Бағдарлама аймақтардың бәсекелік артықшылықтарын анықтау үшін аймақтық мәселелерді талдау, кластерлік талдау әдістерін қолдану, кластеризация потенциалын бағалау, аймақтық және кластерлік саясат үлгілері мен кластерлік бастамалардың тиімділігін мониторингтеуді қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина адам ресурстарын басқарудың теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеуге арналған. Бағдарлама басқару әдістері мен механизмдерін, еңбек нарығының қызметін талдауды және оны дамыту бойынша ұсыныстарды қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина магистранттарды инновациялық процестерді зерттеу әдіснамасын және инновациялық әлеуетті қалыптастыруды меңгеруге бағытталған. Бағдарлама ғылым мен технологияларды өлшеудің халықаралық стандарттарын зерттеуді, инновациялық қызметті қолдау түрлерін анықтауды және ғылым, инновациялар мен технологиялар саласындағы білімдерді көрсетуді қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі бойынша білім алуды көздейді. Бағдарламаға кәсіпкерліктің түрлері, құқықтық негіздері, мемлекеттік реттеу, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, салық салу және мемлекеттік қолдау кіреді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина экономикалық әл-ауқат пен өсуді бір уақытта қамтамасыз ету әдістері мен механизмдерін қолдану дағдыларын қалыптастырады. Бағдарлама жаһандық климаттық өзгерістерді талдау, Қазақстандағы климаттық өзгерістер тенденцияларын зерттеу және алдын алу шараларын қарастыруды, сондай-ақ тұрақты даму мен өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделу бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина микроэкономикалық модельдеудің негіздерін қалыптастырады, негізгі модельдер, мәселелер және талдау әдістерін қамтиды. Бағдарлама экономикалық агенттердің мінез-құлқын модельдеуді, экономикалық теорияның негізгі бағыттарын түсіндіруді және микро деңгейдегі өзара байланысты экономикалық процестерді талдауды қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат - экономикалық көрсеткіштердің тиімділігін арттыру үшін тұрақты даму экономикасының әдістері мен механизмдерін қолдану дағдыларын дамыту. Оқу нәтижесінде магистрант мыналарды орындай алады:
Экономиканың теңгерімді дамуы үшін әдістерді қолдану;
Экономиканың үйлесімді даму әдістерін бағалау;
Адамдардың өмір сапасының ұтымды деңгейін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің теориялық түсініктері мен практикалық дағдыларын қалыптастырады. Бағдарлама экономикалық және институционалдық теорияларды зерттеуді, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету бағыттарын талдауды, инновациялық стратегияларды анықтауды және макроэкономикалық ортаның әсерін бағалауды қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-сауданың классикалық теориялары саласындағы білімді қалыптастыру. Пәннің құрылымы А.Смит, Д. Рикардо, Хекшер - Олин моделі және Леонтьев парадоксының классикалық халықаралық сауда теорияларын қолдануға және оларды ГАТТ/ДСҰ әлемдік сауда институттарын және олардың халықаралық сауда мәселелерін шешудегі құралдарын зерттеу негізінде практикада қолдануға негізделген.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін түсіндіру үшін қабілеттерді қалыптастыру. Курстың мазмұны елдің әлемдік экономикалық байланыстарға қатысуын кеңейту жағдайында экономикалық қауіпсіздіктің жай-күйін анықтайтын және сипаттайтын факторлар мен көрсеткіштерді анықтау және талдау бойынша зерттеуді қамтиды; экономикалық қауіпсіздіктің ықтимал қатерлерін анықтау және олардың алдын алу шараларын әзірлеу
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Шетел тілін (кәсіби) оқытудың негізгі мақсаты жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік мамандық саласында оқитын магистранттарды ауызекі сөйлесуде, тұрмыста күнделікті өмірде, өз мамандығы саласында, кәсіби қарым-қатынас жасауда шетел тілін белсене қолдана білу дағдыларына үйрету.
Мақсаты: «Шетел тілі (кәсіптік)» пәнінің оқу бағдарламасы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған. Болашақ магистр шетел тілі біліктілігін академиялық білімді, жаңа технологияларды және заманауи ақпаратты игеру жолында тиімді құралы ретінде қолдана алады және шетел тілі біліктілігі магистранттың мамандық және ғылыми қызметін табысты болуына үлес қосады. Курстың мақсаты: Халықаралық стандарттарына сәйкес шетел тілініңдегі коммуникативтік құзыреттілікті арттыру және осы біліктілікті болашақ магистраннтың мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметінде байланыс құралы ретінде пайдалануға үйрету. Күтілетін нәтижелер: Пәндерді меңгеру нәтижесінде студенттер келесі құзыреттерге ие болуы керек: • жаңа іс-шараларға қатысу және жаңа ақпараттарды өз білім жүйесіне енгізе білу; •шетел тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құрамын және функционалдық жұмыс істеу принциптерін түсіне білу; · өз бетінше жаңа біліктері мен дағдыларды үйрену және өмірде қолдана білу. • кәсіби білімді алу барысында шетел тілін тиімді қолдана білу; • нақты функцияларды орындау үшін шетел тіліндегі ауызша және жазбаша біліктіліктерді қолдана білу; • пікірталаста өз ойларын жеткізе білу және өз көзқарасын шетел тілінде дәлелді түрде қорғай білу; • кәсіби және ғылыми мәселелер бойынша өз бетімен жұмыс істей алу; • ғылыми ақпаратты талдау, жинақтау және жүйелеу; зерттеу мақсатын қойып, оған қол жеткізудің ең жақсы жолдары мен әдістерін таңдай білу; Әлеуметтік: · күнделікті өмірде, кәсіби салада, қоғамда тиімді қарым-қатынас жасай алу; • кәсіптік және кәсіби емес тақырыптарды талқылау барысында өз көзқарасын дәлелді түрде қорғай алу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат - теориялық талдауды жүзеге асыру және жүргізілетін зерттеулердің принциптерін, мақсаттарын, міндеттерін, ғылыми жаңалығын және негізделген ғылыми қорытындыларын қалыптастыру қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
Экономикалық үдерістерді зерттеудегі қазіргі тұжырымдамаларды, теориялар мен тәсілдерді сын тұрғысынан талдау;
Экономикалық зерттеулер дамуының әдіснамалық мәселелерін сипаттау;
Сапалы библиографиялық үшін дерекқорды пайдалану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина ұлттық экономиканың және оның салаларының жаңғырту, әртараптандыру және құрылымдық өзгерістер үдерістерінің теориялық негіздерін зерттеуге бағытталған. Бағдарлама модернизацияның негізгі мақсаттарын түсіндіру және қалыптастыру, экономиканың құрылымдық өзгерістерін бағалау, қалыптасқан тенденцияларды анықтау және әлеуметтік-экономикалық модернизация үдерістерін талдауды қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Дисциплина кәсіпорындарды эмпирикалық зерттеудің қазіргі жағдайы, әдістері мен ақпарат көздері туралы түсініктер қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін деректерді жинау және талдауды, аналитикалық тапсырмаларды шешу үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануды және экономикалық деректерді өңдеуге арналған құралдарды таңдауды қамтиды.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Защита практики
Цель – формирование практического опыта и способностей ведения занятий в высшей школе, проведения воспитательной работы в вузе, самоанализа и саморазвития психолого-педагогической и методической компетенции. Студент магистратуры проводит лекции и семинары, кураторские часы, разрабатывает учебно-методическую документацию на основе кредитной системы обучения, исследует индивидуальные особенности личности студентов, проводит социометрию кураторской группы.