Дінтану саласындағы теориялық және практикалық бағдарлы білімдері бар, діни ахуалды талдай алатын, ғылыми діни дискурс қалыптастыратын, оқыту мен тәрбиелеуде діни білімді қолдана алатын білікті ғылыми кадрларды даярлау
Дінтанудың өзекті мәселелері
8D02217
Философия және саясаттану
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: баспа талаптарын ескере отырып, ғылыми жарияланымдар жазу жөнінде дағдылар қалыптастыру. Пәнді оқу барысында жоғары импакт факторлы мақалалар жазуда академиялық жазу ұстанымдарын қолдану; гуманитарлық-әлеуметтік білімдерде талдамалық жазбалар, сараптамалық қорытындылар жазу үшін ғылыми стильді дамыту; ғылыми зерттеулер типін ескеріп, академиялық жазуды пайдалану дағдыларын қалыптастыру зерттеледі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: ақпараттық кеңістіктегі дін негіздерін тұжырымдау. Курс ғылыми дерек көздеріне, БАҚ-қа, интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілерге дискурстық талдау жасауға, қазақстандық және шетелдік ақпараттық сегменттегі діни тақырыптардағы тенденцияларды және БАҚ-тың діни дүниетанымға ықпалын зерттеуге концептуалды көзқарастарды қалыптастыруға бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын; ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беруге, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: рухани жаңғыру аясында дәстүрлер мен жаңашылдықтардың тарихи және діни парадигмаларын құру.<br/> Пәнді оқу барысында докторанттар діни дәстүрлердегі канондық ережелер мен тарихи жаңалықтарға салыстырмалы талдау жасауды, христиандық дәстүрлері мен жаңалықтарын және ислам әлеміндегі модернизация идеяларын ғылыми, теологиялық талдауды үйренеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: діни әдебиеттерді өз бетінше талдау қабілетін қалыптастырып, дін тарихы мен мәдениет тарихына теориялық және практикалық әдістемелерді қолдану. Курсты зерделеу белгілі дін зерттеушілерінің тұжырымдарын зерделей отырып, діни ілімдерді, діни-мәдени мектептерді зерттеу әдістемесін, діни және мәдени әртүрлілік мәселелерін сыни талдау дағдыларын қалыптастырумен байланысты.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: діни сананы және діни стереотиптерді теориялық-аналитикалық және діни тұрғыдан зерттеу қабілетін қалыптастыру. Пән философиялық және діни білімнің діни дүниетанымын және діни стереотиптер мен олардың діни мәдениетке әсерін, мұсылмандардың беделін түсірудің идеологиялық, саяси, тарихи аспектілері мен қазақстандық қоғамдағы діни стереотиптерді талдауды қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: қазіргі әлемдегі діндарлық пен зайырлылық рөлін зерттеу. Пән діни және зайырлы құндылықтардың қалыптасуын, Қазақстандағы дін мен зайырлылықтың орнын, діни және зайырлы құндылықтардың жалпы мазмұны мен тепе-теңдігін зерделеуге және дін мен зайырлылықты зерттеу саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: тарихи және қазіргі заманғы контексте діни мәдениеттің жағдайын талдау. Бұл ғылыми курс діни мәдениеттің теориялық және әдістемелік құралдарын, діни мәдениеттің тарихтағы және қазіргі замандағы рөлін талдауға, мемлекеттердің тарихи қалыптасуындағы діни мәдениетті зерттеудің концептуалды тәсілдерін зерделеуге арналған.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.