ғылым магистрі
Әлеуметтік сала ұйымдарының мамандарын әлеуметтік саясатты басқару және іске асыру саласындағы сараптамалық қызметті орындауға қабілетті болуға даярлау
Әлеуметтік саясат және басқару
7M11404
Философия және саясаттану
ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
1400000 〒 (күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, ғылыми - педагогикалық бағыт)
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлеуметтік әділеттілік пен инклюзияны қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқық туралы білімдерді тереңдету, халықтың осал топтарының мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейтуге бағыталған кәсіптік пікірлерді қалыптастыру. Курсқа халықаралық және ұлттық құқықтық актілерді, мүмкіндіктер мен құқықтарды кеңейту тәсілдерінің концептуалдық негіздерін зерттеу мен оларды әлеуметтік саясатта жүзеге асыру кіреді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-әлеуметтік саясатты талдауда және әлеуметтік жұмыс саласында зерттеулер жүргізуде озық статистикалық әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыру. Курс деректерді өңдеу мен талдаудың статистикалық әдістерін зерттеуді, пайдалануды үйренуді қамтиды SPSS статистикалық деректерді өңдеу бағдарламасы.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне және әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігіне баға беруге бағытталған бағалау зерттеулерін жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру. Курсқа сапалық және сандық зерттеулердің ерекшелігі мәселелерін, іріктеудің процедурасын, дизайнын таңдауды, зерттеу әдістерінің валидтілігі мен сенімділігін қарастыру кіреді. Оқыту зерттеулерді жоспарлау мен жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастыруды болжамдайды.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлеуметтік сфераның негізгі салаларында цифрлық технологияларды қолданудың бағыттары туралы түсініктер қалыптастыру. Курс құралдар мен қызметтерді алудағы ақпараттық автоматтандырылған жүйелерді қолдану, әлеуметтік жұмыста телепрактиканы жылжыту, әлеуметтік трансферттерді іске асыруда цифрландыруды қолдану, халықтың осал топтарының ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру мәселелерін қарастыруға бағытталған.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – жаһандық призма арқылы әлеуметтік саясатты және оның негізгі өзгерістерін талдау икемділіктерін қалыптастыру, әлеуметтік саясат пен практика саласында салыстырмалы зерттеулерді жүзеге асыруға ғылыми-практикалық дайындау. Курс әлеуметтік саладағы мемлекеттік басқарудың қазіргі концепцияларын, әлеуметтік саясат модельдерін, әлеуметтік көмек көрсетудің нормативтік-құқықтық тетіктерін, салыстырмалы зерттеу әдістері мен концепцияларын зерттеуді болжамдайды
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистрлік диссертацияны жазу барысында қажетті ғылыми-зерттеу жұмысының әдістері мен принциптері туралы жалпы түсінік беру. Магистрант зерттеу мақсаттарын анықтауға бағытталған ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыру әдіснамасының ғылыми және практикалық негіздерін меңгереді
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – аймақтық және ұлттық деңгейлерде әлеуметтік бағдарламаларды құрастыруға теориялық және практикалық дайындау. Дайындыққа әлеуметтік бағдарламалардың мәнін, қағидаттарын, классификациясы мен құрылымын қарастыру кіреді. Оқыту келесі икемділіктердің қалыптасуын болжайды: мақсаттар мен міндеттерді анықтау, қолжетімділіктің мақсатты индикаторларын құрастыру, әлеуметтік араласуды жоспарлау, тәуекелдерді бағалау және мүмкін вариативтік траекторияларды анықтау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлеуметтік жұмыс саласында әлеуметтік жобаларды жоспарлау және іске асыру икемділіктерін қалыптастыру. Курс әлеуметтік жобаларды іске асырудың және нәтижелерін бағалаудың, құрастырудың теориялары мен сәтті практикаларын зерттеуді жоспарлайды. Оқыту әлеуметтік салада жобаларды жобалау, енгізу және іске асыру бойынша практикалық икемділіктерді қалыптастыруға бағытталған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің тиімділігін бағалаудың әдістемелері мен теориялық тәсілдері туралы білімдер қалыптастыру. Курсқа әлеуметтік қызмет көрсету процесі мен нәтижесін, арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалаудың концептуалдық тәсілдерін, оның сапасын қамтамасыз ету және бақылау мәселелерін қарастыру, сапа критерийлерін құрастыру процесін және әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің тиімділігін бағалау зерттеу кіреді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде супервизияны жүргізуге теориялық және практикалық дайындау. Курсқа әлеуметтік жұмыстағы супервизия модельдері мен классификацияларын, супервизорлық қарым-қатынастардың ерекшеліктерін, жағдайды жүргізу процесін қарастыру, әкімшілік, оқыту және қамтамасыз ету супервизиясы әдістерін оқыту кіреді
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлеуметтік саладағы басқарушылық процестер туралы білімдер қалыптастыру, әлеуметтік ұйымдардағы ішкі қаржылық-экономикалық бақылау негіздері мен басқаруды зерттеу. Курсқа ішкі қаржылық, шаруашылықішілік, бухгалтерлік және басқарушылық бақылаудың түсініктері мен мақсаттарын қарастыру кіреді. Бақылау қағидаттарын, әдістерін және құжаттауды зерттеу жобаланады
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – гендерлік саясаттың негізгі концепциялары мен әдістері, гендерлік сараптама жүргізудің әдіснамалық тәсілдері туралы білімдер және осы салада өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру. Оқытуға келесі мәселелерді қарастыруды кіреді: гендерлік саясаттың концепциялары мен әдістері, гендерлік әлеуметтік статистика, түрлі сфералар мен салаларда гендерлік сараптаманы жүргізудің әдіснамалық тәсілдері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – кедейлікті жеңудегі әлеуметтік саясатты талдау және оның тиімділігін арттыру шараларын жобалау икемділіктерін қалыптастыру. Курсқа кедейлік теорияларын, кедейлікті өлшеуге қатысты тәсілдерді, халықтың өмір сүру деңгейінің теңсіздік мәселелерін, кедейлікпен күрестегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының бағыттарын, кедейлікті жеңудің проактивті стратегияларын, кедейлік проблемаларын шешудің шетелдік және қазақстандық тәжірибесін зерттеу кіреді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін мемлекеттік қаржыландыру тетіктері, қайырымдылық негізінде ақшалай қаражатты тарту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негіздері туралы білімдер қалыптастыру. Курсқа мемлекеттік емес субъектілер көрсететін әлеуметтік қызметтерді бюджеттік қаржыландыру, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің даму перспективаларын қарастыру, бизнес-жоспарлау сұрақтарын зерттеу, шешімдерді қабылдау, қаржыландыруды тарту мәселелері кіреді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – қарттарды әлеуметтік қосу концепциялары туралы түсініктерді, олардың белсенді ұзақ өмір сүруін ынталандыру шараларын жобалау икемділіктерін қалыптастыру. Курсқа белсенді ұзақ өмір сүру индексі мен концепцияларын, әлеуметтік саясатта белсенді ұзақ өмір сүруді жылжыту шараларын зерттеу кіреді. Оқыту қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетуді белсендіруші технологияларды, оларды қоғам өміріне қосу жоспарлайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – мемлекеттік әлеуметтік трансферттер жүйесі туралы білімдерді тереңдету. Курсқа әлеуметтік трансферттеді зерттеу мен жүйелеу, әлеуметтік трансферттерді алушылардың қабылдауын және олардың халықтың кедейлік деңгейі мен материалдық әл-ауқатына ықпалын талдау, Қазақстандағы және шетелдегі әлеуметтік трансферттер жүйесін салыстыру кіреді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты-мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыру шараларын талдау мен жобалауда магистранттардың сыни ойлауы мен сыни санасын арттыру. Курс құқықтарды қорғаудың халықаралық парадигмасындағы өзгерістерді, қызметтер эволюциясын және қызмет көрсетудегі заманауи тәсілдерді зерттеуді қамтиды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – магистранттардың лидерлік әлеуетін арттыру, әлеуметтік сала мекемелеріндегі ұйымдастырушылық дамуды жобалау мен талдау икемділіктерін қалыптастыру. Курс ұйым теориялары мен көшбасшылық теорияларын, кәсіби қызметтің психологиялық құрылымын, ұйымдардағы, үлкен және кіші топтардағы қарым-қатынас заңдылықтарын зерттеу, еңбек тиімділігі мен мотивациясын арттыру, топтың сәтті дамуы, ұйымдастырушылық мәселелер диагностикасы әдістерін оқытуды жоспарлайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – аймақтық және ұлттық деңгейлерде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау дағдыларын қалыптастыру. Курс әлеуметтік жобалаудың мәні мен қағидаттарын, әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың құрылымын зерделеуді, әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарын, міндеттерін, нәтижелерінің нысаналы индикаторларын айқындауға, шаралар кешенін жоспарлауға және айқындауға практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтиды.
Защита практики
Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Защита практики
Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.